Курсы: 2 курс Факультет: Жалпы медицина



бет1/5
Дата21.04.2023
өлшемі38,45 Kb.
#85273
  1   2   3   4   5
Байланысты:
БОӨЖ №8


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»

БОӨЖ №8
Орындаған: Асылханова А.
Курсы: 2 курс
Факультет: Жалпы медицина
Тобы: 207 А
Қабылдады: Оразхан Т.

Алматы 2023


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY»
1. Қазақ философиясы бойынша түпнұсқаларды салыстырмалы сараптау және түсіндірме бере отырып оқудың негізінде «Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі тақырыптарының бірі» тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.
Ғарифолла Есімнің «Адам-зат» еңбегі
Адам өмірінің мәні мен мазмұны мәселесіне соңғы екі мыңжылдықта философияда, әдебиетте ерекше зейін қойыла бастады.Қазақ философтарының ішінде Ғарифолла Есім адам мәселесін, оның рухани әлемін дүниетанымдық тұрғыдан зерттеумен ерекшеленеді.
Философ Ғарифолла Есім «Адам-зат» деген еңбегінде ұлттық ойлау мәдениетіміздегі «адам болмысы» мәселесіне қатысты ұғымдарды жүйелі түрде талдап, қарастырады. Кітаптың кіріспе бөлімінде автор ең алдымен «Адам» және «Адам-зат» ұғымдарын жеке-жеке дербес мәндерде түсіндіреді. Автордың пікірінше, адам дегеніміз –ол идея, ол нақтылы шындық емес. Ал осы адам деген идеяның заттық қасиетке ие болған шындығын – «Адам-зат» деп тұжырымдайды. Адам-зат дегенде, оның таза заттық қасиеттерімен қоса (тәні, нәпсісі) оның рухани қасиеттерін (ақылы, рухы, көңілі, жаны) бірге қарастырады.
Бұл еңбекте адамды түсінуде алты негізгі өлшем қолданылған: тән жүйесі, жан жүйесі, нәпсі жүйесі, ақыл жүйесі, көңіл жүйесі және рух жүйесі.
Философ тәнді тіршілік иесіне қатысты нақтылы болмыс ретінде қарастырады, яғни тән дегеніміз – адамның дене құрылымы. Шәкәрімнің: «дене-жанның киімі, тұрағы» деген сөзі арқылы автор дене жансыз болмақ емес, тән жаннан айрылған соң өзінің субстанциялық халін жоғалтады деп тұжырымдайды. Автордың пайымдауынша, тән болмысында екі харекет бар: біріншісі: өзін-өзі сақтап қорғаушы, оның өлшемі - періштелік; екіншісі: өзін-өзі қиратушы, оның өлшемі – шайтандық.
Жан тәнге қосылып, адам ғұмыры басталғанда, оның бастапқы «таза күйіне» екі нәрсе қосылады, олар: «нәпсі» мен «ақыл» деген қорытындыға келеді. Ақыл арқылы жан даралығы сақталады. Ал нәпсі арқылы жанның даралануы мәңгілікке ие емес. Нәпсі бірте-бірте күнәні жою процесімен азайып немее мүлдем жойылуы мүмкін.
Автордың ойынша, нәпсі дегеніміз – тіршілік нышаны, яғни адам өлсе, нәпсі де тыйылады. Философ адам баласының іс-әрекетіне қатысты
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет