14
№3 дәріс. Кернеуі 1кВ дейінгі және жоғары кабельдік желіні
пайдалану
Дәрістің мазмұны: жөндеу жүйесі
және профилактикалық сынақ, қарау,
кабельдік желінің
зақымдалған орнын анықтау,
кабельдік желіні пайдалану
және монтаждау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Дәрістің мақсаты: өндірістік кәсіпорындар мен қалалардағы кабельдік
желіні пайдаланудың негізгі түсініктері мен жағдайлары.
Кабельдік желілерді пайдалану кабельдердің және олармен байланысты
электр жабдықтарының зақымдануының және істен шығуының алдын алу және
болдырмау жөніндегі іс-шаралар жүйесін білдіреді.
Негізгі іс-шаралар-
тексерулер, профилактикалық сынақтар және жөндеу жүйесі.
Күштік кабельдер жалпы және арнайы пайдаланылатын болып бөлінеді
және қимасы 2,5 – 800 мм
2
, бір-, екі-, үш- және төрт талсымды болып жасалады.
Бақылау кабельдерінің саны 4-37, қимасы 0,75 - 10 мм
2
.
Кабельдер маркасының әріптік белгіленулері төменде берілген [5]:
А – (бірінші әрпі) – алюминий сым;
А – (екінші әрпі) – алюминий қаптама;
Б – жалпақ ленталардан жасалған броньды жабын;
б – қорғаныс қабығында жамылғының болмауы;
В – Поливинилхлоридті қабықша (бірінші әріп)
немесе белгілердің
басында немесе ортасында орналасқан өзектерді оқшаулау (екінші әріп) ;
Достарыңызбен бөлісу: