208-бап. Көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды жасап шығару және пайдалану кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар
1. Шығарындыларында ластағыш заттардың болуы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдарды Қазақстан Республикасында жасап шығаруға тыйым салынады.
2. Шығарындылары атмосфералық ауаға жағымсыз әсер ететін көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен олардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан ұдайы тексеруге (техникалық қарап-тексеруге) жатады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық атқарушы органдар және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде атмосфералық ауаға көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдардан ластағыш заттардың шығарылуын қысқартуды ынталандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға міндетті.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары мемлекеттік экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында атмосфералық ауа сапасы нормативтерінің қатарынан үш жыл бойы ұдайы асып түсуі анықталған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдау арқылы атмосфералық ауаға антропогендік жүктемені төмендету мақсатында елді мекендерге немесе елді мекендер шегіндегі жекелеген аймақтарға, демалыс және туризм орындарының аумақтарына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдардың немесе олардың жекелеген түрлерінің кіруіне шектеу енгізуге, сондай-ақ олардың шегінде көлік құралдары мен өзге де жылжымалы құралдардың қозғалысын реттеуге құқылы.
Радиациялық әсерден болатын биологиялық эффектер.
Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады. Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір елдерде ядролық қарулардың өндірілуіне, ядролық энергетиканы пайдалануға, уран өндіруді көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмауына байланысты болып отыр. Осыған байланысты барлық тіршілік иелеріне - өсімдіктерге, жануарларға, адамдарға нақты қауіп төнді. Мутация көлемі ұлғайды, тұқым қуалайтын әр түрлі аурулар, дамуында түрлі кемістіктері бар (қатерлі аурулары, сәлелік аурулары және тағы басқа) ауру балалар мен адамдардың саны ұлғайды. Табиғаттың барлық жерлерінде табиғи радиобелсенді сәулелері болады. Барлық тірі организмдер сияқты адамға да табиғи сәулелердің әсері тиеді. Сәулелердің артық мөлшері адам организмде ауытқуларды және әр түрлі ауруларды туғызады. Сондықтан адам радиосәулелердің мүмкіндік мөлшерін анықтай алуы тиіс. Оны дозиметр деп аталатын арнайы құралмен өлшейді. Сәулелердің артық мөлшері организмнің ауруға қарсы мүмкіндігін төмендетеді, тыныс алу, көз, тері және тағы басқа ауруларға себеп болады.
Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке душар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бастайды.
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар.
Радиоактивті қалдықтарға одан әрі пайдалануға жатпайтын, кез келген агрегаттық күйдегі мынадай заттар жатады:
1) құрамындағы радионуклидтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген деңгейлерден асып кететін материалдар, бұйымдар, жабдық, шығу көзі биологиялық объектілер;
2) пайдаланылған, қайта өңдеуге жатпайтын ядролық отын;
3) өз ресурсын тауысқан немесе зақымданған радионуклидті көздер;
4) құрамындағы радионуклидтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген деңгейлерден асып кететін, жер қойнауынан алынған және үйінділер мен қалдық қоймаға жинап қойылатын тау жыныстары, кендер және кендерді байыту мен сілтісіздендіру қалдықтары.
1. Жеке және заңды тұлғалар атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган белгілеген радиоактивті материалдарды өндіру, сақтау, тасымалдау, пайдалану, кәдеге жарату және жою қағидаларын сақтауға, радиациялық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейі нормативтерінің бұзылуына жол бермеуге, қоршаған ортаның радиациялық ластануының алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
2. Радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және көму жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Радиоактивті материалдарды тасу кезінде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда азаматтардың денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының, халықтың радиациялық қауіпсіздігі мен техникалық регламенттердің талаптары сақталуға тиіс.
Топырақтың гигиеналық және токсикологиялық маңызы.
Шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары халқы он мың адамнан асатын елді мекендерде атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығарындыларының стационарлық көздерін түгендеуді қамтамасыз етеді.
2. Шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу мынадай бастапқы деректер негізінде жүзеге асырылады:
1) берілген кешенді экологиялық рұқсаттар;
2) әсер етуге берілген экологиялық рұқсаттар;
3) қоршаған ортаға әсер ету туралы ұсынылған декларациялар;
4) IV санаттағы объектілер бойынша статистикалық ақпарат;
5) мемлекеттік экологиялық мониторингтің деректері;
6) мемлекеттік экологиялық бақылаудың нәтижелері.
3. Шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеуді жүргізу, оның деректерін түзету, осындай түгендеу мен түзетуді жүргізу нәтижесінде алынған деректерді құжаттау мен сақтау тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Жерасты суларын қорғау жөніндегі экологиялық талаптар
1. Тәулігіне екі мың текше метрден асатын көлемде жерасты суларын тартуды және пайдалануды жүзеге асыруға негіз болатын жобаға (технологиялық схемаға) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
2. Жерасты суларының көздері мен учаскелерін іздеуді және бағалауды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ жерасты суларын тартуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушылар:
1) жерасты су объектілерінің ластану ықтималдығын болғызбауды;
2) егер бұл жобада (технологиялық схемада) көзделмесе, әртүрлі су тұтқыш белдеулер суының араласу және бір белдеуден басқасына ағып кету ықтималдығын болғызбауды;
3) жерасты суларының бақылаусыз реттелмей ағу ықтималдығын болғызбауды, ал авариялық жағдайларда су ысырабын жою жөніндегі шараларды шұғыл қабылдауды;
4) қызметі аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдалану, жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану процесінде бүлінген жер учаскелеріне рекультивациялау жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Жерасты суларына әсер ету бөлігінде белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсер етуіне бағалау жүргізу кезінде осыған байланысты жерүсті су объектілеріне және табиғи ортаның өзге де құрамдастарына жанама әсер ету тәуекелдері, оның ішінде жердің су басуы, су жайылуы, шөлейттенуі, батпақтануы, көшкіндердің пайда болуы, топырақтың шөгуі және өзге де осыған ұқсас салдарлар түріндегі тәуекелдер де ескеріледі, сондай-ақ осындай жанама әсер етуді болғызбау бойынша қажетті шаралар айқындалады.
4. Жерасты суларын тартуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушылар ұңғымаларды пайдаланудағы кемшіліктер себебінен судың қайтарымсыз ысырабын және оның сапалық қасиеттерінің нашарлауын болғызбауға міндетті.
5. Реттеуші құрылғылармен жабдықтау, гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау және жою жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленеді.
6. Қазақстан Республикасының Су кодексінде және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мұқтаждықтар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға жол берілмейді.
7. Ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты су объектілерінің су жинау алаңдарында қалдықтарды көмуге, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суларының жай-күйіне жағымсыз әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға жол берілмейді.
8. Жерасты суларына арналған су тарту құрылысжайларын Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды реттейтін құрылғылармен, су өлшеу аспаптарымен жабдықтамай, сондай-ақ санитариялық қорғау аймақтарын белгілемей және жерасты су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін құрмай пайдалануға беруге тыйым салынады.
9. Жерлерді сарқынды сулармен суаруға, егер бұл жерасты су объектілерінің жай-күйіне зиянды әсер ететін болса немесе әсер етуі мүмкін болса, тыйым салынады.
10. Су пайдаланушылар тәулігіне екі мың текше метрден асатын көлемде жерасты суларын тартуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру кезінде жерасты суларының көздерін игерудің жаңа тәсілдері мен технологиялық схемаларын іздестіру және бұрыннан барларын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарды өз есебінен жүргізуге, технологиялық жабдықты, үздіксіз және кезеңдік бақылау құралдарын жаңғыртуға, жерасты суларын сарқылудан және ластанудан қорғауды, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
11. Шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын, сондай-ақ суы табиғи емдік қасиеттерге ие жерасты су объектілерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес санитариялық қорғау аймақтары белгіленеді.
12. Сіңіргіш ұңғымаларға пайдаланылған суларды айдау жүргізілетін ауданда су пайдаланушының есебінен өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес жақын жердегі ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына жүйелі зертханалық байқау жасау ұйымдастырылуға тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтерді сұрыптау
38-бап. Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтері
1. Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтері – антропогендік қызметтің қоршаған ортаға әсер ету көрсеткіштері үшін белгіленген экологиялық нормативтер.
2. Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтеріне:
1) эмиссиялар нормативтері;
2) технологиялық нормативтер;
3) қалдықтардың жинақталу лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері;
4) табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері;
5) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері;
6) қоршаған ортаға жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтері жатады.
3. Технологиялық нормативтерді қоспағанда, қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін сақтау қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Көлік құралдарының және іштен жанатын қозғалтқыштардың әртүрлі экологиялық сыныптары үшін шығарындыларға және отын түрлеріндегі ластағыш заттардың болуына қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленеді.
39-бап. Эмиссиялар нормативтері
1. Эмиссиялар нормативтері деп экологиялық рұқсатта белгіленетін эмиссиялардың шекті сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығы түсініледі.
2. Эмиссия нормативтеріне:
1) жол берілетін шығарындылар нормативтері;
2) жол берілетін төгінділер нормативтері жатады.
3. Эмиссия нормативтері Экологиялық Кодекстің 11-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес ластағыш заттар тізбесіне енгізілген ластағыш заттар түрлері бойынша белгіленеді.
4. Эмиссиялар нормативтері I және II санаттағы объектілерге жататын жекелеген стационарлық көздер бойынша, мынадай:
1) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізілген жағдайда – Экологиялық Кодекстің 76-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген тиісті шекті мәндерден;
2) осы Кодекске сәйкес белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізген жағдайда, оның нәтижелері бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау қажет емес екені туралы қорытынды шығарылса, – Экологиялық Кодекстің 68-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште көрсетілген тиісті мәндерден аспайтын деңгейлерде белгіленеді.
.
Жол берілетін шығарындылар нормативтері және шығарындылардың технологиялық нормативтері
Достарыңызбен бөлісу: |