Елбасы елдің тірегі



Дата25.04.2022
өлшемі18,52 Kb.
#32191
Байланысты:
эссе елбасы (копия)

Елбасы – елдің тірегі



Еліміз Тәуелсіздік  алғаннан бері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында тұңғыш елбасы болды. Елбасымыздың арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылды.Елбасының бастауымен менің елім  әлемге танылды. Елімнің елдігін көрсетіп, елдігін танытқан да осы елбасым.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті.Ол-талантты тұлға өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат.Оның еліне жеріне деген махаббатын естімеу, көрмеу мүмкін емес.Біз оны елбасымызды әрбір ісінен,сөйлеген сөзінен, халыққа жолдаған жолдауынан білеміз.Қазақстанды тәуелсіз елдер қатарына  қосып, қажырлылық пен жұмыс жасау арқылы еліміз  ең үздік елу мемлекеттің қатарына кірді.Қазақ халқының атын әлемге танытқан алаш баласының абыройын асқақтатқан тұлға-Елбасы. Мемлекет басқару – бұл өте қиын іс мәртебелі міндет.Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш- жігерін жұмсайды.Қазақстаның әр облыс орталықтарына,қала,аудандарына барып халықпен кездеседі.Елбасымыз жастарға көп көніл бөледі, олардың тілектерін тыңдап, жастар  мәселелерін шешеді.Елбасымыздың игі істерінің бірі- мемлекетіміздің Тәуелсіздігі.Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көркейіп, Астанамыз гүлденуде.Біздің елде тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір – бірімен тату – тәтті тұрады.
Ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздіктің 30 жылдығын да тойлауда. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.Тәуелсіздік ата- бабаларымыз аңсаған арман! Сол арман елбасымыздың жігерлі еңбегі арқасында орындалды. Осы 30 жылда Қазақстан әлем сахынасында мақтанарлықтай беделге ие. Мемлекетіміз осындай аз уақыт ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің аяғына нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету экономикамыздың жедел қарқынымен дамуы- қазіргі таңдағы стратегиялық бағыттар елбасымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтежиесі.

Қазақстанға қазіргі таңда бейбіт-шіліктің ақ құсының қонғаны-Елба-сымыздың сындарлы еңбегінің арқасы. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық болмысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар-намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде халық жаза басып, жаңылған жоқ еді. Президентіміздің Қазақстан халқының әл-ауқатын, ел экономикасын жақсартып, елдің тыныштығын сақтаудағы істері орасан зор.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген, біліктілігі мен ұйымдасты-рушылық тума таланты Қазақстан мемлекетінің гүлденіп, өркендеуіне жол ашқаны, Астана қаласының көрік-келбеті айғақ. Тарихи тәлімнен сабақ ала білген Елбасымыздың даналығында да өткенмен сабақтастық тұнып тұр. Тәуелсіздігімізді ала сала, Сарыарқа төрінен ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру - тұңғыш Президентіміздің кемеңгерлігі, парасаттылығы. Тарихтың тағдыр-талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан жайында жылы сөздер айтпау мүмкін емес.
«Атаң тартқан ауыр жүк мойныңызға артылды,
Түсінген жан едіңіз дәстүрім мен салтымды.
Бір Алла өзі жар болсын,
Бастай бер, баста халқыңды!»,- деп ақын ағаларымыз айтқандай, Елбасымыздың өмірі мен қызметі елі мен жеріне, оның болашақ дамуына арналған. Осы жолда қойдай қоңыр халқыңызды от пен суға түсірмей, алға бастай беріңіз! Біз сізді мақтан тұтамыз, Елбасы! 
Асқақ тұлға, алысқа көз тастаған,

Ғазиз жұртын тура жолға бастаған.

Ен даланың топырағынан нəр алып,

Дүйім елін құштарлықпен басқарған –

Сан ғасырлық тарихы бар қазақтың,

Сіздей ұлы болғанына мақтанам!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет