Электрондық портфолионың теориялық негіздемесі
Электрондық портфолионың түрлері
Электронды портфолио құрудың негізгі принциптері
Электрондық портфолионың білім саласындағы рөлі
Қазіргі кезде ақпараттық технологияның дамуы өте қарқынмен жылдам жүріп келеді, себебі интернет технология адамның күнделікті өмірінде үлкен орын алып келеді. Осы себепті интернет арқылы ізденіс электронды портфолио түсінігіне көп көңіл бөледі. Электронды портфолио жөнінде көптеген түрлі анықтамаларды сайттардан алуға да болады. Осы сайттардың барлығын жинақтай келе төмендегідей тұжырым жасаймыз.
Портфолио дегеніміз - оқушы немесе мұғалімнің оқып білім алу және басқа да салалардағы жетістіктерін тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және қорытындылайтын жүйе, тәсіл.
Портфолионың мақсаты:
- білім алушының білім алу немесе еңбек ету жылдары ішіндегі өзіндік өсуін және қоғамдық өмірдегі жан-жақтылығын айқындайтын шығармашылық бейнесін көрсету.
Портфолионың түрлері:
1. Кәсіптік портфолио (дәрігер, агроном…)
2. Лауазымдық портфолио (лауазым иесі)
3. Шығармашылық портфолио(ақын, жазушы)
4. Тақырыптық портфолио (магистрант, ізденуші мұғалім, оқушы ізденісі-ғылыми еңбек)
5. Қызметтік портфолио
6. Студент және оқушы портфолиосы
7. Электрондық портфолио
Электронды портфолио дегеніміз – оқытушының немесе студенттің өзінің орындап жатқан жұмыстары жөнінде барлық мәліметтің магниттік дискіде файл түрінде берілуі.
Электронды портфолионың құрылымына:
- студенттің портфолионы жинақтауда өзінің заңдылықтарына сәйкестігі;
- портфолионың түсінігі мен оның пайдалану ауқымы қарастырылады;
- студенттердің ақпараттық және коммуникативтік технологияларды игеру жөніндегі дайындығының деңгейі қаралады;
- электронды портфолионың эволюциялық даму идеясының қолданылуы;
Электронды порфолионы жинақтауда қажетті құжаттар:
Құжаттар портфолиосы – жеке білімдік деңгейдің сертификатталған портфелі. Осы компонентке тиісті талап – құжаттың сенімділігі. Сертификаттар, мақтау қағаздары, дипломдар ережеге сай толтырылады, яғни жауапты адамның қолы және мекеменің мөрі жинақталады. Осы құжаттардың барлығын компьютерде теріліп, белгілі бір файлға жинақталып жазылады.
Жұмыстар портфолиосы – студенттің шығармашылық, ізденістік, жобалық
жұмыстарының жинақталуы, сонымен қатар білім алу мен шығармашылық кезеңдеріндегі бағыттары, ғылыми конференциялар мен конкурстардағы, жеке курстардан білім алғандығы жөніндегі мәліметтер қамтылады. Электронды портфолионың бұл түрі қағаздық портфолионың түрінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Қағаз жүзіндегі кез-келген құжатты жеңіл түрде электронды түрге ауыстыруға болады.
Егер портфолио жұмыстары мәтіннен тұратын болса, оны сканерлеу арқылы компьютерге енгізу оңай жүргізіледі. Егер жұмыста кескіндер мен суреттер болса сканерлеуге болады, немесе сандық камераға түсіріп алуға да болады.
Университеттің басқа да құжаттары (қол еңбек жұмыстары, жобалар, шығармашылық жұмыстар) өзіне тиісті көрсеткіштерімен жазылады. Оларды электронды түрге аудару өте оңай.
Шығармашылық жұмыстың көрсеткішінің электронды құжатын интернет сайтына енгізу жеңіл жүргізіледі. Шығармашылық жұмыстардың оқылуы, бағалануы, теңестірілуі оңай болуы үшін көрсеткіштің біркескінді құрылымы көрсетілуі тиіс. Бұл талап ақпараттық жүйені құру технологиясының негізі болып табылады.
Пікірлер портфолиосы – студенттің жеткен жетістіктері, оқудағы және оқудан тыс кезеңдердегі жеткен жетістіктері, резюме, сонымен қатар студентке оқытушының, ата-анасының және жұмыс берушінің пікірлері жинақталады.
Құжаттарды аудару техникасын қарастыра келе, пікірлер портфолиосының құрылымында ешқандай өзгешелікті кездестірмейміз. Тек қандай пікірлерге қол қойылуы тиіс немесе қол қойылмауы тиіс жағдайы қарастырылады. Егер портфолиода арнайы құжат қолы болса, онда осы құжаттың сенімділігі жоғарыда қарастырылған портфолио құжаттарының элементі болып табылады.
Мұғалім портфолиосы
Портфолио-мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсібиқызметінің әртүрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Портфолио-белгілі бір уақыт шеңберінде әртүрлі іс-әрекетте мұғалімнің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері.
Портфолио-мұғалімнің түрлі іс-әрекеттерде (оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерінің нәтижелері.
Портфолио-мұғалімнің жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Қазіргі кезде ондай инновациялар көптеп кездеседі. Соның бірі – портфолио әдісі. Дегенмен, оқушылардың және мұғалімдердің портфолиосы туралы зерттеулер аз.
Мектеп тәжірибесінде соңғы жылдары «портфолио» сөзін жиі естуге болады. Тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де қатысты болып табылатындықтан, портфолио оқу-тәрбие үрдісінде қарқынды дамып келеді. Бірақ барлық ұстаздар портфо-лионың мақсаты мен міндеттері, түрлері, құрылымы, оны қолдану реті туралы мағлұматтардан хабардар емес. Сондықтан да, біз төменде портфолио туралы біраз мағлұмат беруді жөн көрдік.
Портфолио сөзі қолданысқа француз тілінен енген. Жалпы шет тіліндегі сөздіктерді саралай отырып, оның төмендегідей мағыналар беретінін анықтадық:
1) мазмұндау, алып жүру, құрастыру;
2) бет, қағаз;
3) дәйек, белгілі бір мағлұматтар жинағы, жетістіктер жинағы.
Ал, біз осы мағыналарды сараптай отырып, портфолио ұғымына ортақ бір анықтама беруге тырыстық. Яғни, портфолио дегеніміз тұлғаның қандай да бір ерекшеліктерін уағыздайтын, нақты бір мақсатты жүзеге асыруға байланысты құжаттармен безендірілген, оның жетістік-терінің дәлелі бола алатындай мағлұматтар жинағы. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы портфолиосымен қатар мұғалімдердің портфолиосы да маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ең алдымен, педагог портфолиосы туралы сөз қозғайық.
Мектептегі мұғалімдердің портфолио жүргізудегі мақсаты – әр мұғалімнің өз еңбегіне, атқарған істеріне талдау жасауы арқылы кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттырулары, жоғары нәтижелерге жетулері.
Жалпы педагог портфолиосын құру идеясында терең мағына жатыр. Оларды үш топқа бөлуге болады:
- Философиялық;
- Әдістемелік;
- Практикалық.
Бірінші, философиялық мағынасына тоқталатын болсақ, бұл кез-келген мұғалімнің өзінің педагогикалық іс-әрекетін ұдайы талдап, талқылап, жай-күйін ойланатынын, рефлексияға бейім екенін білдіреді. Сондықтан, осындай ой-толғаныс нәтижелерін мұғалім қандай да бір форма арқылы сыртқа шығарады.
Екінші, әдістемелік мағынасы, мұ-ғалімнің өз іс-әрекетін қандай деңгейде шеберлікке жеткізгендігін дәлелдеуі болып табылады. Яғни, педагог кәсіби іс-әрекетінің нәтижелілігінің куәсі бола алатын кестелер мен диаграммаларды, графикаларды, сонымен қатар, ғылыми-әдісте-мелік және тәжірибелі-эксперименттік жұ-мыстарының материалдарын, сыныптан тыс шаралар мен авторлық сабақтарының жоспарларын тұтастай жинақтай беріп, безендіреді.
Ал, практикалық мағынасы, педагогтың жұмысының мәнділігін дәлелдеуі. Ол сертификатталған құжаттарды мақтаныш-пен жинай отырып, толтыруды меңзейді.
Осындай маңызды мағыналары бар портфолионың бірнеше типтері бар. Олар:
1. Құжаттар портфолиосы.
2. Еңбек, жұмыс портфолиосы.
3. Пікірлер портфолиосы.
4. Кешенді портфолио.
Құжаттар портфолиосына педагог-тың кәсіби әрекетінің маманы екенін дәлелдейтін дипломы, біліктілігін арттыру курстарында, семинарларда болғандығын растайтын куәліктері, оқу-тәрбие ісі бойынша қандай да бір жеткен жетістіктері үшін алған мақтау қағаздары кіреді.
Педагогтың оқу-тәрбие ісіне, иннова-цияны мектепке енгізуге байланысты жаса-ған жобалары, қандай да бір педагогикалық мәселе бойынша өңдеген рефераттары мен зерттеу жұмыстары, видеожазбалары, элек-тронды құжаттары еңбек, жұмыс портфо-лиосын құрайды.
Ал, пікірлер портфолиосына педагог-тың атына бағытталып жазылған ұсыныс хаттар мен мінездемелер жинағы кіреді.
Ең соңғы кешенді портфолио құры-лысы өзінің аты айтып тұрғандай ком-плекстен тұрады. Бірі, үш бөлімді де қамтыған жинақ, яғни, оған еңбек, жұмыс портфолиосы, құжаттар портфолиосы және пікірлер портфолиосы кіреді. Бұл басқала-рымен салыстырғанда бірталай кешенді, көлемді болып келеді. Енді бірі, екі бөлімнен құралған кешенді портфолио, яғни, олар:
- еңбек, жұмыс портфолиосы + құжаттар портфолиосы.
- құжаттар портфолиосы + пікірлер портфолиосы.
- еңбек, жұмыс портфолиосы + пікір-лер портфолиосы.
Осы жіктелуге қарай педагог өзіне ыңғайлысын таңдап алып, портфолио толтырады. Портфолио жүргізудің реттел-ген ережесі бар. Кез-келген мұғалім соны ескеруі керек.
Портфолионы жүргізудегі ережелер:
1. Портфолиоға кіретін материалдар құр біреудің тәжірибесінің көшірмесі бол-май, керісінше сол педагогтың барлық сала бойынша атқарылған шығармашылық жұмыстарын танытуы керек.
2. Ондағы жұмыс нәтижелері арқылы мұғалімнің құзыреттілігінің деңгейін баға-лау мүмкіндігі болуы қажет.
3. Портфолио арқылы мектеп әкімшілігі мұғалімнің педагогикалық шебер-лігінің, жетістіктерінің өзгеру динамикасын бағалай алуы керек.
Әрине оқу-тәрбие мекемелерінің көптігі, мұғалімдер қауымының әрқилығы портфолио құрылымының әртүрлі болуына әсерін тигізеді. Осы мәселе төңірегінде көптеген авторлар өз ойларын білдірген. Солардың ішінде Т.Г. Новикова, А.С. Притченков, М.А. Пинская, Т.Н. Макарова, В.А. Макаров сияқты ғалымдарды атап өткен жөн. Бір топ ғалымдар (Т.Н. Макарова, В.А. Макаров) портфолио құры-лымының төмендегідей үлгісін ұсынады:
- Сыртқы өң беті, немесе титульді бет.
- 1 бөлім. Педагог туралы жалпы, толық мәлімет.
- 2 бөлім. Педагогикалық іс-әрекет нәтижелері.
- 3 бөлім. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет нәтижелері.
- 4 бөлім. Сыныптан тыс жұмыстар туралы мағлұмат.
- 5 бөлім. Оқу-материалдық базасы.
Ал, Т.Г. Новикова, А.С. Притченков, М.А. Пинская сияқты ғалымдар портфо-лионың мынандай үлгісін береді:
- Сыртқы өң беті, немесе титульді бет.
- 1 бөлім. Арнайы құжаттар (концеп-циялар, ережелер, нұсқаулар, Заңдар т.с.с.).
- 2 бөлім. Шығармашылық жұмыстар.
- 3 бөлім. Пікірлер, ұсыныстар, өздік есеп берулер т.б. жатады.
Ендігі кезекте, біздің мектеп тәжірибесіндегі педагог портфолиосының құрылымы туралы айта кетуіміз керек деп ойлаймыз. Ол төмендегідей:
- Сыртқы өң беті, немесе титульді бет. Бұл бетте әр мұғалім міндетті түрде портфолионы жүргізу мақсатын жазады.
- Мазмұны.
- Резюме. Мұнда мұғалім өзі туралы толық мәлімет береді.
- Мұғалімнің шығармашылық жұ-мыстары.
- Мұғалім өзекті зерттеу тақырыбын жүзеге асыру жобасы мен бағдарламасын ұсынып, оның теориялық сипатын ашады.
- Мониторинг (мұғалім өзі сабақ беретін сынып бойынша оқушылардың тәр-бие және білім сапаларының көрсеткі-штерін мониторингтейді).
- Компьютерлік сауаттылығы туралы мәліметтер.
- Мұғалімнің өзінің білімін көтеру жоспары.
- Жетістіктері.
- Қосымша құнды мағлұматтар.
Осындай жүйелілікпен құрылған портфолионы тексеру жылына екі рет жүзеге асырылады. Мектепте қаңтар айында портфолиолар көрмесі ұйымдасты-рылса, сәуір айында портфолиолар презен-тациясы өтеді. Оған мұғалімдер үлкен жауапкершілікпен, ұшқырлықпен, белсен-ділікпен дайындалады. Әрине, портфолио-ны толтырып, безендіруде педагог шығар-машылық танытуы қажет. Презентация біткеннен кейін портфолиоға сын пікір жазылып, мұғалімнің кәсіби деңгейі мен құзыреттілігі бағаланады.
Ал енді оқушылар портфолиосы туралы сөз қозғайық. Оқушылар портфо-лиосының түрі оның мақсатына, мазмұ-нына қарай бөлінеді.
Мақсатына қарай:
- Жеке портфолио.
- Портфолио-есеп болып бөлінеді.
Портфолио әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүние-танымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқын-дауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектеседі.
Мазмұнына қарай портфолио:
- Жетістіктер портфолиосы (оқу-шының үздік жұмыстары);
- Рефлексивті портфолио (оқушының материалдары және бағалары);
- Проблемалық бағыттағы (белгілі бір проблеманы шешу нәтижесі мен мақсатын көрсететін материалдар);
- Тақырыптық портфолио (белгілі бір тақырып бойынша оқушының жұмыстарын көрсететін материалдар);
- Мақсатсыз портфолио (оқушы жұ-мысының жинақ папкасы) болып бөлінеді.
Оқушылар портфолиосы баланың жұмысының мән-мағынасын ашып көрсе-туге бағытталады. Портфолионың мазмұны міндетті түрде болу керек.
Оқушылардың портфолио құрылымы мынандай:
1. Сыртқы беті.
2. Визитка (резюме, портрет). Порт-фолионың иесі туралы ақпарат.
3. Пән бойынша оқушы жетістігі (ББД):
3.1 Баланың жеке жетістіктер парағы;
3.2 Алға жылжуды көрсететін гра-фиктері;
3.3 Бақылау, тест жұмыстары;
3.4 Оқитын курстары;
3.5 Пән бойынша олимпиада, сайыс-тарға қатысы.
4. Негізгі құзіреттіліктерінің қалып-тасуы:
4.1 Оқу-зерттеу әрекеті (жобалау жұмыс-тары, рефераттар, шығармашылығы);
4.2 Қоғамдық шығармашылық әрекеті.
5. Оқушының жетістіктері.
6. Оқушы жетістігіне берілген өзіндік бақылау, қоғамның (мұғалімдер, ата-аналар, т.б.) бағалауы.
Портфолио қолданудың реті:
- Әр оқушының өзіне портфолио неге керек екенін түсінуі;
- Портфолионың түрін анықтау: мұғалім көрсетеді немесе оқушы таңдайды;
- Портфолиомен жұмысты аяқтау уақытын білуі;
- Портфолионың құрылымын анық-тау;
- Бағалау көрсеткіштерін анықтау (бұл оқушымен бірлесе отырып шешілетін мәселе);
- Бағалау тәсілін анықтау.
Портфолио білім беру үрдісіндегі бағалау жүйесін ұсынады. Оның дәстүрлі әдістерден айырмашылығы бар.
Аяқталған портфолионың көрсет-кіштері:
- Ойлылығы (оқушының портфо-лионы жүргізудегі түсінігін бақылау);
- Оқу – білімге қарым-қатынасының өсуі мен дамуы;
- Негізгі әрекеттерді түсінуі;
- Портфолио бойынша қолданған әдістер мен үрдістердің дұрыстығы, қажет-тілігі;
- Тәсілдердің көптүрлілігі.
Портфолионы безендіру және материалдарды жинау ережесі:
1. Еріктілік ұстанымы.
2. Ата-аналар мен үлкендердің көмегі.
3. Басқа білім беру орындарымен байланыс (өнер, спорт мектептері, т.б.).
4. Материалдардың саны емес сапа-лығы ескеріледі.
5. Оқушының жетістіктер папкасы «есеп кітапшасына» айналмау керек.
6. Жүйесі жұмыс.
7. Портфолионың сырты емес, оның мазмұндылығы құнды.
Оқушы портфолиосын Ресейде оқу-шының даму траекториясын бақылау үшін қолданады. Біздің елімізде мектеп 12 жылдық білім беруге көшкенде, оқушы портфолиосы, олардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі ретінде енгізіледі. Сондықтан жақын болашақта портфолио ұғымы білім беру, тәрбие үрдісінде негізгі категория санатына кіретіні айдан анық.
Оқушылардың портфолиосы бірқатар өзіндік ерекшеліктермен сипатталады. Олар:
- Оқушылар портфолиосы оқу нәти-жесін ғана емес, оған жұмсалған еңбекті көрсететін жұмыс жинақтамасы, оқушы-ның салыстырмалы түрде алға жылжу-шылығы.
- Оқу жетістіктерінің белгілі пәндер бойынша жинағы (тоқсан, жартыжылдық, жыл бойынша).
- Оқу нәтижесін жүйелі, мақсатты, үздіксіз бағалау және өзіндік бағалаудың түрі.
- Оқушының жеке жетістігін көрсе-тетін жинақ, оның өзіндік бағалауы, өзіндік талдауы.
Сонымен қатар, оқушылар портфо-лиосы, олардың дамуын, өзін-өзі көрсете білуін, жеке тұлға ретіндегі ерекшелігін, оқушының өз жұмысына рефлексиясын көрсетуін, оқушы жұмысының нәтижесінің өзіндік бағалауын қамтамасыз етеді.
Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкін-діктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады. Ал мұғалім оны осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Оқушылардың еркін ойлап, өз ойын толық жеткізе білуге, байқағыштығын дамытуға талпынуға баулу мұғалімге қажетті әдістердің ең бастысы. Адам бірден тұлғаға айналмайды, даму барысында біртіндеп қалыптасады. Әрбір оқушының рухани деңгейі биік, шығармашыл тұлғаға айналу үшін ұстазға қажырлы еңбек, көп ізденіс, жаңа технологияларды шебер пайдалана білу керек. Осындай ізденіс нәтижесі – портфолио әдісінің шығармашылықты дамытудағы маңызды рөлін айқындап берді.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сынып-тан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудың, шығармашылық, пәндік апталықтар, жобалар, үйірмелердің маңызы зор. Ал осындай шаралардың нәтижелерін оқушылар мен педагогтар портфолио арқылы безендіріп ұсынса шығарма-шылыққа қол жеткіздік деуге болады.
Оқушылардың шығармашылық қабі-леті тәжірибелік әрекеттері, ізденім-паздығы арқылы дамиды.
Портфолио - мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Портфолио - белгілі бір уақыт шеңберінде әр түрлі іс-әрекетте мұғалімнің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері.
Портфолио - мұғалімнің түрлі іс-әрекеттерде оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерінің нәтижелері.
Портфолио - мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім туралы жалпы мәлімет
Педагогикалық қызметтің нәтижесі
Оқу жетістіктерінің позитивтік өсу қарқыны
Оқу пәндері бойынша сабақтан тыс шаралардың позитивтік нәтижесі
Сынып жетекшісі ретінде мұғалім қызметінің позитивтік нәтижесі
Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін,соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу және тәрбие процесінде пайдалануы
Өз тәжірибесін аудан,облыс,республика деңгейінде жинақтап тарату (мастер-класстар,семинарлар,конференциялар,дөңгелек үстөлдер және т.б)
Аудандық,облыстық,республикалық,халықаралық дәрежедегі кәсіби байқауларға қатысуы
Біліктілігін көтеруі және кәсіби қайта даярлықтан өтуі
Оқу-әдістемелік қызметінің нәтижесі
Оқу-материалдық база
Жарияланымның пікірлері
1.2
Портфолионың түрлері:
1. Кәсіптік портфолио (дәрігер, агроном…)
2. Лауазымдық портфолио (лауазым иесі)
3. Шығармашылық портфолио(ақын, жазушы)
4. Тақырыптық портфолио (магистрант, ізденуші мұғалім, оқушы ізденісі-ғылыми еңбек)
5. Қызметтік портфолио
6. Студент және оқушы портфолиосы
7. Электрондық портфолио
Электронды портфолио дегеніміз – оқытушының немесе студенттің өзінің орындап жатқан жұмыстары жөнінде барлық мәліметтің магниттік дискіде файл түрінде берілуі.
Электронды портфолионың құрылымына:
- студенттің портфолионы жинақтауда өзінің заңдылықтарына сәйкестігі;
- портфолионың түсінігі мен оның пайдалану ауқымы қарастырылады;
- студенттердің ақпараттық және коммуникативтік технологияларды игеру жөніндегі дайындығының деңгейі қаралады;
- электронды портфолионың эволюциялық даму идеясының қолданылуы;
Электронды порфолионы жинақтауда қажетті құжаттар:
Құжаттар портфолиосы – жеке білімдік деңгейдің сертификатталған портфелі. Осы компонентке тиісті талап – құжаттың сенімділігі. Сертификаттар, мақтау қағаздары, дипломдар ережеге сай толтырылады, яғни жауапты адамның қолы және мекеменің мөрі жинақталады. Осы құжаттардың барлығын компьютерде теріліп, белгілі бір файлға жинақталып жазылады.
Жұмыстар портфолиосы – студенттің шығармашылық, ізденістік, жобалық
жұмыстарының жинақталуы, сонымен қатар білім алу мен шығармашылық кезеңдеріндегі бағыттары, ғылыми конференциялар мен конкурстардағы, жеке курстардан білім алғандығы жөніндегі мәліметтер қамтылады. Электронды портфолионың бұл түрі қағаздық портфолионың түрінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Қағаз жүзіндегі кез-келген құжатты жеңіл түрде электронды түрге ауыстыруға болады.
Егер портфолио жұмыстары мәтіннен тұратын болса, оны сканерлеу арқылы компьютерге енгізу оңай жүргізіледі. Егер жұмыста кескіндер мен суреттер болса сканерлеуге болады, немесе сандық камераға түсіріп алуға да болады.
Университеттің басқа да құжаттары (қолеңбек жұмыстары, жобалар, шығармашылық жұмыстар) өзіне тиісті көрсеткіштерімен жазылады. Оларды электронды түрге аудару өте оңай.
Шығармашылық жұмыстың көрсеткішінің электронды құжатын интернет сайтына енгізу жеңіл жүргізіледі. Шығармашылық жұмыстардың оқылуы, бағалануы, теңестірілуі оңай болуы үшін көрсеткіштің біркескінді құрылымы көрсетілуі тиіс. Бұл талап ақпараттық жүйені құру технологиясының негізі болып табылады.
Пікірлер портфолиосы – студенттің жеткен жетістіктері, оқудағы және оқудан тыс кезеңдердегі жеткен жетістіктері, резюме, сонымен қатар студентке оқытушының, ата-анасының және жұмыс берушінің пікірлері жинақталады.
Құжаттарды аудару техникасын қарастыра келе, пікірлер портфолиосының құрылымында ешқандай өзгешелікті кездестірмейміз. Тек қандай пікірлерге қол қойылуы тиіс немесе қол қойылмауы тиіс жағдайы қарастырылады. Егер портфолиода арнайы құжат қолы болса, онда осы құжаттың сенімділігі жоғарыда қарастырылған портфолио құжаттарының элементі болып табылады.
|