ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТЕРЕҢ КӨЗҚАРАС: ДЕНСАУЛЫҚҚА ТЕРІС ӘСЕРІ МЕН ҚАУІПТІЛІГІ Көпберген Н, Есенгелді Ә 2 курс, Стоматология, sary.zhigit@mail.ru
Ғылыми жоба жетекшісі: экономикалық ғылымдар магистрі, аға оқутышы Шакей Ж.Ш. Медицина негіздері кафедрасы «Астана медицина университеті» КеАҚ, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Өзектілігі: Күн сайын қаламыздың көшелерінде түтіндетіп тұрған адамдарды жиі байқаймыз.Электронды темекі (вейп) қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс пен жағымды (тәтті) дәм шығады. Сонымен қатар оның жарнамасы мен бағасының қолжетімділігі оны қолдануға деген қызығушылығын арттырады. Вейперлер электронды темекі құрамында ешқандай зиянды қоспалар жоқ деп ойлайды, ал бірақ оның зияны темекіден асып түспесе, кем емес.
Мақсаты:Электронды темекіні қаншалықты пайдаланатынын және оған деген көзқарысын білу.
Ақпарат және әдіс: Зерттеу жұмысы сауалнама арқылы әртүрлі санаттағы адамдар арасында жүргізілді. Сауалнамаға қатысқандардың жалпы саны 305 адамды құрады. Олардың ішінде 170-і (60.5%) ер адам, 111-і (39.5%) әйел адам. Сауалнама алынған адамдар ішінде 15-20 жас санатына 109 адам (38.7%), 21-25 жас санатына 85 адам (30.2%), 26-30 жас санатына – 37адам (13.2%), 31-35 жас санатына 30 адам (10.7%), 36-40 жас санатына 9 адам (7%), 41-45 жас санатына 9 адам (%), 46-50 жас санатына 2 адам (1.6%), 50-ден жоғары жас санатына 2 адам (0.7%) тиесілі.