Қала келесі тұрғын , өндірістік, коммуналдық-қойма, сыртқы транспорт, тұрғындардың демалысына арналған қала шетіндегі орындар мен нысандар сияқты, негізгі функционалдық зоналарға бөлінеді. Қалада қолайлы гигиеналық жағдайларды жасау үшін функционалдық аймақтардың өзара тиімді орналасуы ең маңызды болып табылады.
Қаланың селитебті аумағы тұрғын аудандарды, қоғамдық орталықтарды (әкімшілік, ғылыми, білім беру, медициналық, т.б.) және жасыл желектерді орналастыруға арналады.
Селитебті аумақтың негізгі құрылымдық элементі ықшамаудан болып табылады. Ықшамаудан 6-20 мың адамға есептелген, оның құрамында тұрғын үй ғимараттары, күнделікті қолданылатын мекемелер (бөбекханалар, бала бақшалар, мектептер, спорт кешендері, азық түлік дүкендері, асханалар, кір жууға қабылдайтын орындар, т.б.), сол сияқты саябақтар, тұрғындардың күнделікті демалу үшін шағын бақтар болады. Оның ауданы 20-50 га құрайды. Ықшамаудандардың шекаралары магистральдар немесе тұрғын көшелер, көлік жүретін жолдар мен табиғи шекаралар болып табылады.