Жылжыған жіптер моделі .Жасанды мүшелер
1950-жылдың басында Эндрю және Хью Хаксли, Р.Нидергерк пен Ж.Хэнсон, бұлшық етті рентгенқұрылымды талдау, оптикалық және электронды микроскоппен зерттеулер жүргізіп, бір-бірінен тәуелсіз «Жылжыған жіптер моделін ұсынды».
Жарты ғасыр ішінде бұлшық ет жиырылуының механизмдері туралы түсінік өзгеріске ұшыраған жоқ: бұлшық еттің максимальді жиырылу күші жуан және жіңішке жіпшелердің өзара жабу дәрежесіне пропорционалды болып келеді. Саркомер ұзындығы қысқарғанда тек I-дисктер ғана қысқарады, ал А-дисктері болса өз өлшемдерін өзгертпейді.
Саркомердің максимальді жиырылуы үшін миозин көпірлері шамамен 50 қағыс жасауы тиіс. Жылжу процессінің дискреттілігі жиырылу дәрежесінің мөлшерлігін қамтамасыз етеді. Жылжу процессінің дискреттілігі бір мезетте жұмылдырылған көлденең көпірлерге байланысты, ал жылдамдығы жұмылдандырылу жиілігіне тең. Қаңқа бұлшық етінің миоциттері үшін қысқару жылдамдығы 10-20 мкм*С-1-ге тең, ал кардиомиоциттер мәні бір реттілікке төмен. Айтылып кеткендей саркомер 3,6-3,8 мкм-ге дейін созылуы мүмкін. Сондықтан бұлшық етте ешқандай кернеу туындамайды. Бұлшық еттің қалыпты жиырылуы кезінде саркомер ұзындығы 2,5 мкм жуық шамаға тең болады. Саркомер 2,0-2,2 мкм-ге қысқарғанда бұлшық ет максимальді күш жетілдіреді. Алайда оның ұзындығы 1,5-1,6 мкм дейін төмендеуі мүмкін. Бұл жағдайда бұлшық ет кернеуі бәсеңдейді, себебі миозинді филаменттер ұштары Z-жолаққа тіреледі (актин-десминді тор), сондықтан, миозин көпірлерінің қалпы актин филаменттеріне қатысты өзгеріп, күштің әлсіреуіне әкеледі.
Біздің өмірге маңызды ағзаларымыздың істен шығуы өлімге алып келеді, егер оған алмастырушы табылмаса . Алмастырушы ретінде басқа адамның алынған трансплантат немесе адамның өзі жасаған жасанды ағзаларды қолданады. Трансплантатты қолдануда мынандай жетіспеушілікпен байланыстырамыз, трансплантаттың шектеуші қоры және иммунды тебілу проблемасы. Осыларға қарсы әсер ету үшін ағзаға иммунитетті бәсеңдететін препараттарды егеміз, бірақ олардың өмір бойы қолдану керек, олар қымбат және кері әсері болып келеді. Қолдануға дайын , алмастырылатын ағзалардың оң жағы көп, мысалы хирургиялық әдісте аз уақыт алады, операцияға кезекшілік қысқарады, ал денсаулық сақтау мекемелері қаражатын үнемдейді. Алайда біздің өмірге маңызды ағзаларымыздың қызметі күрделі, сондықтан оларды жасанды материялдардан жасау қиын. Барлық жасанды ағзалар тек органикалық қызметті ғана қамтамасыз етеді.
Басқа маңыздырақ ағзалар , соның ішінде сезім мүшелері жиі қалпына келтіруді қажет етеді. Соңғы 30 жыл ішінде биоинертті материалдар қарапайым тәжірибеде 40-тан аса адам ағзасының бөліктерін алмастыруда қолдана бастады.
Пайдаланылған әдебиеттер
https://www.yaneuch.ru/
https://ulagat.com/
https://helpiks.su/
https://studfile.net/
Медициналық биофизика 2008 жыл «Қарасай» баспасы
Достарыңызбен бөлісу: |