Тапсырма 5.2.2 Тапсырманы орындаңыз 1. Суретте екі параллель пластиналар арасындағы біртекті электр өрісінің күш сызықтары көрсетілген. Пластиналардың зарядтарын анықтаңыз.
2. Қозғалмайтын q1 оң зарядқа электр өрісі тарапынан әсер етуші күштің бағытын анықтаңыз
3. Осы өрістің кернеулігін анықтаңыз, егер 10 нКл-ға тең q1 зарядына 5 мкН күш әсер етсе.
Шешімі:
4. Электр өрісінің әсерінен q1 заряды күш сызықтары бойымен 5 см қашықтықта қозғалған, q1 зарядтың бастапқы және соңғы орналасу нүктелеріндегі потенциалдар айырымын анықтаңыз. Электр өрісінің жұмысын анықтаңыз.
Шешімі:
5. q2 теріс заряд күш сызықтарына перпендикуляр v0 жылдамдықпен біртекті электр өрісіне ұшып кірсе, оның траекториясын шамамен анықтаңыз.
Шешімі:
6. q2 зарядына 16 мкН күш әсер етеді. q2 зарядын және артық электрондардың санын анықтаңыз.
Шешімі:
Тапсырма 5.2.3 Біреуінің модулі екіншісіне қарағанда 4 есе үлкен екі заряд бір-бірінен a қашықтықта орналасқан. Кеңістіктің қай нүктесінде өрістің кернеулігі нөлге тең, егер зарядтар: а) аттас; б) әр аттас