ӘӚЖ 378:004
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН
TECHSMITH CAMTASIA STUDIO БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН
ЖАСАУ
Ж.Е.Зұлпыхар
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
Бүгінгі таңда білім берудегі актуалды мәселелердің бірі ол – оның сапасын кӛтеру
болып табылады. «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді
дамыту мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің сапасын арттыру мәселесіне ерекше
маңыздылық берілген. Негізгі болып: барлық салалар үшін жоғары квалификациялы және
бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындаудың сапасын арттыру; әлемдік білім беру
кеңістігімен интеграциялану; білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; білім
беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамсыздандыруды жетілдіру; білім беру
жүйесінің материалдық техникалық базасын нығайту; кӛп деңгейлі үздіксіз білім беру
жүйесінде жеке, қоғамдық, мемлекеттік қызығушылықтарды қамтамасыз ету табылады.
Болашақта мультимедиялық құралдар кӛмегінсіз жоғары оқу орындарындағы
лекциялар, мектептердегі сабақтарды кӛзге елестету мүмкін болмас. Бүгінгі таңда әр түрлі
видеокурстар күнделікті және үлкен кӛлемде шығып жатыр, олар түрлі тақырыпта –
мектептердегі бастауыш сынып сабақтарынан бастап кез келген нәрсені қарастыруы мүмкін.
Бірақ соның ішінде видеокурстардың үлкен үлесін компьютерлік тақырыпқа арналған
материалдар алады деп ойлаймыз. Яғни, қосымшалармен жұмыс істеу принциптері, Flash
және PHP арқылы ӛзіндік сайттарды құру сабақтары, компьютерде дыбысты және бейнені
ӛңдеу мысалдары және т.с.с..
Видеокурс сапалы, үйренушілерге түсінікті болу үшін оны құрушылар материалдарды
сауатты пайдаланулары, видеоүзінділерде әр түрлі анимациялық графика элементтерін
қолданулары, жазу барысында пайда болған қателерді кесіп алып тастаулары және т.б.
қажет.
Егер үйретуші видеосабақтарды құратын болсаңыз, ол мақсатқа жету үшін бірінші
қадамдардан бастап бір ғана емес бірнеше бағдарламалардың қажет екенін білесіз. Бұл –
аудиоредактор, видеоны ӛңдейтін бағдарлама, экранды ұстау үшін қажет қосымша, CD-де
авто іске қосылуды жүзеге асыратын мәзірі бар бірыңғай қабыршақ жасау үшін қажет
бағдарлама және т.б. құралдар. Егер ол бағдарламалардың әрқайсысының бағасын есептейтін
болсаңыз, үйретуші видеокурстар құру ӛте қымбат деген ой келуі мүмкін. Бірақ аталған
бағдарламалардың барлығынын орнына бір ғана TechSmith
Camtasia Studio бағдарламасын
қолдануға болады.
Camtasia Studio – бұл TechSmith компаниясының ӛнімі. Бұл бағдарлама бізге мониторда
болып жатқан іс әрекеттердің барлығын жазып алуға және видео файлдарды желі арқылы
демонстрация жасау үшін сапалы сығуға мүмкіндік береді..
Бағдарлама бірнеше шағын қосымшалардан: Camtasia Recorder, Camtasia Menumaker,
Camtasia Audio Editor, Camtasia Theater, Camtasia Player тұратын контейнер ретінде беріледі.
Ол қосымшалардан басқа ӛзінің жұмыс үстелі және баптаулардан тұратын қабыршағы бар
(сурет 1).
(сурет 1-
Camtasia Studio бағдарламасының негізгі терезесі
).
Бейнені қармау. Видеосабақты құру – экранды қармаудан басталады. Оқытушы жасап
отырған іс- әрекеттерді видеофайлға жазып алу үшін бейнені қармауға арналған арнайы
құралды пайдалану қажет. Camtasia Studio бағдарламасында ол Recorder деп аталады.
Camtasia Studio-да бейне кадрларының қажетті жиілігін бағдарламаға ӛзінше анықтауға
мүмкіндік беретін арнайы автоматты режимді қолдануға болады. Camtasia Studio экранды
толығымен немесе қосымшаның терезесінің бір бӛлігін, сонымен қатар экраннан қажетті
аймақты ғана белгілеп қармауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама кескінмен қатар микрофоннан және дыбыс картасынан келіп түсетін
дыбыстарды қармауға мүмкіндік береді.
Camtasia Studio-да сіз қажетсіз функцияларды және құралдарды кӛрмейсіз. Мысалы,
бағдарламада үйретуші видеоны жазу барысында қолдануға болатын бірнеше визуалды
кӛмекші эффектілер бар, яғни экранда қандай да бір аймақты белгілеу немесе блок-
сызбаларды қосу үшін арнайы маркерді қолдана аласыз. Бұл маркер экранда әр түрлі жазулар
жазуға мүмкіндік береді. Маркерді жазу жүргізу орындалып жатқан кезде арнайы пернелерді
басу арқылы іске қосуға болады. Camtasia Studio-ның тағы бір қызық мүмкіншілігі – видеоны
жазу барысында арнайы пернелерді басу арқылы экранның қажетті аймағын жақындату. Бұл
визуалды эффектілердің басты артықшылығы, оларды видео жазылып болғаннан кейін
видеомонтаж құралдарын пайдаланып қосудың қажеті жоқтығы.
Дыбыспен жұмыс. Camtasia Studio-ның дыбыс редакторы (сурет 2) кӛптеген
функциялармен қамтылмаған, себебі олардың қажеті де жоқ секілді. Бұл құралдың негізгі
мақсаты – микрофоннан дыбысты жазып алу, және қосымша ол міндетін сапалы атқарады.
Сонымен қатар, оның кӛмегімен кез-келген сыртқы кӛзден дыбыс жазып алуға немесе бұған
дейін жазылып қойылған дыбысты кесіп алуға болады.
Басқа аудиоредакторлардан айырмашылығы ол видеофайлдарды да ашуға мүмкіндік
береді, және ол арқылы дыбысты жазу кезінде видеоқатарларды бақылау мүмкінідігін береді.
(сурет 2- Camtasia Audio Editor терезесі)
Видеоны өңдеу. Видеоқатарларды ӛңдеу видеоредактор болып табылатын
бағдарламаның негізгі терезесінде жүргізіледі Бұл терезенің астыңғы бӛлігінде уақытша
шкала (Timeline) орналасқан, ол жерге жазылған видеофайлдарды орналастырып олармен әр
түрлі операцияларды жүргізуге болады.
Видеоредактор терезесіне видеофайлдарды қатты дискіде орналасқан жолын кӛрсету
арқылы қолмен орналастыра аласыз. Сіз егер жазу жазылып бола салысымен файлға
ӛзгерістер енгізгіңіз келсе, оны орындаудын ӛте қарапайым және оңай екеніне кӛз жеткізесіз.
Видеоны қатты дискіде сақтап болса салысымен файлды ӛңдеуге ұсыныс жасайтын терезе
ашылады. Сіздің келісімінізден кейін файл редактор терезесінде ашылады.
(сурет 3- видеоредактордың сұқбат терезесі)
Camtasia Studio-ның видеоредакторы видеофайлдармен жүргізуге қажетті барлық
функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер сіз жазу барысында қателесіп
басқа батырманы басып жіберсеңіз, онда жазуды сол жерден тоқтатып басынан бастау қажет
емес. Сіз жай ғана қате жіберген орныңызға келіп видеосабақты ары қарай жалғастыра
бересіз, содан кейін видеоредактор кӛмегімен қажетсіз видеокадрларды кесіп тастай аласыз.
Редактор сонымен қатар ұзақ уақытты видеосабақтарды жазу кезінде де қолайлы.
Алғашында кӛзге жеңіл болып кӛрінетін жай ғана 10 минуттан тұратын видеосабақтың ӛзін
бір дегеннен жазу мүмкін емес, экранға басқа терезелер ашылып кетуі, немесе телефон
шылдырлауы және т.с.с. кедергілердін кездесуі мүмкін. Сондықтан видеосабақты шағын
фрагменттерге бӛлу және бірнеше видеофайлдар ретінде жазу ӛте ыңғайлы. Видеоредактор
құрылғылары кӛмегімен оларды еш қиындықсыз бір файлға біріктіруге болады, ал
файлдардың қосылған жерлері білінбес үшін (мысалы, курсордың әр жерде тұруы),
фрагменттер арасына ӛту видеоэффектілерін немесе бӛлім тақырыпшаларын жазып қоюға
болады.
Түсіріліп қойылған видеоматериалды ӛңдеудің алдында бағдарлама проектінің рұқсат
етілу аймағын (разрешение) анықтауды сұрайды. Арнайы мәзір арқылы видео кескіндері
үшін жиі кездесетін рұқсат етілу нұсқалары ұсынылады. Мысалы, егер презентация құрып
оны интернетке қою жоспарланса 640x480 рұқсат етілу аймағын алу керек. Егер қажет
параметрлер ұсынылған тізімде болмаса, проект параметрін ӛз еркіңізбен бере аласыз.
(сурет 4- рұқсат етілу аймағының параметрлерін таңдау терезесі)
Мәзір құру. Егер сіз құрып отырған үйретуші видео дискіге жазылатын болса, онда кез-
келген үйретуші видеосабақтарға жылдам қатынауға мүмкіндік беретін бірыңғай қабыршақ
құру қажет. Camtasia Studio-да мәзір құру үшін - Camtasia MenuMaker және Camtasia Theater
арналған. Camtasia MenuMaker кез-келген типті файлдармен жұмыс істеуге, ал Camtasia
Theater Flash форматындағы видеороликтер үшін және флэш-мәзір құруға арналған. Мәзір
құрудың ең жылдам тәсілі – шебер арқылы құру. Онымен жұмыс барысында ұсынылған
үлгілердің ішінен қажетті үлгіні таңдап және үйретуші видеосабақтарды құрайтын
файлдарды кӛрсету керек (сурет 5).
(сурет 5- Camtasia MenuMaker мәзір құру терезесі)
Мәзірдің сыртқы бейнесін, корнектілігін ӛз талғамыңызға сай ӛзгерте аласыз. Қажет
болған жағдайда бұл видеокурстарды басқа бағдарламалармен байланыстыруға мүмкіндік
бар. Арине осыдан кейін сіздің үйретуші видеосабағыңыз дайын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. http://ruseller.com
2. http://capture.ru
3. http://techsmith.com
Достарыңызбен бөлісу: |