Электр жєне магнетизм



бет21/49
Дата28.11.2023
өлшемі3,05 Mb.
#131057
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
УМК 2 часть

Жарық ағынының Ф (оптикалық жарықтың қуаты) өлшем бірлігілюмен (лм): 1лм дегеніміз – 1 ср денелік бұрыштың ішінде жатқан жарық күші 1 кд-ға тең нүктелік жарық көзінен шыққан жарық ағыны (1лм=1кд·ср).
Ж арқырау шамасы R – ауданы S жарық бетінен шығатын толық жарық ағыны. Жарқырау шамасының өлшем бірлігілюмен бөлінген метрдің шаршысы (лм/м2).
Ж арық көзінің В жарықтылығы деп жарық көзінен берілген бағытта денелік бұрыш ішінде таралған жарық ағынының сол бұрышқа және жарық көзінің көрінер бетіне қатынасы айтылады. Жарықтылық шамасының өлшем бірлігі - канделла бөлінген метрдің шаршысы (кд/м2).
Ж арықталу шамасы E деп жарық түскен S беттің бірлік ауданына келетін жарық ағынын айтады. Жарықталу шамасының өлшем бірлігілюкс (лк): 1лк – бетінің ауданы бір шаршы метрге түсетін 1лм жарық ағыны (1лк=1лм/м2).


Жарық интерференциясы
7. Гюйгенс приципі.
Жарықтың толқындық теориясы Гюйгенс приципіне негізделген. Ол былай тұжырымдалады: толқын таралғанда жететін нүкте келесі (екінші ретті) толқындардың көзі болады. Ал осы толқындардың таралғанда пайда болатын беті толқындық фронт деп аталады.
Г юйгенс принципін пайдалана отырып, жарықтың шағылу және сыну заңдары қорытып шығаруға болады.
Айталық, екі ортаның бөліну шегарасына I бойымен бағытталған жазық толқын түссін (АВ – жазық толқын). (t - уақытында) жарық фронты ВС қашықтығын жүрсе, екінші ретті толқындардың фронты А нүктесінен АD қашықтығын жүреді. Жарық шағылғанда: , сәйкесінше .
Жарық сынғанда: t – уақытында түскен толқынның фронты ВС=v1t жол жүреді, ал сынған толқынның фронты - AD=v2 t.
қатынасынан келесі қатынастар шығады:





8. Когеренттілік.
Бірнеше тербелмелі немесе толқындық үрдістердің уақыт және кеңістік бойынша үйлесімді (өзара байланысты) өтуі когеренттілік деп аталады.
Жиілігі белгілі бір мәнге тең және тұрақты болатын толқындар монохромат толқындар деп аталады. Монохромат толқындар – когерентті толқындар болып табылады.
Табиғи жарық көздері монохромат жарық шығармайды, сондықтан кез келген бір-бірінен тәуелсіз жарық көздері шығаратын толқындар әрқашан когерентті бола бермейді. Жарық көзінде атомдар жарық шығарады, ал олардың әрқайсысы өте аз ≈10-8с уақыт аралығында жарық шығарады.
Тек осы уақыт аралығында ғана атом шығаратын толқындардың амплитудасы мен тербелу фазасы тұрақты болады.
Монохромат емес жарық көзін атомдар шығаратын бір - бірін алмастыратын қысқа гормониялық импулсьтердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Осы жиынтық толқындық цуг деп аталады.
Бір цугтың орташа жалғасу уақыты когеренттілік уақыты деп аталады.
Егер толқын бір текті ортада таралатын болса, онда тербелу фазасы кеңістіктің белгілі бір нүктесінде тек когеренттілік уақытында ғана сақталады. Бұл уақыт аралығында толқын вакуумда жол жүреді, осы жүрген жол когеренттілік ұзындығы (немесе цугтың ұзындығы) деп аталады. Сол себепті жарық интерференциясын, пайдаланып отырған жарық көзі үшін, тек когеренттілік ұзындығынан аз оптикалық жол айырымдарда бақылау мүмкін.
Уақыттық когеренттілік - толқынның монохроматтық дәрежесімен анықталатын тербелістердің когеренттілігі. Осы тербелістер кеңістіктің белгілі бір нүктесінде орын алады. Уақыттық когеренттілік тек толқынның фазалық айырмасы берілген нүктеде π-ге тең болғанша жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет