Электролиз. Фарадей заңдары. Ионның зарядын анықтау. Электролиттен ток өткен кезде тотығу – қалпына келтіру реакцияларымен байланысты электродтарда зат бөліну процесі электролиз деп аталады. Бұл құбылысты Фарадей зерттеген. Ол екі заң тұжырымдаған.
Фарадейдің I-заңы. Электролиттен t уақыт өткенде электродта бөлініп шыққан заттың массасы электр мөлшеріне пропорционал болады: , мұндағы k-заттың электрохимиялық эквиваленті. болғанда масса m өрнекті 0-ден t-ға дейін интегралдау арқылы табылады:
(5)
Егер k мен Iтұрақты шамалар болса, онда
Фарадейдің II екінші заңы. Заттың электрохимиялық эквивалентті оның химиялық эквивалентіне пропорционал болады: , мұндағы -химиялық эквивалент, M – заттың мольдік массасы, n – валенттілік, - Фарадей саны деп аталады.
Енді жоғарыдағы өрнектерден Фарадейдің біріккен заңын аламыз:
. (6)
Фарадей заңдары электронның зарядын анықтау үшін пайдаланылады. Бөлініп шыққан заттың массасын жеке ионның массасы m0 және электродқа шөккен иондар саны N арқылы өрнектейік: m=m0N.Ионның заряды q=ne, мұндағы е-электронның заряды. N ионды бейтараптау кезінде электролит арқылы мынадай электр мөлшері өтеді: q=neN. Осы өрнектен N- ді анықтап алып, оны массаға арналған өрнекке қойсақ, .
Бұл формула Фарадейдің бірінші заңын өрнектейді.Салыстырудан мынау шығады,
,
Бұдан
. (7)
Электролиздің техникада қолданылуы. Электролиз құбылысы:
1) Металдарды рафинациялау үшін, алюминий, натрий, магний, бериллий және т.б. металдарды балқытылған рудалардан алу үшін электрометаллургияда пайдаланылады;
2) Бедерлі модельдерден металдық көшірме бедер алуға арналған әдіс ретінде гальванопластикада пайдаланылады;
3) Коррозияға қарсы металл жалату және сондай-ақ сәндеу мақсатында металл бұйымдардың бетіне жұқа қабат жалату үшін гальваностегияда пайдаланылады;
4) Металл бұйымдардың бетіндегі кедір-бұдырды электрлік жалтырату арқылы тегістеу үшін пайдаланылады;
5) Ауыр су (D2O) алу үшін пайдаланылады;
6) Электролиттік конденсаторлар жасау үшін пайдаланылады.