Электр сызбаларын тексеру



Дата22.11.2022
өлшемі436,39 Kb.
#51804
Байланысты:
лекция 12


ЭЛЕКТР СЫЗБАЛАРЫН ТЕКСЕРУ
Электр сызбаларын тексеру барысында негізінен ақаулардың үш түрі кездеседі: үзілу, қысқа тұйықталу, элементтер мен контактілердің жоғары ішкі кедергілері. Электр сызбаларының ақауларын тексеруді қуат беру қосалқы жүйесін тексеруден бастау қажет.
Бастапқы кезеңде төмендегілер тексеріледі:
■ электр тізбектерінде сызба элементтерін қысқа тұйықтаулары мүмкін, оқшауланбаған сымдардың болуын;
■ қысқа тұйықталу мүмкіндігін жоққа шығару мақсатында, оқшаулаудың болуын және тозу деңгейін;
■ бекітілмеген, босап кеткен немесе ақаулы электр контактілері мен байланыстарының, ең алдымен электр ажыратқыштарының болуын;
■ қуат беру кернеуін қосуға арналған контактілерді, оның ішінде жалғанған орындардың тат баспағандығын және мықтылығын тексеру;
■ сигнал беру лампаларының және жарық диодтарының жұмыс істеуін;
■ конструкцияларда қысқа тұйықталу, қызып кету, артық салмақ түсу, контактілердің артық тозуының белгілері болуы мүмкін қызуын, тұтануын, түтін шығуын, иіс, бөгде дыбыстардың шығуын.
5.7-суретте оның көмегімен қуат беру көзін жұмысқа қабілетсіздігі жағдайында, ақауды анықтау мүмкін болаты, қуат беру көзін тексеру алгоритмінің блок-сызбасы келтірілген.
Егер, қуат беру көзі жарамды болса, электр сызбаларының жекелеген тораптарын тексеруге көшу қажет. Электр сызбасын тексеру барысында, сызбаның тораптық орындарындағы кернеуді бақылау және сигналдың болуын және қалпын бақылау тәрізді тексеру тәсілдері пайдаланылады. Егер, бірінші жағдайда кернеуді өлшеу үшін мультиметр жеткілікті болса, екіші жағдайда сигналдар генераторы және осциллограф қажет болады.
Кернеуді әрқашан ортақ тірек әлеуетіне қатысты өлшеу қажет екендігін естен шығармау қажет. Кернеулердің айырмашылықтары екі еркін таңдап алынған нүктелер арасында өлшенеді. Егер, біз тірек әлеуетіне қатысты кернеу туралы айтып отырған болсақ, онда ол мысалы, UК, UБ деп бір жол асты индексімен белгіленеді. Егер, екі нүкте немесе екі шығу орны туралы айтылып отырса, онда ол мысалы, UКЭ, UБЭ деп екі жол асты индексімен белгіленеді.


5.8-суретте биполярлы транзистордағы күшейткіш каскады ұсынылған. Бұл жерде транзистор екі электр тізбегінде бірден қосылған: кірмедегі электр тізбегі (басқару тізбегі) және шықпадағы электр тізбегі (жұмыс тоғы тізбегі). Транзисторды тексеру барысында осы екі саланың да жұмысқа қабілеттіліктерін тексеру қажет.
5.8, а суретінде жарамды күшейткіш каскадының кіомесі және шықпасы электр тізбектері кернеулері көрсетілген. Базадағы кернеу UБ = 0,3 В — бұл, RБ база резисторы кедергісімен анықталатын жұмыс нүктесі кернеуі, сонымен бірге коллектордағы кернеу қуат беру көзі кернеуінің шамамен жартысын құрайды, яғни 8 В.
5.8, б суретінде коллектор мен эмиттер арасындағы қысқа тұйықталу көрсетілген. Іс жүзінде, шықпа да қысқа тұйықталған және коллектордағы өлшенген кернеу 0 В тең болып табылады. Қуат беру көзінің бүкіл кернеуі U = 15 В, коллектордың резисторы кедегісіне RБ түседі.
5.8, в суретінде транзистордың коллекторы мен эмиттері арасындағы ішкі үзілу көрсетілген. Бұл жағдайда, эмиттерлік-коллекторлық тізбек үзілген, ол жерде тоқ жоқ. Егер, коллектордағы кернеуді өлшейтін болсақ, ол толық қуат беру кернеуіне U = +15 В тең болып шығады.
5.8, г суретінде база мен эмиттер арасындағы қысқа тұйықталу көрсетілген. Базадағы өлшенген кернеу UБ = 0 В тең болады. Бұл жағдайда транзистор үшін қалыпты жұмыс нүктесі қамтамасыз етілмегендіктен, эмиттерлік-коллекторлық тізбекте тоқ болмайды. Тиісінше, транзистордың эмиттері мен коллекторы арасындағы кедергі өте үлкен болады, ал коллекторда өлшенген кернеу UК = + 15 В тең болып шығады. 5.1-ші мысал. 5.9- суретте үш каскадты күшейткіш ұсынылған. Қуат беру кернеуі 9 В тең. Кірмеге жиілігі 1 000 Гц және қолданыстағы мәні 5 мВ болатын синусоидалды кернеу беріледі. Шықпада сигнал жоқ. Ақаудың себебін табу қажет. Шешім. Ақауларды іздеу және жою үшін бақылау нүктелерінде кернеуді өлшейміз. Барлық өлшеулерді тірек әлеуетіне (жерге) қатысты істейміз. Өлшенген шамалар: транзистор Т1
транзистор Т2
U9 = 9,0 В, U8 = 0,73 В, U7 = 0,022 В;
U5 = 7,11 В, U4 = 0,93 В, U6 = 0,19 В;

транзистор Т3
U12 = 4,32 В, Un = 0,92 В, U10 = 0,17 В.
Алынған өлшемдерді талдай отырып, 9 нүктедегі кернеудің қуат беру көзіндегі кернеуге тең екендігін көрдік, тиісінше, 9 нүктеден төмен қарай үзілген орын бар. 8 және 7 нүктелерде кернеу болғандықтан, үзілген орын 9 және 7 нүктелердің арасында деп болжам жасауға болады. Осылайша, біз ақаулы аймақты оқшауладық және әрекеттердің бұдан арғы алгоритмі ақаулы аймақтағы компоненттер мен жағанған орындарды тексеру болып табылады.
Ақауларды іздеудің өте тиімді тәсілі, егер жарамсыз плата болған жағдайда, жарамды және жарамсыз платалардың бақылау нүктелері бойынша салыстыру болып табылады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Мультиметрдің көмегіменқандай шамаларды өлшеуге болады?
2. Мультиметрдің көмегімен ауыспалы кернеуді және тұрақты тоқты қалай өлшеуге болады? Аспаптың сүңгілерін бұл жағдайда қалай орнатуға болады?
3. Вольтметр мен амперметрде қандай кедергілер болуы қажет?
4. Қандай аспаптың көмегімен электр сызбасына аналогтық импульс беруге болады?
5. Қандай аспаптың көмегімен электр сызбасына екілік импульстар тізбегін беруге болады? 6. Сигналдың қандай параметрлерін осциллографтың көмегімен өлшеуге болады?
7. Осциллографта қандай мақсатпен сәйкестендіруді реттеу жүргізіледі?
8. Аяқталған өлшеу жүйесінің құрамы қандай болуы қажет?
9. Биполярлы транзисторды тексеру алгоритмін көрсетіңіз.
10. Электр сызбаларының ақауларын іздеу барысында тексерудің қандай тәсілдері пайдаланылады?
11. Қандай жағдайларда өлшенген кернеу бір жол асты индексімен, ал қайсысында екі жол асты индексімен белгіленеді?
12. Биполярлы транзистор күшейткішінің каскадында қандай ақаулар болуы мүмкін?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет