«елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелеік нұСҚаулық



бет7/28
Дата07.01.2022
өлшемі249 Kb.
#20751
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
25 Әдістемелік нұсқаулық

Бағдарламаның мақсаты


Қиындықтарды жеңуге, әртүрлі салаларда өздерін ұдайы дамытуға, басқаларға қамқорлық жасауға, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері


- Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік маңызы бар қызметпен айналысуға ынталандыру;

- салауатты өмір салтын қалыптастырып, шығармашылық жолында даму үшін қойылған мақсаттарға жетуге жағдай жасау;

- эмпатия сезіміне баулу және эмоциялық интеллектті дамыту.

Бағдарламаның негізгі қағидаттары


Бағдарлама қатысушыны тиісті деңгейден саналы түрде өтуге және Бағдарлама аяқталғаннан кейін алынған дағдыларды сақтауға бағыттайтын қағидаттарға негізделген.

Бағдарламаның негізгі қағидаттары:



  1. Бағдарламаны іске асырудағы бейтараптық пен әділдік;

  2. Қатысушының жасына сәйкес Бағдарлама деңгейін таңдаудағы және қатысушының жеке мүддесіне, қабілетіне, қалауына, сондай-ақ, оның өмір сүру шарттары мен жағдайларына негізделген Бағдарламаның жеке жоспарын әзірлеудегі дербестік;

  3. Жеке жетістіктерге бағыт алу: үздік белгіні алу – бұл басқа қатысушылармен жарысу емес, қатысушының жеке міндеті;

  4. Қатысу еркіндігі. Тиісті деңгейдегі үздік белгіні Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі кез келген қатысушының қабілетіне, жынысына, шығу тегіне немесе тұратын жеріне қарамастан алуға болады;

  5. Уақыт. Бағдарлама деңгейін таңдаған кезде қатысушылар өзінің бос уақытының қажетті санын бөліп, Бағдарлама деңгейінен өту үшін қажетті іс-әрекеттерді жасауы тиіс. Бағдарламаның деңгейін арттыруға байланысты қатысушылар деңгейден өту үшін көп уақыт пен күш жұмсайды деп күтілуде;

  6. Қатысушыларды дамыту. Бағдарламаға қатысу қатысушыға құнды тәжірибе мен өмірлік дағдыларды алу арқылы жеке басының өсуіне ықпал етеді;

  7. Бағдарлама қатысушыларының мақсатқа талпынысы. Бағдарлама қатысушыларына өз міндеттері мен мақсаттарын нақты және орынды белгілеу, оларға қол жеткізуге барынша күш салу ұсынылады.



Спорт және

дене шынықтыру



Басты ұран: «Закаляй тело!» / «Денеңді шынықтыр!»

Ұран: «В здоровом теле – здоровый дух!» / «Тәні саудың - жаны сау!»




Салауатты өмір салтын қалыптастырады, дене және психикалық денсаулықты нығайтады, ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді

Дарындар мен дағдылар

Басты ұран: «Развивай таланты!» / «Дарыныңды дамыт!»


Қатысушыларға өз бағытын табуға, өз дарынын дамытуға, қабілеттерін кеңейтуге, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кітап оқу

Басты ұран: «Больше читай и вникай!» / «Кітапты оқы да тоқы!»

Ұран: «Today is a reader, tomorrow is a leader!» / «Бүгінгі кiтап оқушы – ертеңгі көшбасшы!»




Ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, әлемнің тұтас бейнесін қалыптастырады (дүние таным), мейірімділікке, жомарттыққа және қамқорлық жасауға үйретеді

Ұлттық мұра

Басты ұран: «Береги родную культуру!» / «Ұлттық мұраны сақта!»


Ұрпақтар арасындағы бірегейлік пен байланысты нығайтып, ұлттық мәдениет және салт-дәстүрмен таныстырады

Еріктілік

Басты ұран: «Помогай нуждающимся» / «мұқтажға көмектес!»


Эмоциялық зерде мен «softskills-ті» дамытады, әлеуметтік байланыстарды нығайтады, патриотизмді дамытады, әлеуметтік капитал, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді

Туристік сапарлар

Басты ұран: «Познавай мир!» / «Әлемді аш!»


Өзін нақты жағдайда сынап көруге, өзі үшін күтпеген оқиғалардың сырын ашуға, туған өлкенің тарихы мен табиғатын зерделеуге, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері бойынша өз білімін нақты жағдайда қолдануға мүмкіндік береді

Еңбек тәжірибесі

Басты ұран: «Трудись!» / «Еңбек жаса!»


Еңбек әдетін қалыптастырады, мақсатқа жетуде табандылыққа үйретеді, өз таңдауын анықтауға, кәсіптің бастапқы дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді

Бағдарлама 7 (жеті) қызмет бағытын қамтиды:



  1. Спорт және дене шынықтыру — спорт секцияларында және (немесе) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, өз бетінше әртүрлі спорт түрлерімен айналысу;

  2. Дарындар мен дағдылар — әлеуметтік және практикалық дағдыларды дамытуға, үйірмелерге, курстарға, тренингтерге, практикумдарға қатысу арқылы дарынын ашуға, зияткерлік, шығармашылық, ғылыми-техникалық конкурстарға, олимпиадаларға, көрмелерге, жарыстарға қатысуға және өз бетінше оқуға бағытталған бағыт;

  3. Үш бөлім бойынша ұсынылған әдебиеттер тізбесінен кітап оқу: «Қазақ әдебиетінің алтын қоры», «Әлем әдебиетінің алтын қоры», «Тұлғалық өсу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер»;

  4. Ұлттық мұра — ұлттық спорт түрлерімен айналысу, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер бойынша дарындар мен дағдыларды дамыту немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен бір кітапты қосымша оқу. Осы бағыт бойынша қатысушының ұлттық ерекшеліктеріне және (немесе) қалауына орай бейімдеуге болады. Қатысушы алғашқы үш бағыттың («Спорт және дене шынықтыру», «Дарындар мен дағдылар», «Кітап оқу») ішінде «Ұлттық мұра» бағытын таңдай алады немесе оны сол бағыттармен біріктіре алады;

  5. Еріктілік – мұқтаждарға, қоршаған ортаға және жануарларға тегін қызмет көрсетуге және азаматтық борыштың басқа да түрлері арқылы көмек көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;

  6. Туристік сапарлар — туған өлкені зерттеуге және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған экскурсиялар;

  7. Еңбек тәжірибесі — нақты өндіріс жағдайында әртүрлі кәсіпорындарда және кез-келген салада еңбек дағдыларын меңгеру.

● Бағдарламаның үш деңгейі бар:

Қола деңгей — Қатысушылардың жасы 14 жастан бастап, ұзақтығы 6 (алты) ай;

Күміс деңгей — Қатысушылардың жасы 15 жастан бастап, ұзақтығы 12 (он екі) ай;

Алтын деңгей — Қатысушылардың жасы 16 және одан жоғары, ұзақтығы 18 (он сегіз) ай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет