Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы.Электр тогының айналасында магнит өрісі пайда болады. Магнит өрісі энергияға ие. Магнит өрісін тудыру үшін ток жұмыс жасайды, магнит өрісінің энергиясы осы жұмысқа тең болады. І ток ағатын индуктивтігі L контурды қарастырайық.. Контур арқылы өтетін магнит ағыны Ф=LI . Ток dI-ге өзгергенде магнит ағыны былай өзгереді: dФ=LdI. Магнит ағыны dФ шамасына өзгерту үшін мынадай жұмыс жасалады: dA= IdФ=LIdI. Онда Ф магнит ағынын жасау үшін қажетті жұмыс
Бұдан магнит өрісінің энергиясы
(11)
Магнит өрісінің энергиясын өрістің өзін сипаттайтын шамалар арқылы өрнектейік. Шексіз ұзын соленоид жағдайында
,
Бұларды ескерсек теңдеу келесі түрге келеді:
(12)
Соленоидта магнит өрісі біртекті болады. Магнит өрісі энергиясының тығыздығы:
(13)
Бақылау сұрақтары
Электромагниттік индукция құбылысы дегеніміз не ?
Фарадей тәжрибелерінің нәтижесін жалпылай отырып қандай қорытынды жасады ?
Магнит өрісінде орналасқан тұйық контурда қандай жағдайда индукциялық ток пайда болады ?
Индукцияның Э.Қ.К-і қандай шамамен анықталады ?
Құйынды ток дегеніміз не ?
Скин-эффект дегеніміз не ?
Өзара индукция дегеніміз не ?
Магнит өрісінің энергиясы мен энергиясының тығыздығы қандай шамаларға тәуелді ?
№13 Лекция. ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ӨРІС
Құйынды электр өрісі.
Ығысу тогы. Максвелл болжамы
Максвелл теңдеулері, олардың физикалық мағынасы және құндылығы
Құйынды электр өрісі. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Масквелл электр және магнит өрістері туралы Фарадей идеяларының негізінде көптеген эксперименттерінің нәтижелерін қорыта келе кез келген зарядтар мен токтар жүйесі туғызатын электромагниттік өрістің бірыңғай теориясын ашты.
Бірақ бұл теория электр және магнит өрістеріне әсер етуші және ортаның ішінде өтіп жатқан механизм процестерін қарастырмайды. Сонымен қатар Максвелл кез келген айнымалы магнит өрісі өзін қоршаған кеңістікте контурда индукциялық токтың тууына себепші болатын эектр өрісін қоздырады деген болжам айтты.
Сөйтіп, уақытша байланысты өзгеретін магнит өрісі электр өрісін тудырады, ал оның циркуляциясы мынаған тең
, (1)
мұндағы - векторының бағытына проекциясы. Магнит ағынының өрнегін (1) формула қойсақ келесіні аламыз
(2)
Егер ток жүретін контур және магнит ағыны өтетін бет қозғалмайтын болса, онда дифференциялдаудың орындарын ауыстырып жазуға болады
. (3)
мұндағы тек уақыт функциясы болып табылады.
Электр өрісі кернеулік векторының циркуляциясы кез келген тұйық контур үшін нольге тең болады:
(4)
Сөйтіп, магнит өрісі қоздыратын электр өрісі, сол сияқты электр өрісінің әсерінен пайда болатын магнит өрісі бір-бірімен сыбайлас байланысқан құйын тәрізді болып келеді.