Электр зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар


Зертханалық құрылғы және өлшеу әдісі



бет9/15
Дата16.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#68636
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Зертханалық құрылғы және өлшеу әдісі


Бұл жұмыста белгісіз кедергі ретінде «а». «в», «с» клеммалары бар стационарлық құрылғыға керілген сым пайдаланылады (32. 1сурет). Бұл құрылғыда 1- құралдың негізі; 2,3- шпалалары бар баған; 4- жылжымайтын кронштейн; 5- жылжымалы кронштейн; 6- өткізгіш; Rx1, Rx2 – белгісіз кедергілер.




Жылжымалы кронштейн сымды екі кедергіге бөледі, оларды анықтауымыз керек. Клеммаларды қосу 3, 4- суретте көрсетілген: «ав» клеммаларға бірінші кедергі, «вс» клеммаларға екінші кедергі қосылады, кедергілер тізбектей қосылғанда «ас», ал параллель қосылғанда «ас»/»в» клеммалары.





32.3 сурет




Қалған Уитсон көпірінің элементтері (R, R1, R2, - кедергілер, гальванометр, қорек көзі, қосылғыш) жұмыста пайдаланатын МО-62 тұрақты ток көпірінде. Көпірдің сүлбісі 32.5 суретте көрсетілген.



Қ


атынастар иығы ретінде пайдаланылатын R кедергісі көпірдің бес декадалық кедергілер дүкенінде келтірілген. R1, R2 – қатынастары алты декадалық тумблермен ауыса алатын көпірдің қатынастар иығы (32.6 сурет). Осы ауыстырып қосқышта тізбектей қосылған және “көпірдің қатынастар иығын” құрайтын он бір резистор орнатылған. Біз үш қалыпта ғана жұмыс жасаймыз: 1; 1:4; 10. Көпірдің қысқыштары мен басқару тумблерлері 32.6-суретте көрсетілген.


Көпірдің белгісіз кедергілерінің тепе-теңдік қалыпы кедергілер қатынасында орындалады, осыдан .
Тепе-теңдікте PG гальванометр тілшесі нөлді көрсетеді.


Қауіпсіздік шаралары

Құрылғы 220В кернеуде жұмыс жасағанда қауыпсіздік техникасының талаптарын сақтау керек.




Жұмысты орындау тәртібі:


  1. құрылғымен танысу;

  2. кедергіні («а»«в» клеммаларын) көпірдің П1 П2 қысқыштарына жалғау;

  3. көпірді жұмысқа дайындау: «ПП» қорек қосқышын «36» қалыпына; сүлбінің «ПС» қосқышын «ГВ» қалыпына (орнатылған гальванометр); құралды ~220В ток желісіне қосып «СЕТЬ» қосқышын «ВКЛ» қалыпына қоямыз, сигнал шамы жану керек;

  4. қатынастар иығының тумблерлерінде «№=1» көбейткішін қосу;

  5. «ГРУБО» пернесі басылып тұрғанда декадалық тумблерлерді бұрау арқылы гальванометр тілшесін нөлге келтіреміз; дәл осыны «ТОЧНО» пернесі басылып тұрғанда орындаймыз;

  6. «ТОЧНО» және «ГРУБО» пернелерін жіберу;

  7. тумблерлердің көрсеткіштері бойынша R шамасын жазып алу; мысалы, R=2х1+3х0,1+8х0,01+8х0,001=2,388;

  8. белгісіз Rx кедергінің шамасын формуласымен есептеп кестеге еңгізу;

  9. көбейткішті №=1:4 қойып 4.5- 4.8 өлшеулерін өткізу;

  10. дәл соны №=10 үшін орындау;

  11. екінші кедергіні («в» «с» клеммалары) П1 және П2 қысқыштарына қосып өлшеу нәтижелерін кестеге еңгізу;

  12. кедергілерді тізбектей («а» «с» клеммалары) жалғап, 4.5- 4.10 өлшеулерін өткізу. Нәтижелерін кестеге еңгізу;

  13. кедергілерді параллель («ас» «в» клеммалары) қосып, 4.5- 4.10 өлшеулерін өткізу. Нәтижелерін кестеге еңгізу;

  14. қателігін Стьюдент коэффициентін ескеріп өлшеп жатқан шаманың орташа мәнінің жеке өлшеулерден ауытқуы бойынша есептеу;

  15. жұмыстың нәтижесін 4 жағдай үшін түрінде жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет