Электр сұлбалар


Баспа торабының құрастыру сызбасы және сипаттізім



бет8/8
Дата20.09.2023
өлшемі7,32 Mb.
#108982
1   2   3   4   5   6   7   8

Баспа торабының құрастыру сызбасы және сипаттізім


Баспа торабы деп аспалы элементтері бар баспа платасын атайды. Тораптың құрастыру сызбасы саны жағынан аз проекциялы бола тұрып, аспалы радиоэлементтер мен басқа тетіктер, олардың платада орналасу жайында толық мағлұмат береді. Ол мынандай:



    • электр және радиоэлементтердің позициялық белгілеулерін маркалау;

    • аспаптардың (трансформаторлар, релелер және т.б.) сыртқа шығарылған сымдарының шартты белгілеулерін;

    • баспа торабының электрлік принципті сұлбасына сәйкес элементтердің полярлығын, сыртқа шығатын контактылы сымдардың нөмірленуін қамтуы керек.

Сызбада позициялық белілеулер, ауқым және қондырма өлшемдері (бекіту тесіктердің осьтерінің ара қашықтығы), элементтердің белгіленулері қойылады. Позициялық белгілер басқаларымен салыстырғанда екі қарып үлкен жазылады. Егер сызбаны дүрыс түсінуге кедергі болмаса, онда ілінетін элементтерді ықшамдап кескіндейді. Оларды платаның бетіне 2-3 мм параллель етіп белгілі тәртіппен орналастырады. Сызбада тиісті деректермен берілген техникалық талаптар жазылады.
Элементтердің шығып тұрған сымдары платаға дәнекерленеді және транзисторлардың сымдарына түрлі түсті электризоляциялық түтіктер кигізіледі.
Сызбаны орындауға қажет материалдар Б қосымшасында қажетті берілген: элементтердің кескіндері, өлшемдері, маркалары, бекітілген стандарттары не техникалық шарттары.
Баспа торабының құрастыру сызбасы А4 пішімде, екі негізгі көрінісі, элементтері ілінген жағдайда, орындалады. Баспа торабының құрастыру сызбасының үлгісі 14-суретте көрсетілген. Бас көрініске баспа торабының элементтері ілінген жағы қарастырылады. Ал екінші көрініске, оның сол жақ не үстінгі көрінісі орындалады. Ауқым және бекіту өлшемдері қойылып, негізгі жазудың үстіне техникалық талаптар жазылады.
Келесі А4 пішімде баспа торабының құрастыру сызбасына сипаттізім МЕСТ 2.108-68 стандарттың ережесіне сәйкес 15-суреттегідей орындалады.




  1. сурет





  1. сурет

А қосымшасы


Элементтердің шартты белгілеулері
Б қосымшасы Бұйымдардың кескіндері





В қосымшасы
Тапсырма нұсқалары





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет