1. 45-суреттегі схема бойынша тізбекті жинап, тангенс-гальванометрдің орамын (N1) ток көзіне қосамыз.
2. Тангенс-гальванометр катушкасының жазықтығын магнит тілінің бір ұшы нөлді көрсететіндей етіп, Жердің магниттік меридианының жазықтығында орналастырамыз.
3. Реостаттың сырғымасын кедергінің (R) мәні барынша үлкен болатын қалыпқа қоямыз.
4. Ауыстырып-қосқышты (К) тұйықтап, реостаттың көмегімен стрелканы бұрышқа бұрамыз. бұрышының мәнін оқытушы ұсынады. бұрышының жеке мәндеріне сәйкес келетін ток күші ( ) миллиамперметрмен өлшенеді.
5. Ауыстырып-қосқышпен (К) катушкадағы (ТГ) токтың бағытын өзгертеді. Реостатпен магнит тілін қайтадан бұрышқа бұрамыз. Миллиамперметрдің көрсетуі бойынша ток күшінің мәнін жазып аламыз. Сонан соң ампермен алынған ток күшінің орташа мәнін есептейміз:
6. 2-5 тармақтарында көрсетілген тәжірибе екінші орам үшін қайталанады. Бұл өлшеулерде бұрышының алғашқы мәндері пайдаланылады.
7. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін 10-шы кестеге жазамыз.
10-кесте.
Орам саны
N1
N2
Тәжірибе нәтижесін өңдеу. 1. (3) формуласымен ток күшінің әрбір орташа мәні үшін, Жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысы ( мен оның орташа мәні ( ) есептеледі.
2. Салыстырмалы қате былай анықталады:
;
қатесін ескермесе де болады, ал қателігі радианмен алынады.
Бақылау сұрақтары: 1. Жердің магнит өрісінің негізгі параметрлері.
2. Тангенс-гальванометрдің құрылысы мен жұмыс істеу принципі.
3. Дөңгелек ток өрісінің кернеулігі.
4. Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтауға арналған формула.