Электростатика


Тұрақты ток тізбегінің жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы және оның дифференциалдық түрі



бет16/59
Дата27.05.2022
өлшемі9,11 Mb.
#35786
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
Электр и магнетизм Лекция (2)

Тұрақты ток тізбегінің жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы және оның дифференциалдық түрі. Кернеуi U болатын өткізгіштің бөлiгi арқылы ток өкенде, өт­кiзгiш қызып, бойынан жылу бөлініп шығады. Осы жылудын бөлi­нiп шығуы зарядтарды тасымалдаушы электір күштерінің жұмысы­на байланысты: А = qU. Өткізгіштің қимасынан dt уақыт iшiнде q заряд ағып өтедi десек, онда . Сонда электр тогының жұмысы:
dA =IUdt. (12)
Ал тұрақты ток үшiн
A=IUt (13)

Осы теңдік кез келген өткiзгiштiң бөлiгi арқылы өтiп жатқан тұрақты ток үшiн орындалады. Сөйтiп ток жұмысы энергияның басқа түріне (мысалы, жылуға) айналатын ток көзiнiң энергиясын анықтайды. (12) өрнектен токтың қуаты:




N =dA/dt= (IUdt) /dt=IU. (14)


Егер де ток күшi А-мен, кернеу В-пен жане уақыт с-пен өлшен­се, онда ток жұмысы (13) теңдеуіне сәйкес Дж-мен, ал қуат (14) өpнeгiнe сәйкес Вт-пен өлшенедi. Сонда 1 Вт = 1А·В болады. Ал практикада басқа өлшемдер де қолданылады. Мысалы, ватт-сағат (BT·caғ), киловатт-сағат (кВт·сағ), 1 Вт·сағ=3600 Вт·с=3,6103 Дж, 1 кBт·caғ= Bт·сағ=3,6·10бДж
Егер ток қозғалмайтын металл өткiзгiш арқылы жүрсе, онда бiр­шама жылу белiнiп шығады, осы кезде ток жұмысы энергияның сақталу заңына байланысты жылуға айналады:
dA=dQ. (15)

Сөйтiп, бұл жылу мөлшерiн (13) жане (15) өрнектерінің мәнде­piн еске ала отырып былайша жазамыз:


(16)

Бұл формула өткiзгiштiң бойымен өтiп жатқан токтың жұмысы сан жағынан өткiзгiштен бөлiнiп шығатын жылу мөлшеріне тең болатынын көрсетедi.


Жылу мөлшерi де жұмысқа сәйкес Дж-мен өлшенеді. Сонымен (16) өрнек Джоуль - Ленц заңы деп аталады да, ал былай тұжы­рымдалады: өткiзгiштен бөлiнiп шығатын жылу мөлшері уақытқа, өткiзгiштiң кедергісіне және ток күшiнiң квадратына пропорционал болады.
Ендi Джоуль-Ленц заңының басқа түрін көрсетейiк.
Өткiзгiш ұзындығынаң бөлiгi арқылы (1-сурет) жүрген ток­тың қуаты N=IU болсын. Осы қуат сан жағынан бiрлiк уақыт iшiнде бiрлiк көлемнен (V=Sl) белiнiп шығатын жылуға тән.
Q=N/V=IU/Sl.

Ендi j =I/S жане Е= U/l екенін ескерсек:




Q=jE. (17)


Мұндағы ток тығыздығы болса, онда соңғы теңдеу:


(18)

Mінe, осы теңдік Джоуль - Ленц заңының дuфференцuалдық түрі болып есептеледi. Бұл өрнек тұрақты және айнымалы токтар үшiн орындала бередi.


Сөйтiп, Ом және Джоуль - Ленц зандарының дифференциал­дық түpi өткiзгiштiң әp түрлi нүктелерiндегi тығыздықтары әр тур­лi болған кездегi тiзбектi есептеу үшiн қолданылады екен.
Токтың жылулық әсерлерi 1873 жылы инженер А. Н. Лодыгин­нiң (1847-1923) қыздыру шамының ашылуынан бастап, техникада осы күнге дейiн кеңiнен қолданылып келедi. Ток әcepiнен еткiзгiш­тiң қызуы қазiргi уақытта муфельдi пештерде, электр доғасында, түйiспелi электрлiк пiсiруде, сол сияқты күнделiктi тұрмыста электр жылытқыш аспаптарда кең түрде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет