Зертханалық қондырғы және өлшеу әдісі
Жұмыста трансформатор майының диэлектрлік өтімділігін анықтау үшін, осы маймен толтырылған екі бірдей параллель жалғанған С және N жазық батареяның электр сыйымдылығын өлшеу қажет.
Диэлектрлік өтімділік (6) өрнекке сәйкес келесі өрнекпен анықталады
(7)
Конденсатор батареясының сыйымдылығын анықтау үшін 3-суретте келтірілген сұлба бойынша электр тізбегін құрады.
Жұмыста электр сыйымдылығын анықтау әдісі берілген U кернеуде зерттелетін конденсаторлардың жинақтаған Q электр мөлшерін өлшеуге негізделген. Электр мөлшерін гальванометрдің жарық тілшесінің максималды ауытқуы бойынша, егер оны алдын-ала сыйымдылықтарының эталонды жиынтығының көмегімен градуирлеп, және градуирленген (дәл бөліктелген) график құрылса, бағалауға болады.
Q-ды біле отырып, диэлектрик толтырылған жазық конденсаторлар батареясының С қоспасын келесі өрнек бойынша анықтайды
(8)
мұнда U – конденсатор батареясындағы кернеу.
(8) өрнекті (7)-өрнекке қойып, зерттеліп отырған диэлектриктің диэлектрлік өтімділігін есептеу өрнегін алады
(9)
Қойылған есептің шешімі екі кезеңнен тұрады:
Баллистикалық гальванометрді градуирлеу (дәл бөліктеу);
Зерттелетін диэлектриктің диэлектрлік өтімділігін анықтау.
PG – баллистикалық гальванометр. Ол рамканың өздік тербеліс периодымен салыстырғанда аз уақыт аралығында оның рамкасы арқылы өтетін заряд мөлшерін өлшеуге қолданылады. Баллистикалық гальванометрдің кәдімгі магнит-электрлік жүйедегі гальванометрден ерекшелігі: қозғалмалы бөлігі ауыр, инерция моменті және өздік тербеліс периоды үлкен. Егер мұндай гальванометр арқылы қысқа импульсті ток (мысалы, конденсатор разряды) өтсе, онда гальванометрдің қозғалмалы жүйесімен байланысқан жарық тілшесінің максималды ауытқуы токқа емес, керісінше гальванометр арқылы өткен Q-зарядқа пропорционал болады.
С – зерттелетін конденсатор батареясы;
Сэ – сыйымдылықтардың эталонды жиынтығы;
GB – тұрақты ток көзі;
RP – потенциометр;
PV – вольтметр;
а1 б – сыйымдылықтың эталоны Сэ жиынтығы немесе зерттелетін конденсатор С батареясы жалғанатын қысқыштар;
SA – сол жақтағы қалыпта тұрған кезде ток көзінен конденсатордлың зарядталуын, ал оң жақтағы қалыпта конденсатордың PG гальванометр арқылы разрядталуын қамтамасыз ететін ауыстырып-қосқыш.
Достарыңызбен бөлісу: |