Электр сұлбалар


Баспа платаның электр сұлбасы және жұмыс сызбасы



бет7/8
Дата20.09.2023
өлшемі7,32 Mb.
#108982
1   2   3   4   5   6   7   8

Баспа платаның электр сұлбасы және жұмыс сызбасы


Жұмысты орындау үшін әрбір студент оқытушы айтқан нұсқа бойынша В қосымшасынан деректерді алады.


Әр нұсқада қарастырылатын мысалдағыдай келесі мәліметтер беріледі:

  1. электрлік принципті сұлба (6-суретті қараңыз);

  1. сурет




  1. ілінетін элементтердің атауы және саны (7-суретті қараңыз);

  1. сурет




  1. ток өткізгіш жолдары, элементтердің сымдары кигізілетін, кон- тактылы шығу және бекіту тесіктері көрсетілген баспа платаның кескіні (8,а- суретті қараңыз);

  2. ілінетін элементтердің орналасуын көрсететін платаның екінші жағы (8,ә-суретті қараңыз).

а) ә)



  1. сурет

Плата торабының электр сұлбасы екінші тарауда қарастырылған ережелерге сәйкес А қосымшасының көмегімен орындалады (9-суретті қараңыз).


Элементтердің шартты графикалық белгіленуі сұлбада жуандығы электр байланысы сызығының жуандығындай, яғни 0,2 мм-ден 1,0 мм-ге дейінгі өлшемді сызықпен орындалады. Бұл аралықтан сызықтың қандай жуандығы алынатындығы сұлба өлшемдеріне байланысты, сызықтың ұсынылатын жуандығы – 0,4 мм-ден 0,5 мм-ге дейін. Егер шартты графикалық белгілерде жуандатылған сызықтар болса, онда оларды байланыс сызығынан екі есе жуандықпен орындау керек. Сұлбада элементтердің шартты белгілеулерінің орналасуы сұлбаны оқудың қолайлылығы мен жүйелігін қамтамасыз етуге тиіс және бұл элементтерді өзара ең қысқа, әрі қиылысу мен сызықтардың саны ең аз болатындай, электр байланыс сызықтарымен қосу қажет. Көршілес параллель байланыс сызықтардың ара қашықтығы 3 мм-ден кем болмауы қерек. Сұлбада түсініктеме жазулар ең шектелген мөлшерде, әрі қысқа беріледі және ондағы барлық жазулар, сонымен бірге, әріптік және санды белгілеулер сызба қарпімен орындалуы қажет.
Баспа торабының электр сұлбасын және элементтер тізімін А4 пішімде орындау мысалы 9-суретте көрсетілген.




  1. сурет

Баспа платаның жұмыс сызбасы А3 пішімде келесі ретпен орындау қажет:

  1. платадағы барлық тесіктердің нақты өлшемдерін анықтау;

  2. плата тесіктерінің кестесін орындау;

  3. плата кескінін тұрғызу;

  4. қажетті өлшемдерін қою;

  5. техникалық талаптарды орындау.

Баспа платаның жұмыс сызбасы МЕСТ 2.417–91 стандарттың ережесімен орындалады. Сызбаны 1:1, 2:1, 4:1, 5:1, 10:1 масштабында орындағанда, оның баспаланған өткізгіштері мен тесіктерінің көрінісін қамтуы қажет. Сызбаның барлық элементтерінің өлшемдері МЕСТ 2.307 – 68 стандартқа сәйкес, немесе координаталардың тік бұрышты не полярлық жүйелерінде берілген координаталық торлардың көмегімен көрсетіледі. Координаталық торлардың түйіні деп олардың сызықтарының қиылысу нүктесін айтады.
Берілген тапсырмадағы плата торының жолын, бағанасын санап, AutoCAD жүйесінде «Массив» командасының тік бұрышты түрі көмегімен тор орындалады. Тордың адымы 2.5 мм, оның қалыңдығы 1.5 мм болатын сызбаны 2:1 масштабпен орындау қажет.
Платада тесіктерді оңайлатып өлшемдері шартты түрде диаметрі 1.5 мм етіп бірдей шеңбермен (ұңғу шеңберісіз) кескінделеді. Тесіктердің центрін координаталық торлардың түйіндерінде орналыстырады.
Платаның төрт бұрышындағы бекіту тесіктерінің диаметрін 3.5 мм, ал плата элементтерімен басқа қондырғылар арасында электрлік байланыс үшін нөмірленген контактілі шығу тесіктерінің диаметрін шартты түрде 1.5 мм деп есептейді.
Тесіктердің диаметрі бірдей 1.5 мм деп орындалғанмен, олардың нақты диаметрлері әртүрлі. Олай болса әрбір тесіктің нақты диаметрін анықтау үшін, сол тесікке кигізілетін элементті Б қосымшадан тауып, оның сымының диаметрі анықталады, сондай диаметр сымды кигізу үшін, 10-суретте көрсетілген кестеге қарап платадағы тесіктің диаметрі анықталады.

  1. сурет

Анықталған тесіктерге әр диаметр үшін қалау бойынша және МЕСТ 2.307-68 стандарттың ережесіне сәйкес белгілер тағайындалады (11-суретті қараңыз).





  1. сурет

Одан кейін 12-суретті көрсетілгендей үлгі бойынша тесіктерге кесте орындалады. Сонымен қатар ток өткізу жолдарының, платаның контур сызығының қалыңдығын 1 мм; шеңберлердің сызығының қалыңдығын 0.5 мм; элементтер сызығының қалыңдығын 0.9 мм; плата торы жіңішке сызықпен (0.0 мм) орындалады.



  1. сурет

Платаның қажетті өлшемдері көрсетіледі (13-суретті қараңыз). Баспа плата үшін көбірек тараған материал фольгамен қаптарланған әйнекті текстолит СФ – 2 – 50 МЕСТ 12652-74, қалыңдығы 0.8; 1.0; 1.5; 2.0: 2.5; 3.0


мм. Сол сияқты бір жағынан не екі жағынан фольгамен қаптарланған гетиканс ГФ -1, ГФ -2 қолданылады. Материалдың қалыңдығы оның шартты белгілеуінде көрсетіледі. Мысалы қалыңдығы 1.5 мм әйнекті текстолит болса, ол СФ-2-50-1.5 деп жазылады.
Техникалық талаптар негізгі жазудың үстіне орналастырылады. Техникалық талаптар платаның өз ерекшелігіне байланысты төмендегідей ретпен жазылады:

    • координаталық тордың адымы;

    • өткізгіштер контакті алаңдарының және басқа элементтердің ауытқу мүмкіндігі;

    • баспа өткізгіштердің ені;

    • өткізгіштердің ең жақын ара қашықтығы;

    • контактылы алаңдарды ығыстыру және тегістеу талаптары;

    • маркалау және таңба басу туралы нұсқа.

13-суретте баспа плата сызбасының А3 пішімінде орындалу үлгісі көрсетілген.

  1. сурет


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет