31 а тар, 2015 жыл
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТАПСЫРМА МЕН ТАЛАП
www.akjolgazet.kz
Сəулембай ƏБСАДЫҚҰЛЫ,
«Ақ жол».
(Соңы. Басы 1-бетте).
О с ы т а қ ы л е т т е с с ауа л д а р ғ а ж ауап
іздегенімізде ең алдымен аталмыш компания
туралы оқырмандарымызға біраз мағлұмат
беруді жөн көрдік. Компанияның бұқаралық
ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі
орталықтың бізге берген мəліметіне қарағанда
кəсіпорын минералдық-тыңайтқыштың бірнеше
түрін өндіруден Еуропадағы үштіктің қатарынан
ойып орын алса, əлемдік нарықта ондықтың
ішінде. Ресей мен Еуропадағы минералдық
тыңайтқыштарды өндіретін кəсіпорындардың
логистикалық компаниялар мен дистрибьютерлік
желілерін біріктіретін ірі холдинг те саналады.
Алып компанияның негізінен өндіретін
өнімдері: азоттық тыңайтқыштар (аммиак,
карбамид, аммиакты селитра, карбамитті-азоттық
қосындылар, кальцилендірілген селитра),
фосфорлық тыңайтқыштар (миноаммоний
ф о с ф ат, д и а м м о н и й ф о с ф ат ) , ке ш е н д і
тыңайтқыштар(азотты-фосфорлы-калийлі),
жемдік фосфаттар, сонымен бірге апатитті, темір
кенді жəне бадделитті қоспалары.
2015 жылдың 1 қаңтарына дейінгі өнім
өндірудің жылдық орташа мөлшері де осал
көрінбейді. Жыл сайын 10 миллион тонна
азотты жəне кешенді тыңайтқыштар, 2 миллион
тонна апатитті қоспалар, 5,7 миллион тонна
теміркенді қоспа, 1 миллиард текше метр газ
өндіріп келіпті. Холдингтің өнімін əлемнің 60
елі тұтынады, мұның ішінде тыңайтқыштың
30 пайызы Ресей нарығына шығарылады.
Біріктірілген кəсіпорындарда 20 мыңнан аса адам
еңбек етеді. Соңғы жылдары химияның көкжиегін
кеңейту мақсатында компания өз инвестициясын
Қазақстан Республикасы аумағындағы Қаратау
бассейніне салуда.
Оның да себебі жоқ емес. Ресейге бұл өңірдің
сапалы кен орындары бұрыннан да белгілі əрі
біраз жыл кенді ашық əдіспен алуға ыңғайлы, ең
бастысы, бірлесе еңбек ету биылғы 1 қаңтардан
бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық
одақтың «ойын ережесіне» лайықталған тиімді
жобаның бірі.
ҮШ КЕЗЕҢГЕ БЕЛГІЛЕНГЕН
ІРІ ЖОБА
Сонау 2010 жылдан бастап Қаратау кеніне
көз тіккен «Еурохим» минералды-тыңайтқыштар
компаниясының ашық акционерлік қоғамы мен
Қазақстан Үкіметі арасында 2012 жылдың 17
қаңтары күні «Минералды тыңайтқыштарды
шығаратын зауыттың құрылысының жобасын
жəне Қаратау фосфориттік бассейніндегі Көк-
Жон мен Гиммельфарб кен орындарын игеру
жөніндегі» №4119 келісімге сəйкес алдын-ала
болжам бойынша алып жобаға 356,5 миллиард
теңгені құрайтын, жылдық қуаты 1 миллион тонна
фосфорлы, азотты жəне кешенді минералдық
тыңайтқыштар шығаратын өндіріс салуға
уағдаласты.
Келісім нақтыланып, сол жылдың 24 мамыры
күні ҚР Индустрия жəне жаңа технологиялар
министрлігі мен «Еурохим» компаниясы арасында
«Кешенді минералдық тыңайтқыштар шығаратын
зауыттың құрылысын бастау үшін қажетті
құжаттарды жасау» бойынша іс жоспарларға
қол қойылды.
Тағы бір ескеретін нəрсе: жобаның Елбасының
сол жылғы 27 қаңтар күнгі Қазақстан халқына
Жолдауында басым бағыт берілген Жалпы
Ұлттық жоспардың 37 пунктіне негізделгенін де
атап көрсеткеніміз жөн. Жобаны жүзеге асырудың
нақты іс-шарасы бойынша ол ІІІ кезеңге бөлінді.
Бірінші кезеңде 2012 жылғы ІІІ тоқсаны мен
2014 жылдың ІV тоқсаны аралығында Жаңатас
қаласында тау кен өндірісінің құрылысын бастап,
Аралтөбе кен орнынан өндірістік алаңдарын
салу, сөйтіп жылына 600 мың тонна фосфор
ұнын өндіруге мүмкіндік жасау жобасы жүзеге
асуы тиіс еді.
Аталмыш жоба мезгілінде жүзеге асты.
Ол туралы өткен жылы Аралтөбе кенішіне
барып, газетімізге жазған болатынбыз. І
кезеңге 97 миллион АҚШ долларын жұмсау
қарастырылғанын да айта кеткеніміз жөн.
Екінші кезең аралығында (2013-2018 жж.)
жылына 1500 мың тонна кен-минералдық
шикізатты өңдейтін құрылыс кешенін салу. Бұл
жобаға 925 миллион АҚШ доллары жұмсалмақ.
Жоба толық жүзеге асқан жағдайда жылына 1
миллион тонна тауарлы өнім өңделіп, сатылмақ.
Ендігі бір аса үлкен жоба – Қаратау
қаласындағы бұрынғы «Сарытас» кəсіпорнының
нысанын қайтадан күрделі жөндеу арқылы
жылына 1 миллион тонна минералдық тыңайтқыш
өндіретін қуатты зауытқа айналдыру. Оған 950
миллион АҚШ доллары жұмсалмақ.
АСТЫҚТЫ АЙМАҚТАР
ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ҚҰТЫЛАДЫ
– Оның тиімділігі айтпаса да белгілі, –
дейді «Еурохим-Тыңайтқыш» ЖШС-ның бас
директоры И.Георгиади, – біріншіден, Қаратау
фосфор бассейнінің шикізат базасын игерудің
жаңа көкжиегі ашылады, екіншіден, оңтүстік
өңірдің өндірістік əлеуеті артады, үшіншіден,
экономикалық-əлеуметтік дамуы жеделдеп,
жаңа жұмыс орындары ашылады, төртіншіден,
Қазақстанның барлық астықты аймақтары
шетелдік тəуелділіктен құтылып, өзінің арзан
əрі сапалы минералдық тыңайтқыштарын тұтына
алады, бесіншіден, өнімді сыртқа саудалап, салық
түсімін молайтады, ең бастысы – Ресей, Қазақстан,
Беларусь мемлекеттерінің арақатынасы мейлінше
нығая түспек.
Серіктестіктің басшысы соңғы екі жыл ішінде
белгіленген жоспарлардың кезең-кезеңімен жүзеге
асырылып келе жатқандығынан хабардар етті.
Бүгінгі таңға дейін бекітілген жобаға сəйкес жүзеге
асқан шаралардың ең маңыздысы (Жол картасы)
бойынша: «Көк-Жон» мен «Гиммельфарб»
кен орындарын игерудің жобалары бекітілді,
жер қойнауын пайдалану туралы шартқа қол
қойылды. «Сарытас» зауытының техникалық
құралдарының жай-күйіне тексеру жүргізіліп,
оның минералдық тыңайтқыш өндіретін
əлеуетінің жобасы негізделді, Францияның
«TECHNIP» компаниясының көмегімен химиялық
өңдеудің технологиясын зерттеуі жүргізіліп, оны
өндіріске енгізудің
жолы қарастырылды,
кен өндіруге қатысты
з е р т х а н а л ы қ
т е к с е р у л е р
ж а с а л ы н ы п ,
сынамалары алынды.
Түйіндеп айтқанда
Химиялық кешеннің басты
жобалаушысы анықталып,
о н ы м е н к е л і с і м ж а с ауд ы ң
арқасында, түптің түбінде сапалы өнім
алуға нақты қадам жасалынғанын білдік.
АТҚАРЫЛАТЫН ШАРУА КӨП
2013 жылдың төртінші тоқсанында Сарысу
ауданына қарасты «Көк-Жон» кен орнында алып
техникалардың күшімен бұрғылау-қопару, кен
өндіру жұмыстары басталып кетті. Сол жылы-ақ
5 мың тонна кен өндірілді, ол үшін 239191 текше
метр тау-кен жынысы тасымалданды. Өткен
жылдың қараша айына дейін тасылған 817 мың
текше метр тау-кен жынысының 612100 текше
метрі доломит.
Аралтөбедегі кен орнын аршып, кен дайындау
туралы, ондағы алып техника, олардың ішіндегі
(САТ-773/53 тонналық) гидравликалық
экскаваторы. РС-1250 (шөмішінің көлемі 6,5
текше метрі) экскаваторы, 2 дана шынжыр
табанды, күрегінің көлемі 13,5 шаршы метрлік
бульдозорды тағы басқа қуатты техника таңдай
қақтырады. 70 тонна салмақ көтеретін кран
да сонда, 7 кен таситын машина да жұмысқа
жегілуде.
Аз уақыт ішінде Аралтөбеден АТК-модульдік
зауыттық типтегі ғимарат та, 50 адамдық
модульдік əкімшілік жəйі мен кен қоспаларын
сақтайтын қоймаларды салу жүзеге асырылды.
Сол маңға қарай жер астымен жоғары кернеулі
электр жарығы тартылды. Жыл соңына қарай
əкімшілік, тұрмыстық кешеннің құрылысы
аяқталған екен, Аралтөбеден «Гиммельфарбқа»
қарай екі машина қатар сиятын тас жол да
салынып біткен əрі Жаңатас маңынан жоғары
кернеулі қуат көзі де жеткізіліпті.
Енді бар күш Кесіктөбе (Гиммельфарб)
біріктірілген алаңына жұмылдырылған. Мұнда
бірқатар мердігерлік кəсіпорындар таудың алапат
аязына қарамай құрылыс-монтаж жұмыстарын
жалғастыруда. Жыл соңында өнеркəсіптік
ішуге жарамды жəне өндіріске пайдаланылатын
су сорабы стансасының құрылысы басталып
кеткен. Су – Бүркітті су көзінен алынбақ. 110
киловаттық электр желісін іске қосу үшін бағана
тартылған. Оған қоса кенді ұнтақтау-майдалау,
құрғақ ұнтақты сақтау, дайын өнімді тасымалдау
желісі сияқты жұмыстар да жүзеге асырылуда.
Жақын арада темір жол стансасы арқылы
жанар-жағармайды тасымалдаудың құрылыс
жұмыстары басталмақ.
Алып жобаға жұмсалатын қаражаттың
көлемі де қомақты. Ол туралы кезең-кезеңге
жұмсалатын қаржының шамасы белгілі. Өткен
жылы 131,2 миллион АҚШ доллары жұмсалды.
Тарқатыңқырап айтсақ, 88,5 миллион доллары
тау-кен кешенін салуға, 27,7 миллион доллары
химия кешеніне, 15 миллион доллары əлеуметтік
инфрақұрылым жəне
ү й д і ж а й л а с т ы р у ғ а
жұмсалыпты.
Ə л е у м е т т і к с а л а
демекші, серіктестіктің
ж е р
қ ы р т ы с ы н
пайдаланғаны үшін Қаратау
жəне Жаңат ас қа ла лары
мен бірқатар елді мекендердің
инфрақұрылымын жақсартуға
жыл сайын 5 миллион доллар қаржы
жұмсап келеді. Бүгінгі таңда 15 миллион қаржы
сол мақсатқа аударылып, облыс əкімдігінің
келісімімен жоспарланған нысандарға жұмсалып
отыр. Əкімшіліктен тағы бір білгеніміз,
Жаңатас қаласынан 60 пəтерлік тұрғын үй
сатылып алынып, ол жақын арада серіктестік
жұмысшыларына берілмекші көрінеді.
С а р ы су ауд а н ы н ы ң э ко н ом и ка л ы қ -
əлеуметтік дамуын одан əрі нығайту мақсатында
компанияның Қазақстан Ре спубликасы
Үкіметімен келісіміне сəйкес бірігіп «Жаңатас-
Түркістан» темір жолына инвестиция салу
туралы да жақсы жобаның жүзеге асуын
аудан халқы асыға күтіп отыр. Жаңа жұмыс
орны демекші, жоба жүзеге асқан шамада
кəсіпорында 2 мың адам тұрақты еңбек етуге
қол жеткізеді. Бүгінгі таңда компанияға қарасты
«Еурохим-Тыңайтқыш», «Еурохим-Қаратау»
жəне «Сарытас» ЖШС-да 250 адам штатты
айлық алып отыр. Одан тыс жобаны жүзеге
асыруға келісімге келген 8 ірі кəсіпорында 350
адам тұрақты жұмыс атқаруда. Олардың дені
қазақстандық мердігерлік ұйымдар. Араларында
«Қазхиммонтаж» холдинг», «Бином» ЖШС
сияқты өңіріміздің кəсіпорындары да бар.
Компанияның жұмысына сараптама жасау
барысында есігімізді қаққан 2015 жылы қандай
күрделі жұмыстар атқарылатынын да сұрап
білдік.
– Биылғы жылы жобаның ІІ-ІІІ кезеңдерін
жүзеге асыру бағытында, – деді бас директор
И.Георгиади, – химиялық кешеннің жобалау
жұмыстарын аяқтап, мемлекеттік сараптаманың
қорытындысын алу, Химия кешенінің жобаларын
жүзеге асыра беру, ол үшін Химия кешенінің
орнын да нақтылап – тікелей жұмысты бастау,
сондай-ақ, құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге
сатып алып, пайдаланудың сұрақтарын шешу бар.
Бас директорға əлемдік экономикалық
дағдарыс пен батыс елдерінің Ресейге қарсы
санкциялары Химия кешенінің құрылысы
мен өнім өндіруіне əсері жоқ па, деп сауал
қойғанымызда:
– Біз əзірге құрылыс-монтаж жұмыстарымен
айналысудамыз. Ал дағдарыстар өтеді де
кетеді. Оның үстіне химия өнімдерінің негізгі
тұтынушылары: Ресей, Беларусь жəне Қазақстан
екендігін ескерсек, алаңдайтын еш нəрсе жоқ.
Жəне де дайындаған кен нарықта қай кезде де
өтімді, тұтынушысын табатыны анық, – деген
жауап алдық.
Бір сөзбен айтқанда «ЕуроХим» минералды-
тыңайтқыш компаниясы əлемдік нарықтағы өз
орнын тауып, дағдарыстан қиналмай өтудің
жолдарын қарастырып қойған.
Қаратау-Жаңатас-Қаратау.
ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Басқарманың қызметі облыс тұтынушыларын
үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету
мақсатында ұзақ мерзімді жүйелік шешімдерді
іске асыруға бағытталғанын ескерсек, алдымызда
үлкен жауапкершілікпен атқаратын жұмыс бар.
Былтырдан бері біз электр энергетикасы саласында
1 миллиард теңгеден астам қаржыға 3 ауқымды
жобаны жүзеге асырудамыз. Оның екеуі «Бизнестің
жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Қаратау
қаласындағы натрий цианидін өндіретін зауытқа
110/ 35/ 10 киловаттық қосалқы стансасы мен
ұзындығы 10,44 шақырым болатын 110 киловаттық
электр желісінің құрылысы жүргізіліп, аяқталуға
жақын. Т.Рысқұлов ауданының «Шеңгер»
учаскесінде орналасқан 4 шаруа қожалығына
ұзындығы 11,362 шақырым құрайтын 10 киловаттық
электр желісінің құрылысы аяқталып, пайдалануға
берілді. Сондай-ақ, Т.Рысқұлов ауданындағы
«Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің ауыл шаруашылығы дақылдарын
жаңбырлатып суару үшін ұңғыларын бұрғылауға
республикалық жəне жергілікті қазынадан 193 487,
436 мың теңге бөлініп, жобада қаралған жұмыстар
толығымен аяқталды. 17 ұңғы орнатылып, оларды
мемлекеттік қабылдау комиссиясы 2014 жылдың 19
желтоқсанында қабылдады.
Шу қаласының батыс бөлігіндегі «Жайсан»
алқабын электр энергиясымен жабдықтау мақсатында
527,4 миллион теңгеге қалада 35/ 10 киловаттық
қосалқы станса мен ұзындығы 9,30 шақырым
«ЛЭП-35» киловаттық электр желісінің құрылысы
жүргізілуде. Осы жоба аяқталғаннан соң, Шу қаласы
қазандығын сенімді электрмен жабдықтау мақсатында
қосымша желі салу көзделуде. Қазір аудан əкімдігі
тарапынан жобалық-сметалық құжаттары əзірленуде.
Қ о р д а й ауд а н ы н ы ң ш ы ғ ы с б ө л і г і н
электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз
ету мақсатында аудан орталығына дейін 220
киловаттық электр желісінің құрылысы жəне
осы ауылдағы «Қордай-2020» қосалқы стансасы
мен қолданыстағы 110 киловаттық қосалқы
стансасына дейінгі 110 киловаттық желілерінің
құрылыстарына жалпы сметалық құны 4,551
миллиард теңгені құрайтын жобалық-сметалық
құжаттама əзірленді. Жобаны «Нұрлы жол»
бағдарламасы аясында жүзеге асыру көзделуде.
Тараз қаласының солтүстік-шығыс бөлігін
электрмен жабдықтауды жақсарту мақсатында
Сабалақов көшесі аумағындағы жаңа Бурыл
алқабында 10/35/10 киловаттық қосалқы
стансасының жəне 110 киловаттық əуе желілерінің
құрылысына жобалық-смет алық құжаты
əзірленуде. Бұған қоса, жобаланып жатқан 14-ші
шағын ауданның жəне «Барысхан» алқабын электр
энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында 10/35/10
киловаттық қосалқы станса мен 110 киловаттық
кабель желісінің құрылысының құжаттары да
дайындалу үстінде.
Тараз қаласының бекітілген бас жоспарына
сəйкес, былтыр «Арай» тұрғын алқабында 1778 жер
телімі учаскесі жеке сектор құрылысына бөлініп,
бүгінде 1511 үй пайдалануға берілді. Берілген жер
телімінің 85 пайызы игерілді. Осыған байланысты
«Арай» жəне «Бəйтерек-2» тұрғын алқаптарын
электр энергиясымен жабдықтау маңыздылығын
ескеріп, 2 секциялы тарату пункті мен 10 киловатт
кабель желісінің құрылысына жергілікті бюджеттен
110,238 миллион теңге қарастырылды.
Басқарманың электр желілерін дамыту жəне
2020 жылға арналған жұмыс көлемін бағалау
жоспары бойынша жуық арада тағы да біршама
жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Осындай
жобаның бірі – облыс орталығындағы «Бəйтерек»
шағын ауданы тұрғындарын жəне қазандықтарды
электрмен тұрақты жабдықтау мақсатындағы 110/10
киловаттық «Бəйтерек» қосалқы стансасының
екінші кезегінің құрылысы. Жобаның жалпы
сметалық құны 312,488 миллион теңге. Жобаны
іске асыру үшін ел қазынасынан биыл бастапқы
жұмыстарға 81,235 миллион теңге бөлінді.
Былтыр желтоқсан айында «Астана» шағын
ауданы аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан
жаңа əлеуметтік нысандарды электр энергиясымен
тұрақты қамтамасыз ету мақсатында 110/10 киловатт
«Астана» қосалқы стансасының екінші кезегінің
құрылысына жобалық-сметалық құжаты əзірленді.
Жобаның сметалық құны 527,956 миллион теңгені
қ ұ р а й д ы . А л д а ғ ы
уақытта тиісті бюджеттік
өтінім əзірленіп, ағымдағы
жылдың ақпан айында бюджетті
нақтылау кезінде құрылыс-монтаждау
жұмыстарын республикалық бюджеттен
қаржыландыруға тапсырыс берілген.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі
бағдарламасы шеңберінде инженерлік
инфрақұрылымды дамыту үшін нысаналы даму
трансферттер негізінде 2015 жылға республикалық
бюджет есебінен Тараз қаласындағы «Арай»,
«Қайнар», «Ақ жол» жəне «Мичуринец»
алқаптарының тұрғындарын электрмен жəне газбен
қамтамасыз етуге 1,3 миллиард теңге бөлінді.
Сонымен бірге жергілікті бюджет есебінен
коммуналдық шаруашылықты дамытуға 374,2
миллион теңге бөлініп, басқа да бірқатар жобалар
іске асырылатын болады. Мəселен, Тараз
қаласындағы 13 көшенің шамдарын ауыстыруға
– 271,4 миллион, «Төрткүл» алқабын электрмен
қамтамасыз етуге – 68,249 миллион теңге жəне
Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылындағы «Арай»
тұрғын алқабын электрмен жабдықтауға 34,611
миллион теңге бөлінеді.
Үкіметтің 2013 жылғы 6 тамыздағы қаулысымен
бекітілген Қазақстан Ре спубликасының
концепциясы «Жасыл экономикаға» өту жоспарын
жүзеге асыру мақсатында қуаттылығы 125
мегаватты құрайтын «Таразэнергоорталық»
акционерлік қоғамының жылу-электр орталығын
қайта жаңғырту мен кеңейту мəселе сі
жоспарлануда. Қазіргі кезде осы жобаның
құрылысын іске асыруға бірқатар шетелдік
компаниялар қызығушылық танытуда. Бұл
бағытта жұмыс одан əрі жалғасуда.
Қорыта айтқанда, басқарма алдында биыл
да, одан арғы жылдары да атқарылатын
ауқымды жұмыс бар. Əлбетте, оның бəрін бір
мақалада жазып шығу мүмкін емес. Елбасы
Жолдауында ерекше мəн берген энергетикалық
инфрақұрылымдарды дамыту барысында
атқарылатын жұмыстарға тоқталдым.
Мұхтар ТӨЛЕУЛИЕВ,
облыс əкімдігінің энергетика жəне
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасының басшысы.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты
Жолдауында «...Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы
шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің
шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық жəне шығыс
облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу
керек. «Екібастұз-Cемей-Өскемен» жəне «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы»
бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр
стансаларының елдің барлық өңірлерін теңестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне
мүмкіндік береді» деп атап көрсетуі бізге де аса ауқымды міндет жүктейді.
ЕГІС КӨЛЕМІ
ЕСЕЛЕНЕ ТҮСПЕК
ЖАҢА
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
дағдарысқа
дес
бермейді
«ЕУРОХИМ» ТЫҢАЙТҚЫШ»
«ЕУРОХИМ» ТЫҢАЙТҚЫШ»
ҚУАТ КӨЗІНЕ ТӘУЕЛДІЛІК
ЕҢСЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ
4
31 а тар, 2015 жыл
www.akjolgazet.kz
Оқырмандар
отауы
Баспасөз үйі
ak-jol-taraz@rambler.ru Тараз қаласы,
Ы. Сүлейменов көшесі, 5. www.akjolgazet.kz
ЖАНЫҢЫЗ
ПЕЙІШТЕ ШАЛҚЫСЫН!
2007 жыл болуы керек. Тұрар Рысқұлов аудандық «Құлан таңы»
газетінде қызмет етіп жүргенмін. Аудандық ішкі саясат бөлімі «Ақ жол»
газетіне хабар жіберуімізді міндеттеп тұратын. Сол кезде облыстық
газеттің алуан ақпаратына бірнеше хабар-ошар шығып еді. Бір күні
Лесбек Сайлаубек ағамыз хабарласты. Телефонмен. Кейін «Ақ жолға» кел-
генімде біраз қалжыңдап, бухгалтериядан қаламақымды алып беріп еді.
Сол жақсы аға өткен түнде өмірден озды. Газетке кезекшілік жасап
жатқан кезімде келіп, мына мақаланы жақсылап қара, қате кетіп
қалмасын деп жүруші еді. Енді ол кісі ортамызда жоқ. Алла алдыңыздан
жарылқасын. Жаныңыз пейіште шалқысын аға!
Табиғат АБАИЛДАЕВ,
ақын.
Беу, бейопа дүние-ай! Қаламдас əріптесіміздің беймезгіл
дүниеден озуы барлығымыздың да қабырғамызды қайыстырып
кетті. Осылай болады, күні кеше ғана ортамызда жарқылдап
жүрген əріптесімізден қапияда айырылып қаламыз деп кім
ойлапты?! «Дүние-жалған» деген осы екен-ау...
Лесбек Тұрсынбекұлы Сайлаубек 1961 жылдың 20
қарашасында Жамбыл қаласында өмірге келді. Бозбала жас
алғашқы еңбек жолын облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ
жол») газетінде 1979 жылы бет жасаушы болып бастаған еді.
Одан кейінгі бар ғұмыры баспасөз саласымен байланысты
болды. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика
факультетін сырттай оқып бітірді. 1990 жылы «Еңбек
туы» газетіне тілші болып қабылданды. 1993-2002 жылдар
аралығында алғашында Қазақ радиосының Жамбыл облысы
бойынша меншікті тілшісі, кейіннен Жамбыл радиосының
тілшісі қызметтерін атқарды.
Одан кейінгі жылдары өзінің тұсауын кескен, облыс
баспасөзінің қара шаңырағы «Ақ жол» газетінде ұзақ жыл
еңбек етті. Қаламы қарымды журналист болып танылды.
Əсіресе, экология тақырыбына терең бойлап қалам тартты.
Ол еңбегі еленіп, журналистика саласындағы байқаулардың
Достарыңызбен бөлісу: |