Қолайлы микроклимат жағдайлары мен инсоляция көбінесе, құрылыс жүйесіне - ғимараттардың аумақта орналасуына, олардың ұзындығына, пішініне және өзара орналасуына байланысты болады. Құрылыс жүйелерінің бірнеше түрлерін ажыратады: біртұтас, тұйық, қатарлы, периметральды, тізбектік және топтық
Ықшамаудандардың құрылыс жүйелері:а-периметральды,
б-тізбектік, в-топтық.
Жасыл желектер - тұрғын аудандардың міндетті түрдегі құрамдас бөлігі болып табылады. Жасыл желектер қала микроклиматының адамға әсерін жеңілдетеді. Ағаштардың жапырағы күннің ыстық сәулелерінен қорғайды, ал шөптесін өсімдіктер қалың өскен топырақ, аз қызады (асфальттың температурасы 50ºС жеткен кезде, газоны бар топырақтың температурасы 20ºС аспайды). Жасыл желектер арасында ауаның температурасы 1-3 градусқа төмендеу болады. Көгалданған аумақ сол территориядағы ауа температурасын ғана емес, сонда орналасқан ғимараттардағы бөлме төмпературасын да төмендетеді.
Коммуналдық-қойма аумағы сауда қоймаларын, көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған қоймаларды, көліктерге қызмет көрсететін кәсіпорындарды (депо, автотұрақтар), тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін (кір жуатын орындар, т.б.) орналастыруға арналған. Оны тұрғын ауданнан тысқары, көбінесе өндірістік мекемелердің санитарлық-қорғаныш аумағында орналастырады.
Сыртқы транспорт аумағында жолаушылар және жүк тасымалдайтын темір жол бекеттері, порттар, кемежайлар, т.б. орналастырады. Тұрғын ауданды теміржол желісінен 100 метрлік санитарлық қорғаныш аумағы арқылы бөлуді ұсынады. Жаңа теңіз және өзен порттары тұрғын аудандар аумағынан тыс, 100 м кем емес қашықтықта орналастырылады. Әуежайлар үшін санитарлық қорғаныш аумағы олардың кластарына байланысты 5-30 км дейін болуы керек.