см
|
см
|
|
|
В
|
%
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
Орташа
|
-
|
1,018
|
-
|
|
-
|
Σ
|
|
|
Бақылау сұрақтары
Кулондық күш өрісі тұрақты элекр тогының пайда болуына себеп бола ма?
Кирхгоф заңын түсіндір.
Неліктен реохорд жұмысы үшін калибрленген сым қолданылады?
Жұмыс формуласын қорытып шығар.
№ 34 зертханалық жұмыс.Баллистикалық гальванометр көмегімен сұйық диэлектриктердің диэлектрик өтімділігін өлшеу
Жұмыстың мақсаты: Зерттелетін диэлектрикпен толтырылған конденсатордың электр сыйымдылығы бойынша диэлектриктің диэлектрлік өтімділігін эксперимент жүзінде анықтау әдісімен танысу.
Баллистикалық гальванометрді градуирлеу. Трансформатор майының диэлектрик өтімділігінің шамасын анықтау.
Теориялық кіріспе
Электротехникада қолданылатын сұйық диэлектриктердің ішінде трансформатор майы жиі кездеседі. Трансформатор майын күшті трансформаторлардың изоляциясының электр төзімділігін арттыру, жылу беруін жақсарту үшін толтырады. Трансформатор майы жоғары кернеудегі майлы ажыратқыштарда және т. б. электр аппараттарында қолданылады. Бір немесе екі беті қызыл – мысты электрлік фольгамен тегістелген шынытекстолит аппаратураның төмен вольттік тізбегінің басылған сұлбаларын жасауда қолданылады. Басылған сұлбаларды фольгаланған шынытекстолитті (травлением ) алынады.
Диэлектриктердің үйектелуі
Диэлектриктердің қасиеттерінің негізгі сипаттамаларының бірі болып табылатын физикалық шама – диэлектрлік өтімділік . Диэлектрлік өтімділік вакуумдағы электр зарядтарының жүйесімен қоздырылған электр өрісі кернеулігінің сол зарядтардың диэлектрлік ортадағы электр өрісі кернеулігінен қанша есе артық екенін көрсетеді.
Диэлектриктердің электр өрісі кернеулігінің шамасына және электр зарядтарына әсер етуі оның сыртқы электр өрісінде үйектену (поляризация) құбылысымен түсіндіріледі. Диэлектриктердің үйектелу механизмі оның молекулаларынының орналасуына тәуелді.
Егер молекулалар симметриялы орналасса, яғни оң және теріс зарядтардың сыртқы электр өрісі болмағанда, “ауырлық” центрлері сәйкес келсе, онда сыртқы электр өрісінде электронды немесе деформациялық үйектелу пайда болады. Оң +Q және -Q теріс зарядтарының ауырлық центрлері l шамасына (диполь иіні) ығысып, молекула электр өрісінді дипольдік моментке ие болады (34.1 сурет).
(1)
34.1 сурет
Егер молекулалар асимметриялы орналасса, яғни оң және теріс зарядтарының “ауырлық” центрлері сәйкес келмесе, онда мұндай молекулалардың дипольдік моменттері сыртқы өріс болмағанда нөлден айырықша болады үйектік молекула (полярные молекулы).
Сыртқы өріс болмаған жағдайда үйектік молекулалардың дипольдік моменттері, жылулық қозғалыс салдарынан, кеңістікте бейберекет бағдарланады да, олардың қорытқы моменті нольге тең болады. Сыртқы электр өрісі дипольдік моменттердің өріс бағытымен бағдарлануын туғызады. (бағдарлық үйектелу).
Сөйтіп диэлектриктердің үйектелуі деп, дипольдардың бағдарлану немесе электр өрісі әсерінен өріс бойынша бағдарланған дипольдардың пайда болу құбылысын айтады.
Сыртқы электр өрісінде орналасқан диэлектрик бетінде, үйектелу (поляризация) нәтижесінде, Е0 сыртқы өріске қарама-қарсы өздік ішкі өріс қондыратын, байланысқан зарядтар пайда болады.
Демек, диэлектриктің үйектелуі деп дипольдердің бағытталу құбылысы немесе электр өрістерінің әсерінен өріс бойымен бағдарланған дипольдердің пайда болуын айтады.
34.2 суретте диэлектрикпен толтырылған, зарядталған конденсатор сызбасы келтірілген. Диэлектриктегі электр өрісінің кернеулігі . Егер диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі белгілі болса, онда
(2)
Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігін анықтаудың ең кең тараған әдісі, сол диэлектрикпен толтырылған конденсатордың сыйымдылығын өлшеуге негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |