Бақылау сұрақтары
1. Кернеуі 1 кВ жоғары қосалқы станса мен тарату құрылғыларының
тағайындамасы мен құрылғылары.
2. Кернеуі 1 кВ жоғары қосалқы станса мен тарату құрылғыларының
құрылымы мен пайдалану барысындағы шаралары.
3. Қосалқы станса мен тарату құрылғыларының қондырғылары мен
құрылғыларын сынау.
4. РҚжА екіншілік тізбегінің қызметі
24
№5 дәріс. Кернеуі 1кВ дейінгі және жоғары кабельдік желіні
монтаждау
Дәрістің мазмұны: кабельдік желіні салудың әдістері, монтаждаудың
технологиясы мен реті, кабельдің мутасы мен сақиналануы, реттеу және
қабылдау-өткізу сынағы.
Дәрістің мақсаты: кабельдік желілерді реттеу мен монтаждаудың негізгі
ережелері мен талаптарымен танысу.
Өндірістік кәсіпорындарда, қалаларда және ірі мекенжайларда электр
энергиясын тарату, әдетте кабельді электрлік желілер арқылы жасалады.
Олардың әуе желісіне қарағанда біршама артықшылықтары бар - атмосфералық
әсерден қорғауды қамтамасыз ететін жабық тарту, қолдану кезіндегі
қауіпсіздігі мен жоғары беріктігі, сонымен қатар әртүрлі инфрақұрылыстық
коммуникацияларды салуға қажетті, кеңістіктің көлемін біршама шектеу.
Сондықтан да олардың бағасы мен еңбек сыйымдылығының салынуына
қарамастан, кабельдік желілер кернеуі 6-10 кВ тораптарында, 1000 В дейінгі
тарату электр тораптарында кеңінен қолданылады [7].
Кабельдік желілер траншеяда, арнайы кабельдік ғимараттарда,
эстакадада, галереяда, ғимараттар мен құрылыстардың қабырғасында ашық,
трубада, өндірістік кәсіпорындардың цех ішіндегі бөлмелерінде, сонымен бірге
коллекторларда - байланыс желілерімен және басқа коммуникациялармен бірге
кабель тартуға арналған арнайы жерасты ғимараттарда тартылады.
Кабельдік желілердің трассасын таңдағанда кабель шығыны аз қылып
таңдайды. Сонымен бірге оны механикалық зақымдалудан, коррозиядан (жол
таңдағанда кабельдің металл қабықтарына қарай агрессиялық топырағы бар
участоктарға жоламау керек) сақтаудың мүмкіндіктерін ескереді. Содан кейін,
діріл немес көршілес кабельден зақымдалуы мүмкін екенін, және де әртүрлі
жылу бөлетін көздер мен күн сәулесінің тікелей әсерінен қызып кетуді ескереді.
Тарту кезінде ғимаратқа дейінгі рұқсат етілген қашықтықты сақтай отырып,
кабельдердің бір бірімен және де басқа әртүрлі құбыр желісімен айқасуынан
қашқақтайды.
Монтаждау және қолдану кезінде кабельде қауіпті механикалық кернеу
пайда болмас үшін, оларды ұзындығы бойынша 1-3% артығымен ирелеңдетіп
тартады. Мұндай қор кабельдер мен тартылған құрылым (мысалы, металл
эстакадалардың фермасы) үшін топырақтың ауысу мүмкіндігі мен
температуралық бүлінуді компенсациялауға жеткілікті. Кабельдің қорын
ұштап немесе орам түрінде жасау тыйым салынған.
Кабельдердің қабығын майысу кезінде үзілу мен сызат пайда болуынан
қорғау үшін, майысудың ішкі қисығының радиусын нормалайды. Кабельдің
тағайындамасы мен оқшаулма түріне байланысты оны әдетте сыртқы
диаметрін 6 дан 25 дейін тең деп қабылдайды.
Әрбір монтаждалған кабельдік желі, сонымен бірге барлық муфталар мен
дайындамаларда марканың белгіленуі, кернекі, қимасы, кабельдік желінің
25
номері мен атауы жазылған тақтайша ілінеді, муфталар мен дайындамалардың
тақтайшасына - муфталар мен дайындамалардың монтаждық жұмысын жасаған
электр монтердің фамилиясы мен монтаж жасаған күні жазылады.
Жерасты немесе ашық тартылған кабельдік желінің трассасын, сонымен
бірге қосылатын кабельдік муфталардың орнын жоспарға түсіреді, ол жерге
нақты жағдайдағы фундаменттік немесе арнайы көрсетілген белгіге
байланысты координаталары көрсетіледі [15].
Электр энергиясын таратудың ең көп тараған және арзан әдісі -
кабельдерді траншеяларда орналастыру (4.1 сурет).
1 – байланыс кабелі; 2 – механикалық зақымдалудан қорғайтын кірпіш; 3 – себуге арналған жұмсақ
жер (құм); 4 – 35 кВ дейінгі кабельдер; 5 – 10 кВ дейінгі кабельдер; 6 – бақылау кабельдері.
5.1 сурет – Тарншеяларда кабель жүргізу
Мұндай әдіс үлкен көлемдегі құрылыс жұмыстарын қажет етпейді және
кабельдердің салқындауына жақсы жағдай жасайды.
Бұл әдістің кемшілігі - ғимаратты қолдану кезіндегі жүргізілетін әртүрлі
қазу жұмыстары кезінде механикалық зақымдалудың болу мүмкіндігі. Трасса
бойында басқа жерасты немесе жерүсті коммуникациялармен жүктелмеген,
траншеяларда кабельдерді 0,7 мм кем емес тереңдікте тартылады. Бір
траншеяда кернеуі 6-10 кВ алты кабельден немесе кернеуі 35 кВ екі кабель
артық орналастырылмайды. Сонымен қатар, олардың қасына бір шоғырда төрт
бақылау кабельінен артық кабель тартуға болмайды [4].
Темір жолмен және жолдармен қиылысқанда, тар жерлерде, еріген
металл төгілу қаупі бар және қарқынды кезбе тоқтар немесе агрессивтілігі
ерекше топырағы бар ауданында кабельдер блогын тартады.
Энергияны көп тұтынатын өндірістік кәсіпорын аумағында бір бағытта
20 аса кабель жүргізілу керек болғанда, туннельдерде кабель тартуды
қолданады. Мұндай тарту кабельдік желінің сенімді жұмысын қамтамасыз
етеді, бірақ құрылыс бөлігінің ең қымбат бағасы болып табылады. Әртүрлі
жерүсті коммуникацияларына толы кәсіпорындарда, кабельдерге жаман әсер
ететін топырағы бар аумақтары бар, мәңгі тоңы бар аудандарда кабельдерді
тарту эстакада немесе галереяда жасалады.
|