Аннотация Талғар қаласындағы
№7 мектеп-лицейінің
9 «а» сынып оқушысы
Садыкова Динараның
физика пәні бойынша
«Электр энергиясын алу, түрлендіру, жеткізу және пайдалану» тақырыбындағы жұмысы
Жұмыстың мақсаты: Экологиялық таза және табиғат ресурстарын үнемдеу жолымен электр энергиясының жаңа түрін өндіру, өндірілген электр энергиясының көлемі мен қуаттылығын және жеткіліктігін практикамен ұштастыру және өндіру жолдарына көз жеткізу, зерттеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіру әдісінің физикалық ғылыми практикалық фактілерін сарадай келіп мектеп қабырғасындағы ұрпақ көзқарасын ғылыми тұрғыда қалыптастыру болып табылады.
Зерттеудің теориялық мәнділігі:Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендірудің жолын іздей отырып, энергия өндіретін құрылғыны демонстрациялау арқылы жұмыстың физикалық тұрғыда алғаш рет теориялық, практикалық зерттеулері қарастырылған.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:Тақырып бойынша теорияны практикамен байланыстыра отырып, сызбаларды пайдаланып, эксперименттік жұмыстар жүргізе отырып материал орындалған.
Зерттеудің маңыздылығы мен дербестік нәтижесі:Тақырып бойынша ғылыми тұрғыда бүгінгі күнгі технологияларды қолданудың үндестігі қолданылды.
Жұмыстың орындалу тәсілдері: Физикалық ғылыми заңдылықтармен танысу, жинақтау, тәжірибе арқылы тез жеткізу, салыстырмалы талдау жасау, нәтижесін алу. Физикалық ғалымдардың еңбектерімен танысып, оқи отырып жұмыс жүргізу.
Электр энергиясын алу, түрлендіру, жеткізу және пайдалану
Біздің заманымызда қоғамдық өндірістік күштер дамуының ең басты көрсеткіші – өндіріс және энергия тұтыну дәрежесі. Сонда жетекші рөл атқаратын электр энергиясы – энергияның әмбебап және пайдалануға ыңғайлы түрі. Егер энергияны тұтыну дүние жүзінде 25 жылда (шамамен) екі есе артады десек, электр энергиясын тұтыну орта есеппен 10 жылда екі есе артады. Бұл - энергия ресурстарын жұмсаумен байланысты процесстар саны үсті-үстіне электр энергиясына көшеді деген сөз.