|
1 – Дәріс Метрология пәні Метрология қарастыратын мәселелер Негізгі қарастырылатын мәселелер
|
бет | 1/4 | Дата | 27.02.2023 | өлшемі | 424 Kb. | | #70193 |
| 1 – Дәріс Негізгі қарастырылатын мәселелер - Метрология, метрология объектілері және бағыттары
- Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсаттары
- Өлшем бірлігін қамтамасыз етуді мемлекеттік басқару
- Физикалық шама үшін қабылданған бірліктер қандайда бір сан, немесе басқаша айтсақ оның мәні болады.
- Метрология - өлшеу, өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және қажетті дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым
Метрология - «Метрология» деген термин екі грек сөзінен metron - «өлшем» және logos – «ғылым» құралады.
- Метрологияның дамуы XX ғасыр соңына келді
- Пәнді дамытуда 1892-1907жж. аралығында ресейлік ғылым саласын басқарған
- Д. И. Менделеев еңбегі орасан зор
Метрология қарастырады: - 1) физикалық шамалар көрсеткіштері бойынша есептеу әдістері және құралдарын;
- 2) физикалық шамалар және техникалық параметрлерді, заттардың құрамы мен қасиеттерін өлшеу;
- 3) технологиялық процестерді тексеру және реттеу үшін өлшеулерді
Метрология бағыттары - 1) жалпы өлшеу теориясы;
- 2) физикалық шама бірліктерінің жүйесі;
- 3) өлшеу әдістері және құралдары;
- 4) өлшеу дәлдігін анықтау әдістері;
- 5) өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету негіздері, ӨҚ бірбейнелігі негіздері;
- 6) эталондар және үлгі өлшеу құралдары;
- 7) бірліктер размерін үлгі ӨҚ мен эталондардан жұмыс ӨҚ беру әдістері.
Метрология объектілері - 1) физикалық шамалар, олардың бірліктері, өлшеулер;
- 2) өлшеу принциптері және әдістері, техникалық өлшеу құралдары;
- 3) ӨҚ қателіктері, қателікті болдырмау мақсатымен жасалатын өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері мен құралдары;
- 4) өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету, эталондар, үлгілер;
- 5) мемлекеттік метрологиялық қызмет;
- 6) салыстырып тексеру сұлбаларының әдістемелері;
- 7) өлшеу жұмыс құралдары.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|