Электростатика


Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі



бет5/59
Дата27.05.2022
өлшемі9,11 Mb.
#35786
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Электр и магнетизм Лекция (2)

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Егер кеңістікте зарядты қоршаған ортаға басқа бір зарядты орналастырсақ, онда осы зарядқа Кулон күштерінің әсері байқалады. Демек, зарядты қоршаған кеңістікте күштер өрісі пайда болады дейміз. Сонымен, электр зарядтарының арасындағы өзара әсері электр өрісі арқылы жүзеге асады. Кез келген заряд өзінің айналасындағы кеңістіктің қасиетін өзгертеді, сөйтіп онда электр өрісін туғызады.
Қазіргі физика ұғымы бойынша зарядты қоршаған электр өрісі, белгілі бір обьективті шындық, ол біздің сана-сезімімізден тәуелсіз және сана-сезімімізге тек қана белгілі бір приборлар арқылы ғана әсер ете алады. Сондықтан электр өрісі заттар сияқты өмір сүре алатын материяның ерекше бір формасы болып есептеледі. Бұдан былай, біз қозғалмайтын электрлік эарядтар туғызатын өрістерді, яғни электростатикалық өрісті қарастырамыз.
Электр өрісін біліп, зерттеу үшін белгілі бір "сыншы" зарядты пайдалану керек. Берілген нүктедегі сыншы зарядқа әсер ететін өрістің күшін сипаттау үшін, сыншы заряд нүктелік болу қажет. Өрістің қасиеттерін оған нүктелік зарядтарды енгізіп және оларға әсер етуші күштерді бақылап тексеруге болады. Егер бір, зарядты тудыратын өріске q0 сыншы зарядын әкеліп орналастырсақ, онда осы зарядқа әсер етуші күш Ғ өрістің әр түрлі нүктелерінде түрліше болады, бірақ Кулон заңына сәйкес, сыншы зарядтың шамасына пропорционал. Сонымен, зарядқа әсер етуші Ғ күштің зарядтың q0 шамасына қатынасы, яғни Ғ/ q0 зарядтың шамасына байланысты болмай, тек өрістің сыншы заряд орналасқан нүктесін сипаттайды. Бұл қатынас электростатикалық өрістің кернеулігі деп аталады және электростатикалық өрістің күштік сипаттамасы болып табылады. Оны әрпімен белгілейді, сонда
(6)
Сонымен, электростатикалық өрістің қандай да бір нүктесіндегі кернеулігі деп сол нүктеге қойылған бірлік оң зарядқа әсер ететін күшке сан жағынан алғанда тең және бағыты сол күштің бағытымен дәл келетін физикалың шаманы айтады.
(7)
Халықаралық бірліктер жүйесінде 7 теңдеуге сәйкес электростатикалық өріс кернеулігінің өлшем бірлігі Н/Кл, яғни шамасы 1 Кл зарядқа. 1 H күшпен әсер етеді. Осыған сәйкес нүктелік сыншы зарядтың шамасы q 0=1 болғандықтан,
Енді (4) және (6) теңдеулерен нүктелік зарядтың электростатикалық өріс кернеулігінің сан мәнін есептеуге мүмкіндік беретін өрнекті табсақ., ол келесі түрде болады:
(8)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет