Бақылау сұрақтары
1. Кернеуі 6-35 кВ электр тораптарын бір фазалы жерге қорғау және
асқын кернеуден қорғаудың жағдайы мен негізгі түсініктері.
2. Кернеуі 6-35 кВ электр тораптарындағы бейтараптардың режимдері
белгілі және Қазақстандағы кең тарағаны қайсысы?
3. Кернеуі 6-35 кВ электр тораптарындағы негізгі мәселелер және бір
фазалы жерге тұйықталудан апаттың болу себептері.
4. Кернеуі 6-35 кВ электр тораптарындағы асқын кернеудің еселігі және
негізгі түрлері, асқын кернеудің пайда болу механизмі.
5. Асқын кернеуден шектеу үшін қандай қондырғылар қолданылады,
қолдану аумағы, артықшылығы және кемшілігі?
6. Кернеуі 6-35 кВ электр тораптарын бір фазалы жерге қорғаудың қандай
алгоритмі мен релелік қорғанысы бар?
74
№15 дәріс. Өндірістік кәсіпорындағы техникалық құжаттар
Дәрістің
мазмұны:
өндірістік
кәсіпорындардағы
электр
шаруашылығының негізгі техникалық құжаттары, жұмыс жасайтын
қызметкерлерге арналған пайдалану және қызметтік нұсқаулар, электрлік
сұлбалардың түрлері және электрлік сұлбаны бейнелеу кездегі түсініктер.
Дәрістің мақсаты:
өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау
жүйесінде техникалық құжаттарды пайдаланудың және құрастырудың
жағдайлары мен негізгі түсініктерін, мазмұнын үйрену.
«Электр шаруашылығының құжаттары» деген жазуы бар сызбалар мен
толық кешенді сұлбалар өндірістің техникалық мұрағатында сақталады.
Цех электр құрылғыларының, олармен байланысты участоктар мен басқа
да цехтар оперативті сұлбасының жинағы электр шаруашылығына жауаптыда
болады. Әрбір цех немесе дербес өндірістік учаскіде болуы қажет:
-қорғаныс құралдары немесе инвентарлық нөмірі бар (төлқұжаттық
картаға
немесе
журналға
сынаудың
хаттамалары
мен
актілері,
қондырғылардың қайта қарауы мен жөндеуі тіркеледі) және техникалық
сипаттамасы
көрсетілген
төлқұжаттың
карта
мен
негізгі
электр
қондырғылардың тізімі бар журнал;
- қосалқы бөлшектер мен электр қондырғыларының сұлбалары;
- кабельдік журналдар, ашық салынған әуелік және кабельдік трассаның
орындаушы сызбалары;
-ғимараттарға және тұрақты құрылыстарға міндеттелген жерлендіру
құрылғылары мен жерасты кабельдің трассаның қосылу муфталарының орны
мен басқа коммуникациялармен қиылысы көрсетілген сызбасы;
- жалпы кәсіпорын, цех және участоктармен құрастырылған электрмен
жабдықтаудың жалпы сұлбасы.
Электр сұлбаларын бейнелеу үшін келесі түсініктер пайдаланылады.
Элемент - белгілі функционалды шаманы (резистор, конденсатор,
катушка, контакт және т.б.) анықтайтын, басқа бөліктерге бөлінбейтін
бұйымның бөлігі.
Құрылғы
- бірыңғай конструкцияны білдіретін (плата, блок, шкаф және
т.б.), элементтердің жиынтығы.
Функционалды топ
- бірыңғай конструкция болмайтын, бірақ белгілі бір
функцияларды орындайтын (күштік тізбектер, автоматиканы басқару және
т.б.), элементтердің жиынтығы.
Функционалды
бөлік
– бұйымда белгілі бір функцияларды орындайтын,
жоғарыдағы бөліктердің кез келген бөлігі.
Электрлік сұлбалар келесі типтерге бөлінеді:
- структуралық сұлбаларда электр құрылғысы жайындағы жалпы
мәліметтер бар, онда қызметтік бөліктері, олардың тағайындамасы мен өзара
байланысы көрсетіледі;
75
- принципиалды сұлбада бұйымның барлық элементтері бар, олардың
белгіленуі мен арасындағы барлық байланысы көрсетіледі;
- функцианалды сұлбалар барлық құрылғылардағы немесе кейбір
бөліктердегі болатын процесті түсіндіреді;
- қосылулар сұлбасы (монтаждық) электр құрылғылардың құраушы
бөліктерінің қосылуы мен жобамен орналасатын жерін көрсетеді;
- сыртқы қосылулар сұлбасы сол электр құрылғысының барлық
бөліктерін, қосатын сымдарын көрсетеді;
- бөлменің жоспарындағы сымдар сұлбасы бөлме ішіндегі электр
сымдарын орнатқанда қолданылады.
Әрбір кәсіпорында, цехта, учаскіде қызметтік және пайдалану
нұсқаулары болы керек, онда жауапты адамдар мен қызметкерлердің құқығы
мен міндеттері көрсетіледі.
Қондырғылардың орналасуы мен нысанның шамасына байланысты
ғимараттың жоспарын әртүрлі масштабта бейнелейді.
Күштік және жарықтандыру тораптарының жоспарын біріктіріп, оларды
сызғанда білінетіндей етіп көрсетуге болады.
Қондырғылар мен ғимараттың құрылыстық бөлігін жоспарда жіңішке
сызықты түрде көрсетеді.
Жаңа электр құрылғыларын жобалау
үшін және оны пайдалануға енгізу
үшін негізгі құжат энергожүйеге электр құрылғысының қосылуының
техникалық жағдайы болып табылады, ол «Электр энергиясые пайдаланудың
ережесі» сәйкес беріледі.
Техникалық жағдайда жаңа торапты немесе қайта жаңартылатын электр
құрылғысын тораптың қай бөлігіне қосылатыны көрсетіледі. Егер жоғары
кернеу торабына қосылатын болса, трансформаторлық қосалқы стансаны
орнатудың қажеттілігі көрсетіледі.
Техникалық жағдайларды аудандық энергетикалық басқару немесе оның
нұсқауымен электр тораптарының кәсіпорны береді.
Өндірістік кәсіпорынның электр құрылғыларын пайдалануға енгізетін
кезде ұсынылатын негізгі техникалық құжаттардың тізімі.
Негізгі құжаттар.
1. Электр құрылғының техникалық жобасы.
2. Қосылуға техникалық жағдайлар берген ұжыммен жобаны мақұлдау.
3. Қосылудың техникалық жағдайлары.
4. Энергожүйеге қосылуға рұқстаттама.
5. Жобадан ауытқудың ведомості.
6. Жұмыстық жобаның материалы.
7. Әуелік және кабельдік желінің, негізгі электр қондырғылардың
төлқұжаты, сұлбасы, орындаушылық сұлбалар.
8. Электр қондырғылардың техникалық мәліметтері мен сынақтың
хаттамалары, шығарушы-зауыттан алынған монтаждау және пайдаланудың
зауыттық нұсқаулары.
76
9. Қауіпсіздік техникасы бойынша қолда бар қорғаныс, өртке қарсы және
басқа құралдардың тізімі.
10. Жоба бойынша жасалмаған жұмыстардың ведомості
11. Монтаж жасайтын кәсіпорыннан электр құрылғыларын қабылдау
комиссиясының актісі.
Нақты электр құрылғыларына (әуелік желілер, кабельдік желілер, тарату
құрылғылары, трансформаторлық қосалқы стансалар және т.б.) қосымша
техникалық құжаттар рәсімделеді.
Әрбір кәсіпорында, цехта, учаскеде, жұмыс орнында, сонымен бірге әрбір
электр құрылғысы үшін қызметтік және пайдалану нұсқаулықтарының жинағы
болуы керек, ол жерде қызметкерлер мен қызметтік тұлғалардың
жауапкершілігі, міндеті, құқығы көрсетіледі:
- қызметкерлердің жауапкершілігі, қарым қатынасы, міндеті, құқығы;
- электр қондырғылардың қосу және тоқтату шараларының реті, және де
ажырату мен жөндеуге жіберу;
- қалыпты жұмыс кезіндегі электр қондырғыны пайдаланудың реті, апат
болған жағдайдағы жасалатын шаралар;
- электр қондырғыларды жөндеуге жіберудің реті;
- қауіпсіздік шаралары мен өртке қарсы шаралар.
Қондырғыларды күтудің нұсқаулықтарын зауыттың мәліметтеріне,
пайдалану және апатқа қарсы өкімдер мен басқа да өкім беретін материалдарға
сай құрастырады, сонымен бірге пайдаланудың тәжірибесі, ортаның жағдайы
мен электр қондырғылардың ерекшеліктері ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |