Реферат (БӨЖ)
Эпзс-13
Ибасова Фируза
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — ҚытайдыңШи-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған. Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомали, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Java-Индонезия, және Вьетнам елдері арқылы, ақыры Қытайға келіп жетеді. Жер бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті жолдары көк түспен көрсетілген.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал, елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км асады.
Ерте кездегі «Жібек жолы» Шыңжаңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.
7 ғасыр кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыр басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:
Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.
Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шыңжаңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материалдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Ислам діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-түйіс адамзаттың материалдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.
Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжыға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шауғар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері
Ұлы Дала төсінде өркендеген Алтын Орда өркениетінің адамзат тарихындағы орны, түркі халықтарының тілі мен дініндегі, әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызы, сондай-ақ кейінгі дәуірлерде тарих сахнасында бой көрсеткен хандықтар, әмірліктерге тигізген ықпалы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Алтын Орда өркениеті: әдеби мұра және дәстүр жалғастығы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми онлайн конференцияға арқау болды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған негізгі ойлар мен Президент Қ.К.Тоқаевтың «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында: «Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қарсаңында бастау керектігін» мақсат еткен ғылыми жиынға Түркия, Өзбекстан, Татарстан мен Қазақстанның Жошы ұлысын зерттеп жүрген тілшілері, тарихшылар, әдебиеттанушылар, дінтанушылар, ЖОО ұстаздары, докторанттары мен магистранттары қатысты.
Ғылыми жиын қатысушылары Алтын Орда тұсында жазылған әдеби жәдігерлер мен рухани мұралардың бүгінгі түркі халықтарының руханиятындағы орны, қолжазбалардың хал-жағдайы, олардың зерттелуі мен алда атқарылар мәселелер, әсіресе түркі елдерінің интеграциясы жолында ортағасырлық түркі жазба ескерткіштерінің соның ішінде Алтын Орда жазба жәдігерлерінің маңыздылығына назар аударды.
Іс-шара барысында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы К.Матыжанов Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен Ұлық ұлыс – Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар аясында ұйымдастырылған конференцияны өткізу тарихымыздың тереңде жатқандығын насихаттауға, Алтын Орда мен көне түркілер арасындағы сабақтастықты зерттеуге, Алтын Ордадан бастау алған қазақ хандығының тарихын жас ұрпаққа үйретуге жол ашуға түрткі болатындығымен байланысты деп атап өтті.
Осы жиында сөз алған Өзбекстан ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Насимхан Рахмонов «Алтын Орда әдеби кеңістігінің өзіне тән ерекшеліктері» баяндамасында Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген жазба жәдігерлердің жанрлық ерекшеліктері, генезисі, идея-мазмұнына кеңірек тоқталып, бүгінгі әдебиеттің даму барысымен салыстырып өтсе, Ыстанбұл университетінің профессоры, доктор Абид Назар Махдум «Алтын Орда дәуіріндегі түрік әдебиетіндегі діни және сопылық ұғымның негіздеріне, қолданылуына және кейінгі дәуірлерге әсерін шолу» еңбегінде Алтын Орда тұсында жазылған діни-танымдық, діни-дидактикалық және діни-сопылық әдебиеттің бастаулары мен кейінгі дәуірлердегі әдеби шығармаларға әсері туралы кеңірек тоқталды.
А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбек Алтын Орданың мемлекеттік құрылымына Ясауи ілімінің әсері, сол тұстағы діни-әлеуметтік мәселелер туралы «Ясауи жолының Алтын Орданың мемлекеттік жүйесіне ықпалы» баяндамасында арқау етсе, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ежелгі дәуір әдебиеті және түркология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төрәлі Қыдыр Алтын Орда тұсында жазылған әдеби жәдігерлерді зерттеудегі негізгі мәселелерге тоқталып, алдағы атқарылар мәселелер мен сол заманда жазылған мәдени ескерткіштерді ұлттық құндылықтар негізінде зерделеудің маңыздылығын атап өтті.
Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Г.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының жоғары ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Азат Ахунов Құтбтың «Хұсрау-Шырын» поэмасындағы тарихи және әдеби синтез: Әт-Табаридің «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы» контексі негізінде» баяндамасы арқылы Алтын Орда тұсында жазылған Құтбтың «Хұсрау-Шырын» дастанының жазылу тарихына үңіліп, ондағы сюжеттер мен образдардың қалыптасуындағы Әт-Табаридің «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы» еңбегінің әсеріне, Алтын Орда ханы Жәнібек пен ақын Құтб арасындағы байланыстарға ерекше назар аударды. Ал Анкара университетінің профессоры, доктор Абдулла Гундоғдының «Жошы ұлысының түркі әлеміндегі ортақ мұрасына шолу» баяндамасы Алтын Орда мемлекетінің бір кездері алып империя болғандығын, көршілес елдермен сауда-саттық, экономикалық және саяси-дипломатиялық қарым-қатынас орнатқандығы, Осман империясының тарих сахнасына шығуындағы Жошы ұлысының рөлі турасында өрбіді.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Алымжан Хамраев «Рабғұзи және қазақы мифтік сана» баяндамасында Алтын Орда тұсында жазылған Бурһануддин Рабғұзидің «Қиссасул-әнбия» еңбегіндегі аңыз-әпсаналар, хикая-дастандарға тоқталды. Бүгінгі қазақ мифтерінің Рабғұзидің шығармасындағы көрінісі, түркілік наным-сенімдер хақында сөз қозғаса, Нұр-Мүбәрак Ислам мәдениеті университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Шәмшидин Керім «Алтын Орда және Ислам» тақырыбындағы баяндамасына ХІІІ-ХV ғасырлардағы ислами құндылықтарға тоқталып, Берке ханның Исламды қабылдап, Алтын Ордада мемлекеттік дін ретінде жариялағанын, содан дәстүрлі Исламның негіздері қалыптасқандығын арқау етті.
Ал Алтын Орда жәдігерлерінің зерттелу тарихы, сол дәуірдің жазба мұраларын зерттеуде қазақ ғалымдарының қосқан үлесі және бүгінгі жас ғалымдардың осы саладағы орны туралы SILKWAY Халықаралық университеті Түркология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сейсенбай Құдасов «Алтын Орда жазба ескерткіштерінің Қазақстанда зерттелуі» баяндамасында атап өтті. Оның сөзін жалғаған Абай атындағы ҚазҰПУ Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының доценті Ерғали Есбосынов «Ахмет Жафероғлу – мәмлүк-қыпшақ жазба ескерткіштерінің зерттеушісі» баяндамасында қыпшақ тіліндегі жазба жәдігерлерді зерттеудегі Ахмет Жафероғлұның тәжірибесін алға тартып, бүгінгі докторанттар мен магистранттарға ғылыми тақырып беруде Алтын Орда тұсындағы ескерткіштерге назар аударуды, соның нәтижесінде болашақ түркітанушыларды қалыптастыру жағына назар аударса, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің деканы Меңдігүл Ноғайбаева ХІV-XV ғасырлардағы Алтын Орданың ру-тайпалық құрамының ерекшеліктеріне тоқталды. Ал Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Ақжігіт Әлібекұлы Алтын Орда мен Мысыр арасындағы мәдени-әдеби байланыстар жайында сөз қозғады.
Келелі ойлар мен терең зерттеулерді арқау еткен жиында ғалымдар бұл жұмыстардың әлі де көптеген басқосуларға арқау болатындығын назарға алды. Осы орайда «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан бірнеше жобаның қолға алынғандығын айта кеткен абзал. «Ұлы дала жауһарлары» сериясымен биыл жарық көретін «Ежелгі дәуір әдебиетінің» 2-3-томдары қарахандықтар мен Алтын Орда тұсында жазылған жазба жәдігерлерге арналатын болса, Алтын Орда ескерткіштерін зерттеу бойынша шетел ғалымдарымен бірлескен жобалар да дайындық үстінде. Онлайн-конференцияда алдағы жобаларды жоспарлау, ғылыми негіздеу жағы да пысықталды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қарахан дәуірінде (XIIғ.) тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл кесене Түркістанда түркі халықтарының тәу ететін орталығы болған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді. Бұл кесене - халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туындылардың бірі. Сонымен бірге Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан жеріндегі ірі қалалардың атқарған рөлі, көршілес елдермен байланыс жасауға қолайлылығы мен орналасу ерекшелігіне қысқаша мағлұматтар беріледі.