Электромагниттік толқындар (эмт). Эмт шкаласы. Радиотолқындар


Радиотолқындардың таралуына атмосфера қабаттары мен жер бетінің біркеліксіздігінің әсері



бет7/49
Дата06.01.2022
өлшемі2,91 Mb.
#13411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
Antenna polnyi

6. Радиотолқындардың таралуына атмосфера қабаттары мен жер бетінің біркеліксіздігінің әсері

Радиотолқындардың таралуына жер бедері мен су беттері, әсіресе атмосфераның жоғарғы қабаты - ионосфера көбірек әсер етеді. Ионосфераны жер бетінен 90-300 км биіктікте, иондар мен электрондардан тұратын иондалған газ қабаты құрайды. Атмосфераның жоғары қабатының иондалуы, негізінен, Күннің ультракүлгін және рентген сәулелерінің әрекетінен болады. Түнмен салыстырғанда иондардың концентрациясы күндіз 20 еседей артық. Сондықтан ионосфераның қасиеті тәулік бойы және жыл мезгіліне байланысты өзгеріп тұрады. Ионосфера электромагниттік толқындарды 19 шағылдырады және жұта алады. Ұзын радиотолқындар дифракция нәтижесінде көкжиектен асып алыска жетеді. Әрі ионосферадан жақсы шағылады, сол себепті ұзын толқындар шалғай қашықтыққа тарайды. Қысқа толқындардың алыс қашықтыққа таралуы, оның жер бетінен және ионосферадан бірнеше дүркін шағылуының арқасында болады. Жердегі кез келген радиостанциямен қысқа толқында байланыс орнатуға болады. Ультрақысқа толқындар ионосферадан шағылмай, ешбір кедергісіз өтіп кетеді. Олардың дифракциялық қасиеті нашар, жер бетін орағытып өтпейді. Сондықтан ультрақысқа толқынды байланыс таратқыш антеннаның тікелей көріну аймағында ғана жүзеге асырылады. Ретрансляторлар мен серіктерді пайдаланып, шалғай кашықтыққа теле-радио хабарларды тарату мүмкін болды. Бос кеңістіктегі радиотолқындардың таралу заңдары оңай болып келеді, бірақ радиотехника бос кеңістікпен емес жер бетіндегі таралумен байланысты. Тәжірибе және теорияның көрсетуі бойынша, жер беті радиотолқындардың таралуына қатты әсер етеді. Оның физикалық қасиеттерімен (мысалы, теңізбен құрлық арасындағы айырмашылық) қатар, геометриялық формасы да әсер етеді. Жер бетінің радотолқындардың таралуы радиожолға, сәкесінше оның бетіне байланысты.

Жер беті тегіс емес, көбінесе радиотолқындардың таралуына жолдардың электрлік қасиеттері әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет