Байланысты: Электр энергетикада ы тпелі процесстер Негізгі т сініктер ж не
6.2 Жерге тұйықталудың сыйымдылықты тогын компенсациялау Онша ұзын емес, кернеуі 6-20 кВ әуе және кабелдік желілердегі жерге тұйықталу тогының мәні бірнеше Ампер болады. Осы нүктедегі доға тұрақты болмайды және өздігінен сөнеді. Сол себептен, мұндай желілер бір фазалы жерге тұйықталу кезінде қалыпты режімде жұмыс жасай береді. Кернеуі үлкен ұзын желілерде бір фазалы жерге тұйықталу тогының мәні ондаған және жүздеген Амперге жетеді. Бұл жағдайда доға ұзақ уақыт жануы мүмкін және көрші фазаларға ауысып екі фазалық, үш фазалық қысқа тұйықталуларға айналып кететін кездер жиілейді. Электрлік доғаны тез сөндіру үшін жерге тұйықталудың сыйымдылықты тогын компенсациялау керек. Ол үшін трансформатордың бейтарабы доғасөндіруші аппарат арқылы жерлендіріледі. Қазіргі кезде доғасөндіруші аппарат ретінде доғасөндіруші реактор қолданылады (6.2 сурет).
Бір фазалы жерге тұйықталу тогын шектеу үшін трансформатордың бейтарабын индуктивтік арқылы жерлендіру қажет. Индуктивтіктің мәні, нөлдік тізбек сұлбасында токтардың резонансы туындайтындай мөлшерде таңдап алынады. Осы кезде ∞ және жерге тұйықталу тогы жойылады. Трансформатор мен желілердің индуктивтік кедергілерін ескермей, резонанс Хр= Хс0/3 кезінде туындайтынын анықтаймыз. Доғасөндіруші реактордың индуктивтігі баспалдақты сипатта реттеледі. Олардың көмегімен бір фазалы жерге тұйықталу тогының мөлшері ондаған есе азаяды және тұйықталу нүктесіндегі доғаның сөнуіне жеткілікті болады.
6.2 сурет
Электр торабының қалыпты жұмыс режимінде әрдайым бейтараптың аз ғана ығысуы болады, демек бейтараптың потенциалы кезкелген уақытта нөлге тең емес. Бұл жағдай тарату торабындағы фазалардың симетриялы болмайтынынан туындайды. Тарату тораптарында фазалардың симметриялы болуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бейтраптың ығысуы әдетте фазалық кернеудің 3-4% құрайды, рұқсат етілген шамадан аспайды және қауіпті емес. Бірақ бейтрапқа доғасөндіруші реактор қосылғанда оның потенциалы едәуір көбейуі мүмкін. Тораптың сұлбасын қарастырамыз ( 6.3 сурет):
6.3 Сурет
Доғасөндіруші реактор қосылмай тұрған кездегі тораптың бейтарабындағы кереуді анықтаймыз:
мұнда, - фазаның өткізгіштігі.
Жүйенің толық симметриясы кезінде және бейтараптың кернеуі UNO = 0.
Доғасөндіруші реактор қосылған кезде:
.
<< ескеретін болсақ:
. (6.1)
Жерге тұйықталудың сыйымдылықты тогын толық компенсациялау
() кезінде:
.
Сонымен, жүйенің бейтарабына реактор қосылған кезде бейтараптың потенциалы реактордың индуктивті кедергісі оның активті кедергісінен неше есе көп болса UNO ( реактор қосылмаған кездегі) потенциалынан сонша есе көп болады. Хр/Rp қатынасы бірнеше ондаған бірлікке жетуі мүмкін, ал бейтараптың потенциалы фазалық кернеуден көп болып кету қауіпі бар. Бейтараптың потенциалын (6.1) теңдігіне сәйкес UNO мәнін азайту арқылы немесе контурды резонанстан ауытқытумен төмендетуге болады.
Бейтарабы резонансты жерлендірілген жүйелердің UNO потенциялын төмендету мақсатында, фазалардың сыйымдылығын симметриялау үшін, фазалық сымдардың транспозициясы қолданылады. Электрқондырғыларының құрылымы ережелері (ПУЭ) бойынша фазалардың жермен салыстырғандағы сыйымдылықтарының симметриялық емес дәрежесі 0,75% аспауы қажет.
Доғаның сөнуін нашарлатпайтын деңгейде, контурдың резонанстан шамалы ауытқуы фазалық сымдардың транспозициясы қолданылмаған жүйелерде тиімді.
Контурдың бұл ауытқуы асыра компенсациялау бағытында жүргізіледі. Осы жағдайда ғана кезкелген желінің бір бөлігінде бір фазаның өшіп қалған кезінде, толық компенсация режіміне еніп кету қауіпінен арыламыз.
ПУЭ бір фазасы жерге тұйықалған жүйенің жұмыс жасау ұзақтығына шек қоймайды. Тұтынушылардың жұмыс режіміне зиянды әсері болмағанына қарамастан, бұл ақау тез арада табылып жөнделуі тиісті. Себебі, тұйықталу нүктесі адамдар мен жануарларға қашанда қауіпті және фаза аралық тұйықталуға айналып кетуі мүмкін.