Алтын деңгей 16 (он алты) жастан бастап, қатысушыларға арналған және бағыттардың ұзақтығы мен көлемі бойынша мынадай талаптарды қамтиды:
«Спорт және дене шынықтыру» бағыты бойынша — қатысушының таңдауы бойынша 6 (алты) ай немесе 9 (тоғыз) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат спортпен шұғылдану;
«Дарындар мен дағдылар» бағыты бойынша — қатысушының таңдауы бойынша 6 (алты) ай немесе 9 (тоғыз) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағаттық іс-шараларға (семинар, тренинг және т.с.с) қатысу;
Бұл ретте, егер қатысушы 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген бағыттардың бірі үшін 6 (алты) ай ұзақтықты таңдаса, онда басқа бағыт үшін ол 9 (тоғыз) айды таңдауы тиіс немесе керісінше;
«Кітап оқу» бағыты бойынша — барлық 3 (үш) бөлімнен кемінде 9 (тоғыз) кітап оқу;
«Ұлттық мұра» бағыты бойынша — 6 (алты) ай немесе 9 (тоғыз) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат ұлттық спорт/өнермен айналысу немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша 1 (бір) кітап оқу;
«Еріктілік» бағыты бойынша — 1 (бір) жыл бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат мұқтаж жандарға ерікті түрде көмек көрсету;
«Туристік сапарлар» бағыты бойынша — ұзақтығы 4 (төрт) күн және 3 (үш) түн болатын экскурсиялар және (немесе) экспедициялар жасау;
«Еңбек тәжірибесі» бағыты бойынша — жалпы ұзақтығы кемінде 5 (бес) күн болатын тағылымдама, тәжірибе және еңбек дағдыларын игерудің өзге де тәсілдері. (Еңбек тәжірибесі он алты жасқа толған қатысушыларға орындауға міндетті болып табылады).
Алтын деңгей
Деңгейдің ұзақтығы 18 ай
Бағыттар
ұзақтығы / талаптар
Спорт және
дене шынықтыру
6 ай/26 апта немесе 9 ай/39апта
Дарындар мен дағдылар
6 ай/26 апта немесе 9 ай/39апта
Кітап оқу
3 кітап - «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен
3 кітап - «Әлем әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен
3 кітап - «Тұлғалық өсу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер» бөлімінен
Ұлттық мұра
6 ай/26 апта немесе 9 ай/39апта немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша 1 (бір) кітап оқу
Еріктілік
12 ай /52 апта
Туристік сапарлар
4 күн және 3 түн
Еңбек тәжірибесі
он алты жасқа толған қатысушыларға орындауға міндетті болып табылады
Тікелей қатысу
Күміс деңгейден өтпеген қатысушылар мынадай сабақтардың бірінде қосымша 6 айдан өтуі тиіс: спорт және дене шынықтыру, дарындар мен дағдылар, ұлттық мұра немесе еріктілік
*** Алтын деңгейге қосымша талап — «Еңбек тәжірибесі» 5 күн