Тест тапсырмалары ДОТТАРҒА
1 вариант
Тест тапсырмалары
1 вариант
1. Қаржылық талдаудың басты мақсаты – бұл:
а) өнім шығаруды арттыру және оның өзіндік құнын азайту;
в) ұйымның қызмет етуіндегі қаржылық жағдайлардың өзгерісіне негізгі
ұсыныстарды және болжамдарды дайындау;
с) өндіріс ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырудың резервтерін
айқындау;
д) ұйымның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын факторларды айқындау
және бағалау;
е) ұйымның қаржылық жағдайына объективті және нақты сипат беретін негізгі
параметрлердің аздаған санын алу.
2. Ұйымды басқаруда қаржылық талдаудың ролі:
а) өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін зерттейді;
в) қолданылатын технологиялардың прогрессивтілігін бағалайды;
с) өнімді шығару ырғақтылығын және еңбек сыймдылығын зерттейді;
д) қабылданатын қаржылық шешімдердің ғылыми негізделуінің құралы болып
табылады;
е) алынған ақпараттың шындылығын анықтайды.
3. Қаржылық талдаудың әдістемесі – бұл:
а) экономикалық құбылыстарды зерттеудің аналитикалық аппараты;
в) шаруашылық құбылыстарды танудың жалпы ғылыми әдістерінің жиынтығы;
с) ұйым жұмысы туралы экономикалық ақпаратты дайындауда қолданылатын
амалдардың жиынтығы.
д) аналитикалық жұмысты мақсатты жүргізудің ережелер тәсілдерінің
жиынтығы;
е) ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін зерттеу туралы ілім.
4. Қаржылық есеп берудің қандай элементтері ұйымның қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалаумен тікелей байланысты:
а) активтер, міндеттемелер;
в) міндеттемелер, табыстар;
с) активтер, табыстар;
д) табыстар, шығындар;
е) міндеттемелер, шығындар.
5. «Болашақ кезең шығындары» бабы қайда сипатталады?
а) «ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде;
в) «ағымды активтер» бөлімінде;
с) «меншікті капитал» бөлімінде;
д) «ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінде;
е) «ағымды міндеттемелер» бөлімінде.
Достарыңызбен бөлісу: |