Электр зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар



бет8/15
Дата16.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#68636
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Бақылау сұрақтары



  1. Электростатикалық өрістің сипаттамалары.

  2. Электростатикалық өрістің кернеулігі мен потенциал арасында қандай байланыс бар?

  3. Қандай беттер эквипотенциал беттер деп аталады?

  4. Күш сызықтарының эквипотенциал беттерге перпендикуляр екендігін дәлелдеңіз.

  5. Күш сызықтарының тобын қалай құруға болатындығын айтып беріңіз.



№32 зертханалық жұмыс.Уитстон көпірі арқылы кедергіні анықтау




Жұмыстың мақсаты: Көпірдін кедергісін өлшеудін бір әдісін меңгеру. Екі өткізгіштің кедергісін жеке-жеке, оларды тізбектей және параллель қосқандағы кедергілерді анықтау.
Құралдар: Кедергісі белгісіз өткізгіші бар стационар құрылғы. Тұрақты ток көпірі.


Теориялық кіріспе


Уитсон көпірі кедергілерді өлшеу үшін арналған. Ол АВ реохорд пен екі белгілі R және белгісіз Rx кедергілерден тұратын тізбектен құрылған (32.1 сурет).


Реохорд жылжымалы D контактысы бар сызғышқа керілген өткізгіш сым. SA кілтін қосқанда гальванометр тізбектің СД бөлігінде токтың бар екендігін көрсетеді; бірақ С және D нүктелерінде потенциалдары тең болатындай D контактының қалыпын тауып алуға болады .

Осы жағдайда гальванометрден ток өтпейді (Iд=0). Көпірдің осындай қалыпы тепе-теңдік қалыпы деп аталады. Көпірдің тепе-теңдік шартын шығарайық. Iд=0 болғанда С және D нүктелерінде токтың тармақталуы болмайды да келесі шарттар орындалады


Ix=I (1)


I1=I2 (2)




Бір жағынан С және D нүктелерінде потенциалдары тең болғандықтан А және С және А және D нүктелері арасындағы потенциалдар айырымы бірдей болады . Тізбектің осы бөліктерінде ЭҚК болмайды, яғни біркелкі, тізбектің осы бөліктерінде потенциалдар айырымы кернеумен сәйкес келеді. Сондықтан келесі теңдеулерді жазуға болады


немесе (3)


немесе (4)

(3) және (4) теңдеулерін бөліп және (1) және (2) теңдіктерін пайдаланып төмендегіні аламыз




(5)

мұндағы R1 және R2 реохорд иықтарының кедергілері.


Реохорд сымы материалы бойынша және қимасы бойынша беркілкі болғандықтан және тәуелділігін ескеріп кедергілер қатынасын ұзындықтар қатынасымен ауыстыруға болады . Онда (5) формула келесі түрде жазылады
(6)

Осы есептеу формуласы болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет