Елбасының 31-мамырды саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу күні етіп белгілеп, оны атап
өтуге аса мән бергендігі, тәуелсіздікке жеткенге
дейін жасырын болған
тарих беттерін ашып,
талай адамдардың
тағдырына араша
түсіп, әділдікті ақ-
тап, нақты бағалап,
жариялауға мүмкіндік
болған, өткенге сауап-
ты келешек үшін көре-
гендік іс болды.
Өткен заманның
зобалаңына айналған
сұрқия саяси науқан
халықтың озық ойлы,
ұлтжанды азаматтарын қудалап, азат ой мен ұлттық
құндылықтарды жойып, ұранынан ұстанымы бөлек
биліктің үстемдігін тез орнату үшін жасалды.
Менің атам Шөкен Жалғасбайұлы /1898-1943/
өзі ізденіп, сауатын ашқан, айналасын оқып білуге
үндеп, жаңа қоғамды қолдаған. Алғаш 1930 жылы
құрылған «Бірлестік» ұжымдық шаруашылығының,
кейін №12 ауылдық Кеңестің төрағасы болған.
Сауатсыздықты жою үшін қызыл отау құрып,
Қызылтастың баурайына орталық салынғанда
алғашқы мектепті тұрғызуға басшылық жасайды.
Әділдік салтанат құрып, теңдік орнап, бар адам
сауатты болып, бірдей еңбек етіп, ортақ табысты
пайдаланып, «жарқын болашаққа» бірге жетеміз
деген кеңестік өкіметтің ұранына, «нағыз адамдар»
партиясының саясатына сенеді де, бар ынта-жігерін
арнайды. Сенгені сонша баласына Совет есімін
береді.
1937 жылы «халық жауы» деген жала жабылып,
тұтқындалып, он жылға сотталып, Сібірге жер
аударылып, ауыр жұмысқа жегіліп, жазықсыз жаза,
ауыр азаптан қырық бес жасында қайтыс болады.
«Үштіктің» таққан айыбы «жапон тыңшысы»,
қажының тұқымы. Әкесі Жалғасбай Айтасұлы
(1875-1900) айтқанын орындайтын шешімді, кісіге
көмектесуге әзір тұратын адам болыпты. Жалаңтөс
батырдың шөбересі, аймақтағы атақты, дәулетті,
діндар туысқаны Әбдірахман Берліқожаұлы
(1818-1900) ағайын-туысты жинап, басты парызы
-қажылыққа баратынын хабарлап, жасының
ұлғаюына байланысты
сенімді көмекші керек
екенін айтқанда,
өмір мектебінен өткен, адамды айтқан сөзінен
біліп, қабағынан танып, ойланып барып әрекет
етер, өзіне сеніп, еңбекпен шыңдалған тыл, еңбек
ардагері Совет Шөкенұлы естелігінде: — Бала
кезім, науқанның қызу шағында, жұмыс басына
биліктің «қолшоқпары» шауып келді. Бәрімізді
жиырма бес жастағы
жігіт «мен барамын»
деп, құлшына келісіп,
уәдесін береді.
Қасиетті қағбаны
жеті рет айналу парыз
болса, 82 жастағы
атасы екі айналымнан кейін шамасы келмей қалған
кезде, арқасына салып алып, бес рет айналып
шығыпты, сөйтіп екі рет қажылық жасаған
адам дәрежесіне жетіпті. Бабалардың Тәңірден
тілеуі қабыл болып, Әбдірахман қажы Меккеде,
Жалғасбай қажы қайтар жолда қайтыс болады да,
аманатты «қара кебінді» сапарлас болған Қожағұл
туысқандар жеткізіпті.
Қайран, қасиетті бабаларым-ай! Туған жерде,
ата кәсіпті жасап, ел қатарлы тіршілік ете бермей,
атамекендегі ағайын-туыс, бала-шаға, бар байлықты
тәрк етіп, сеніміне шын беріліп, парызын орындауды
бәрінен жоғары қойып, жат жерге, қатерлі алыс
сапарға, мол қаражат жұмсап, қарттық пен қыршын
жасында аттануы қайтпас қайрат әрі жоғары парасат
иелері болғанын аңдатпай ма?
Атамыздың халықты жақсылыққа жеткізер
жолды таңдап, жаңашылдықты жанымен қалап,
ауылдастың сауатты, ұрпақтың білімді болуына
жағдай жасап, ұжымдық шаруашылықты «Бірлестік»
атауының өзі мақсатының анық, сенімінің нақты
екенін көрсетеді.
Әттең, атамыздың арманы орындалмай,
жазықсыз жазаланып, жапа шегуі азаптан да ауыр
болды-ау. «Халық жауы» деген атау қара күйедей
жағылып, кесірі ұрпағына дейін тиіп, зардап
шекті. Әкеден бес жасында тірідей айырылып,
жинап,үкіметтің құжатымен таныстырмақ бол-
ды. Өзі оқуға ерінеді, не жетік білмейді, әлде
тексергені ме, «Араларыңда оқу білетін бар
ма?» дегенде ауылдастар мені нұсқады. Ұсынған
қағазын зулатып оқып жатқанда, жастықтан болар
«Үкіметтің қаулы-қарарын бас киіммен оқуға
болмайды» деп бөрікті бастан жұлып алғанда,
орамалға түйілген бір уыс бидай жерге төгілді,
Бөгелмей оқып бітіргенде, берген қағазын алып,
«жандайшап» жайына кетті.
Сол күні тағамынан айырылып, аш қалса да,
білімнің өмірлік азық, зор қуат екенін үнемі айтып
отыратын әке, адал еңбек етті. Ізденіп үйрену, оқып
білумен алғашқы жүргізуші, бригадир, бөлімше
меңгерушісі, кеңшардың мал өнімдерін дайындау
мен мұнай базасының меңгерушісі міндеттерін
абыроймен атқарып, айналасындағы адамдардың
құрметі мен ықыласына бөленіп, еңбектің зейнетін
көріп, ұрпакққа ұлағатын беруде.
Имандылық пен әділет жолына өмірін арнап,
туған жерден топырақ та бұйырмаған ата-баба
туралы ойлағанда, жиырма жеті жасында жесір
қалып, жарына адал болып, зарыға күтіп, жәбір
мен озбырлыққа төзіп, ерік-жігермен жеңіп,
ұрпағын жеткізіп, немерелерін көріп өткен әжем
Зәру Елшібекқызын (1911-1985) еске алмау күнә
болар.
Бәрінің түпкі қайырын бір Тәңірден күткен
азамат ретінде ізгілік жолын ұстанған ата-баба,
Ананың асқақ рухы алдында перзенттік тағзыммен,
қасиетті де аяулы жандарға иман байлығын тілеп
аманаттарынан айнымауды парыз санадым.
Абзал Шөкенов,
Нүркен клуб үйінің меңгерушісі
Тоқырауын тынысы. - 2015. - 29 мамыр (№24). - 5 б.