Атомдағы электрондық күйлерді систематикалық толтыру негізі бойынша жататын Паули принципі, жақын элементтердің атомдарының ішкі қабықтарының құрылысында қайталануы Д. И. Менделеевтің элементтерінің периодты жүйесін түсіндіреді.
24. Рентгендік спектрлер. Р ентгендік сәулененудің ең көп таралған көзі – К катодтан шығатын электрондар ауыр металдан жасалған А анодты (антикатод) бомбылайтын рентгендік түтік болып табылады. Анодтан шығатын рентгендік сәулелену анодтың материалымен анықталатын сипаттық сәулеленудің спектрімен және анодтағы электронды тежеу кезінде пайда болатын тежелген сәулеленудің тұтас спектрінен тұрады.
Тежелген сәулелену электронның барлық энергиясы рентгендік кванттың энергиясына ауысатыны кезіндегі жағдайға сәйкес келетін тұтас спектрдіңшекарасы деп аталатын қысқа толқынды шекараға ие болады:
,
мұндағы U – анод пен катод арасындағы потенциалдар айырымы.
Ш екаралық толқын ұзындығы:
анодтың материалына тәуелді емес, ол тек түтіктегі кернеумен ғана анықталады.
Сипаттық сәулеленудің сызығы барлық элементтердегі үйлес құрылымы бар болатын атомдардың ішкі қабықшаларындағы электрондардың ауысуының нәтижесінде пайда болады. Сондықтан, әртүрлі элементтердің сипаттық сәулеленуінің үйлес (сходный) сипатқа ие болады, олар K,L,M,N және O деп белгіленетін бірнеше сериялардан тұрады. Әрбір серия өзінің кезегінде индекстері толқын ұзындықтарының кему тәртібімен бейнеленетін жеке сызықтардың үлкен емес жиынына ие болады.
Электронмен қозу кезінде атомның ішкі электрондарының біреуі кетіп отырады, мысалы K қабаттан. Босаған орын қандай да бір сыртқы қабаттағы (L,M,N және т.б – осы кезде K-серия пайда болады) электронмен басылуы мүмкін.
Z атомдық нөмірдің өсуі кезінде барлық рентгендік спектрлер өзінің құрылымын өзгертпей, қысқа толқынды бөлікке қарай ығысады.
Э лементтен шығарылатын Z атомдық нөмірін сызықтық жиілігімен байланыстыратын заң Мозли заңы деп аталады:
мұндағы -Ридберг тұрақтысы, m=1,2,3,… (L,M,N,…) рентгендік серияларын анықтайды, n – m+1-ден басталатын ( жеке сызықтарын, соған сәйкес серияларын анықтайды) бүтін сандық мәнді қабылдайды. берілген электрондардың атомдық ядроларының басқа атомдардың электрондарынан экрандалуын ескеретін экрандалу тұрақтысы. Мозли заңы әдетте формуласымен көрінеді ( және -тұрақтылар).
25. Молекулалық спектрлер. Молекула - өздерінің арасында химиялық байланысқа түсетін немесе әртүрлі атомдардан тұратын, және оның негізгі химиялық қасиетінің негізгі тасушысы болып табылатын заттың ең ұсақ бөлшегі.
Химиялық байланыстар атом электронының ішкі (валенттік) арақатынасына себепші болады. Молекулада көбірек 2 байланыс түрі жиі кездеседі: