Қола деңгейден өту үшін қатысушы жаяу 2 (екі) күн және 1 (бір) түн, Күміс деңгей үшін – 3 (үш) күн және 2 (екі) түн, Алтын деңгей үшін – 4 (төрт) күн және 3 (үш) түн туристік сапарлар және (немесе) экскурсиялар жасауы қажет.
Әрбір жасалған сапардан және (немесе) экскурсиядан кейін қатысушы сапар қорытындысы бойынша есеп беріп, өзінің жеке кабинетіне фотосуреттерді (8-ден 10 фотосуретке дейін), бейнематериалдарды (3-тен 5 минутқа дейін видео) қоса салуы қажет.
Бейнематериалда қатысушы мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс (видеода қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде сөйлеуге болады):
● Сіз қай өңірдесіз/аймақтасыз?
● Осы өңірдің ерекшеліктері қандай?
● Туризм болашағында осы жер несімен тартымды болуы мүмкін (туристік тұрғыда қызықты болуы мүмкін жер туралы бірнеше фактілер)?
● Осы орынға барған кезде қандай эмоцияда болып, қандай күй кештіңіз?
● Сіз өздігінше өмір сүрудің қандай дағдыларын қолдандыңыз/білдіңіз?
Қатысушының есептерін қарағаннан кейін арнайы комиссия оның деңгейді аяқтағаны немесе аяқтамағаны туралы шешім қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |