Термоэлектрондық эмиссия және оның іс жүзінде қолданылуы. Термоэлектрондық эмиссия деп қатты немесе сұйық денелерден қызған кезде электрондардың бөлініп шығу құбылысын айтады. Бұл құбылысты бақылау үшін ішінен ауасы сорылып алынған (мм. сын.бағ.) шыныдан жасалған екі электродты шам (диод) қолданылады.
Қыздыру батареясының көмегімен кызған катодтан электрондар бөлініп шығады да, анод пен катод арасындағы электр өрісінде анодқа қарай қозғалады, оны термоэлектрондык ток деп атайды. Бұл токтың шамасы алғашқы кезде Богуславский — Ленгмюр формуласымен анықталады:
(16) В—электродтардың түрі мен өлшемдеріне және катодтың температурасына тәуелді тұрақты шама.
Диодтың вольт-амперлік сипаттамасы ток күшінің анодтық кернеуіне тәуелді болып келеді. Анодтық кернеу бір шамаға жеткеннен бастап ток шамасы өзгермейді. Бұл токты қанығу тогы деп атайды. Токтың қанығу себебі катодтан шыққан электрондардың түгелдей анодқа жетуінде. Қанығу тогы тығыздығының температураға тәуелділігі Ричардсон — Дешман формуласымен анықталады:
(17) В0 — металдың тегіне байланыссыз тұрақты, мұның теориялық мәні 1,2·106 А/м2 к2.
Анодты батареяның теріс полюсіне қоссак, анодтық ток пайда болмайды. Олай болса, диод токты бір бағытта ғана өткізеді екен. Диодтың бұл қасиеті оны түзеткіш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.