10. Жазық электромагниттік толқындар. Көлбеу және көлденең толқындар. Эллипстік поляризациялы жазық электромагнитті толқындар.
Фарадейдің идеялары негізінде тәжірибе жүзінде дәлелденген зарядтар мен токтар жүйесі туғызатын электромагниттік өріс теориясын жасады.Электромагниттік толқындар - кеңістікте айнымалы электромагниттік өрістердің таралуы.Электромагниттік толқындар – көлденең толқындар.Бірдей фазада тербелетін ең жақын екі нүктенің арақашықтығы электромагниттік толқының ұзындығы деп аталады
Көлденең толқындарБөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп айтады. Көлденең толқындар бір қабаттың екінші қабатқа қатысты ығысуы кезінде пайда болатын серпімділік күштері әрекетінен ғана туындайды. Мұндай қасиет тек қатты денелерге ғана тән. Сұйықтар мен газдарда олардың аққыштығы салдарынан қабаттардың ығысуы кезінде серпімділік күштері пайда болмайды.Тербелістің қандайда бір бағыты басым болатын толқын поляризациянған толқын деп аталады. Поляризацияны мынадай түрлері бөледі:а) сызықтық (жазық) поляризация,ә) дөңгелек (циркульдік) поляризация.б) эллипстік поларизация.Поляризация тек көлденең толқындарға тән.Дөңгелек немесе эллипстік поляризациялы толқынды екі сызықтық (жазық) поляризацияланған толқынға жіктеуге болады. Егер электромагниттік жарық толқынында Ёжәне В векторларының тербеліс бағыттары өзгермейтін және толқынның таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта жататын болса ондай жарық толқыны жазық паляризациясы деп атайды.