денсаулықты нығайту, шынықтыру, жеке гигиена дағдыларын, қызмет көрсету стандарттарын және қоғамдық пайдалы еңбекке баулу;
қызықты және танымдық бос уақытты ұйымдастыру;
туған өлкенің тарихы мен табиғатын зерделеу;
туристік-спорттық шеберлікті арттыру;
экологиялық мінез-құлыққа және табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Түрлері
Туристік саяхаттар
Туристік сапарлар
Туристік экскурсиялар
Бағдарлама қатысушыларына туристік сапарлар және (немесе) өз отбасымен, сыныбымен (сынып жетекшісімен бірге) өзінің жергілікті жері бойынша саяхат жасау немесе бүкіл Қазақстан бойынша танымал орындар мен көрнекі жерлерге бару ұсынылады.