«Электролиттік диссоциациялану» тақырыбына тест тапсырмалары А


«Көміртегі топшасы» тақырыбындағы тест тапсырмалары



бет4/11
Дата30.11.2022
өлшемі186,5 Kb.
#53814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
9-synyp-himiya-pnnen-arnalan-tester-zhinay 2

«Көміртегі топшасы» тақырыбындағы тест тапсырмалары

1. ІV А топтағы элемент атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондық конфигурациясының жалпы формуласы қандай?


А. ns2np2 ;
Ә. ns1np3;
Б. ns0np4;
В. ns3np1 ;
2. Кәдімгі шыны құрамында қандай заттар кіреді?
А.Na2O, SiO2 ;
Ә. Na2O, CaO, SiO2 ;
Б. K2O, CaO, SiO2;
В. Na2O, CaO,SiO, B2O3, Al2O3;
3. Металл карбонатын қышқылмен өңдегенде не түзіледі?
А. С (қ);
Ә. О2 (г);
Б.СО (г) ;
В. СО2 (г);
4. Қалыпты жағдайда 44,8 л көмірқышқыл газын алу үшін кальций карбонатының қандай массасы қажет?
А.200 г;
Ә.150 г ;
Б. 100 г;
В. 50 г ;
5. Цемент құрамына кіретін негізгі компоненттер қайсы?
А.Ca(OH)2, SiO2,H2O ;
Ә.CaSO4, SiO2, H2O;
Б.CaO, SiO2, Al2O3;
В. MgCl2, MgO;
6. Ауада көмірсутегі (СnHm) толық жанғанда не түзіледі?
А. СО және Н2;
Ә.СО2 және Н2;
Б. СО және Н2О;
В. СО2 және Н2О;
7. Қандай зат құрғақ мұз деп аталады?
А. Н2О;
Ә. қатты СО2;
Б. СО2;
В. Н2СО3;

В
1. С – Si – Ge – Sn – Pb қатарында элементтердің бейметалдық қасиеті:
А. артады;
Ә. әлсірейді;
Б. өзгермейді,
В. артады, содан кейін әлсірейді;
2. Кипп аппаратында мәрмәрдан көмірқышқыл газын алу үшін қандай затты қолдануға болмайды?
А. сұйылтылған НCl;
Ә. сұйылтылған H2SO4;
Б. сұйылтылған HNO3;
В. сірке қышқылы ;
3. Оптикалық линзалар мен әшекейлі хрустальдар жасауға арналған шыныны алу үшін, кәдімгі шыны шихтасының құрамындағы СаО орнын қандай затпен алмастырған?
А. СоО;
Ә. В2О3;
Б. Мо2О3;
В. РbO.
4. Сілті ерітіндісінде кремний қуаты ериді. Сонда тотықтырғыш рөлін қайсысы атқарады?
А.Na+ ;
Ә. H2O;
Б. Si;
В. OH- ;
5. Кәдімгі өрт сөндіргіш – құрамында көбіктендіргіш қоспасы бар концентрлі натрий гидрокарбонатының ерітіндісімен толтырылығын, болаттан жасалған балоннан тұрады. Өрт сөндірген кезде баллонды төңкереді, сонда болат баллонның жоғарғы бөлігінде орналасқан шыны ампула шағылып, реакция жүреді. Шыны ампула қандай затпен толтырылған?
А. КОН конц;
Ә. H2SO4 конц ;
Б. Ca(OH) конц;
В. HCl конц;
6. Массасы 10,6 г натрий карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде, қалыпты жағдайда түзілген көмірқышқыл газының көлемі қандай?
А. 2,24 л ;
Ә. 22,4 л ;
Б. 4,48 л ;
В. 44,8 л ;
7. Мына тұздардың қайсысының ерітіндісінің ортасы негіздік?
А. Na2SiO ;
Ә. NaCl;
Б. Na2SO4;
В. LiAlCl4;

C

1.Қай карбидтің сумен әрекеттесу нәтижесінде метан бөлінеді?


А. СаС2;
Ә.ВаС2
Б.Al4C3;
В.Ag2C2;
2. Көмірқышқыл газы молекуласындағы химиялық байланыс түзілуінің электрондық формуласы қандай сызбанұсқа нақты бейнелейді?
А. О :: С :: О;
Ә. О :: С : О : ;
Б. ∙ О : С : О ∙ .
В. ∙ О : С ::: О : .
3. Бір кен орнынан құрамы мынадай көмір өндіріледі (%): С – 82,2; Н – 4,6; S – 1,0; O – 4,0; N – 1,2; H2O – 1,0; күл – 6,0. Осындай көмірдің 1 кг жануы үшін ауаның қандай көлемі (м3) қажет?
А. 1,5;
Ә. 1,7;
Б. 7,5;
В. 8,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет