Электромагниттік тербелістер - Зарядтың, ток күшінің және кернеудің периодты өзгерісін атайды. Электромагниттік тербеліс кезінде электр және магнит өрістері энергиясының бір-біріне периодты айналу процесі жүреді. Электромагниттік тербелістерді бақылау үшін электрондық осциллограф қолданылады. Зарядтың ток күшінің және кернеудің периодты өзгерісін электромагниттік тербелістер деп атайды.Электромагниттік тербеліс кезінде электр және магниттік өрістері энергияның бір-біріне және периодты айналу процесі жүреді.Электромагниттік тербелістерді бақылау үшін Электрондық осцилограф қолданылады
Тербелмелі контур ‒ -сыйымдылығы бар конденсатордан және индуктивтігі бар катушкадан тұратын, электромагниттік тербелістер алуға арналған ең қарапайым жүйе (құрылғы).
Идеал тербелмелі контурда
Конденсаторды батереяға қосып зарядтағанда оның алатын энергиясы Конденсатор катушкамен тұйықталғанда ол разрядталып катушка арқылы электр тогы жүреді. Өздік индукция құбылысы әсерінен конденсатордың қайыра зарядталу және разрядталуы кезінде электр тогы біртіндеп артады және кемиді. Электромагниттік тербелістер пайда болады. заряд, ток күші, кернеу, электр өрісінің энергиясы, магнит өрісінің энергиясы периодты түрде өзгереді.
Идеал тербелмелі контурдың тербеліс теңдеуі Егер тербелмелі контур идеал болса энергияның сақталу заңы орындалады . Тұрақты шаманың туындысы 0‒ге тең болғандықтан:
Физикалық шаманың синус немесе косинус заңы бойынша өтетін уақытқа тәуелді периодты өзгерісі гармониялық тербеліс деп аталады. Идеал тербелмелі контурдағы тербелістер гармониялық болады. Төменде ток күшінің, кернеудің және Э.Қ.К- тің гармониялық теңдеуі көрсетілген.
Мұндағы - ток күшінің, кернеудің, Э.Қ.К- тің лездік мәндері, - ток күшінің, кернеудің, Э.Қ.К-тің амплитудалық мәндері, тербеліс фазасы, циклді жиілік [рад/с].