Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар


-бап. Сапаның экологиялық нормативтері



бет33/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
36-бап. Сапаның экологиялық нормативтері

      1. Сапаның экологиялық нормативтері деп қоршаған ортаның жекелеген құрамдастары жай-күйіне қатысты сандық және сапалық сипаттамалардың мемлекет белгілеген жиынтығы түсініледі, оларға қол жеткізу және қолдау көрсету қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін қажет болып табылады.

      2. Сапаның экологиялық нормативтері негізінде қоршаған ортаның ағымдағы жай-күйін бағалау жүзеге асырылады және оған жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтері белгіленеді.

      3. Сапаның экологиялық нормативтері осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаның мына құрамдастарының әрқайсысы:

      1) атмосфералық ауа;

      2) жерүсті және жерасты сулары;

      3) топырақ және жер үшін жеке әзірленеді және белгіленеді.

      4. Сапаның экологиялық нормативтеріне:

      1) қоршаған орта құрамдастары жай-күйінің химиялық көрсеткіштері үшін белгіленген нормативтер;

      2) қоршаған ортаның физикалық факторлары үшін белгіленген нормативтер;

      3) қоршаған орта құрамдастары жай-күйінің биологиялық көрсеткіштері үшін белгіленген нормативтер жатады.

      5. Қоршаған орта құрамдастары жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне арналған сапаның экологиялық нормативтері ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы түрінде белгіленеді.

      Ластағыш заттар тізбесіне енгізілген ластағыш заттың атмосфералық ауа, жерүсті немесе жерасты сулары, топырақ көлемінің немесе массасының бірлігіндегі немесе жер беті алаңының бірлігіндегі адамға тұрақты немесе уақытша әсер ету кезінде оның денсаулығына әсер етпейтін және ұрпақта қолайсыз тұқым қуалаушылық өзгерістер, сондай-ақ табиғи орта объектілерінің тозуын туғызбайтын, экологиялық жүйелердің орнықтылығын және биоәртүрлілікті бұзбайтын ең көп мөлшері (массасы) ластағыш заттың шекті жол берілетін концентрациясы деп түсініледі.

      Қоршаған орта құрамдастары жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне арналған сапаның экологиялық нормативтері адам денсаулығына және табиғи ортаға (экожүйелер, жануарлар дүниесі және өсімдіктер әлемі) әсер ету тұрғысынан жеке белгіленеді.

      6. Қоршаған ортаның физикалық факторлары үшін сапаның экологиялық нормативтері қоршаған ортаға жағымсыз физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейлері түрінде белгіленеді.

      Жағымсыз физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейі деп физикалық әсер етудің жекелеген түрлерінің (шу, діріл, электр, электрмагнит, магнит өрістері, радиация, жылу) ең жоғары деңгейі түсініледі, онда жануарлардың, өсімдіктердің, экологиялық жүйелер мен биоәртүрліліктің жай-күйіне зиянды әсер болмайды



ЕҰУ Ф 703-05-18. Емтихан билеті. Бірінші басылым



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет