Елді мекендерді жоспарлау және салудың гигиеналық талаптар.Тұрғын үй гигиенасы
Орындаған:Жанатбекова Ж.
Қабылдаған: Кенесарина М.И.
Тобы:05-1к
Жаңа елді мекен құрылысын салу немесе оны кеңейту үшін аймақты таңдау өте маңызды, өйткені, елді мекендерді жоспарлау шешімдері, қаладағы болашақта болатын микроклимат жағдайлары, жеткілікті ауа алмасуы, сумен қамтамасыз етілуі, эпидемиялық қауіпсіздігі, қалдықтарды қайта өңдеу мәселелерін шешуі осыған байланысты болып табылады.
Қала құрылысының негізгі гигиеналық қағидалары
1. Елді мекендердің құрылысы немесе қайта құруы кезінде тұрғындардың материалдық, рухани және гигиеналық қажеттіліктерін қанағатттандыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасау қажет.
2. Қала мен ауыл арасындағы үлкен айырмашылықтарды жою мақсатында шаралар қолданылуы қажет.
3. Жеке қалалардың, ауылдардың және поселкелердің ғана емес, сонымен бірге бүтіндей экономикалық аудандардың да жобалары жасалуы қажет, яғни табиғи факторларды (суаттарды, жер асты су көздерін, жасыл желектерді және т.б.) ең тиімді пайдалануға және елді мекендер мен өндіріс нысандарын дұрыс орналастыруға мүмкіндік беретін аудандық жоспарлау жұмыстары жүргізілуі қажет.
4. Өте үлкен және үлкен қалалардың өсуін, олардың жанынан 80000-100000 тұрғындары бар, серіктес қалалар салу арқылы шектеуі тиіс.
5. Қаланы кеңейту немесе жаңа құрылыс салу үшін, ол жерде тұруға салауатты өмір сүру жағдайларын барынша қамтамасыз ететін аймақтарды таңдап алу керек, сонымен бірге, бұл аймақтың функционалдық зоналарға бөлінуі жүргізілуі керек.
6. Тұрғын аймақта құрылыс салуда, оның ең қолайлы түріне – микроаудандарға ерекше назар аударылуы қажет.
7. Селитебті аймақта тұрғындарға қызмет көрсететін тұрмыстық, мәдени, медициналық және дене шынықтыруға бағытталған мекемелердің дамыған жүйесі мен жасыл желектер отырғызу қарастырылуы керек.
8. Санитарлық абаттандырудың барлық түрлері, яғни су құбыры, канализация, қатты қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандырудың бас сызбасы мен тиісті жабдықтар, орталық жылыту, газ және электрмен жабдықтау қарастырылуы қажет.
9. Көлік қозғалысы түрлерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда көліктердің қоғамдық түрлеріне, олардың ішінде көбінесе шуды аз шығарып, ауаны ластамайтын және қауіпсіз түрлеріне берілуі керек.
10. Елді мекендердің жобаларын жасау кезінде, атмосфералық ауа, суаттар мен топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар, сонымен қатар, шудың, сілкіністердің, радиожиіліктер диапазонындағы электромагниттік өрістердің және бірқатар басқа да факторлардың зиянды әсерлерінің алдын алуға бағытталған шаралар қарастырылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |