«Электротехника» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік кешен


бөлім. Пәннің тақырыптары бойынша оқыту әдістемесі



бет3/28
Дата15.06.2023
өлшемі0,78 Mb.
#101743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
«Ýëåêòðîòåõíèêà» ï?í³íåí Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí

2 бөлім. Пәннің тақырыптары бойынша оқыту әдістемесі.
1 сабақ. Кіріспе. Электротехниканың дамуы.


Құзыреттілік:
Ақпараттық: Электротехниканың адам қажеттілігін оқушыларға ұғындыру. Электротехника осы замандағы қоғамның барлық маңызды салаларында қолданылуы. Электротехниканың пайда болуы, тұрақты тоқ көзінің шығару кезеңі.
Коммуникативтік: Электротехниканың дамуы кезеңдері мен электротехниканы дамуына үлес қосқан ғалымдарын білу керек.
Мәселелерді шешу: Электротехниканың даму кезеңдерін білу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау.
Қолданылатын технология:Ақпараттық коммуникативтік технология. Ұжымдық технологияның элементтерін қолдану.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Мультимедиапроектор,слайдтар жинағы.
Қолданылған әдебиеттер: Ахметов А.К. «Электротехника» А.: Фолиант 2010 ж. Нәдіров Е.Е., Балабатыров С.Б., Ғали К.О. «Электротехника және электроника негіздері» Алматы 2012 ж.


Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе курстың бастапқы маңызды тақырыбы болып табылады, себебі оқушылар осы пәннің қажеттілігін, оның маңыздылығын және өмірмен байланысын білуі қажет. Тақырыпты оқыту барысында ғылымның мазмұнын және пәннін, оның даму кезеңдерін, энергияның басқа түрлеріне қарағанда электроэнергияның ерекше қасиеттерін сипаттау қажет.


Дәріс
Электротехника – электр жəне магнит құбылыстарын іс-жүзінде қолданатын ғылым, ал электроэнергетика – еліміздің экономикасының басты саласы. Ол ғылыми техниқалық прогресстің жəне барлық өндіріс салаларының қарқынды түрде дамуында белгілі рөл атқарады.
Электротехника осы замандағы қоғамның барлық маңызды салаларында қолданылады. Электр энергияның ерекшелігі: оның энергияны аз шығынмен алыс қашықтыққа беруі, оңай түрлелдірілуі, əр түрлі қуаты бар қабылдағыштарға жеңіл таралуы жəне оны пайдаланғандағы ерекше үнемділігі. Электр энергиясы казіргі қоғамнын барлық салаларында қолданылады.
Энергиялардың басқа түрлеріне қарағанда электроэнергияның төмендегідей ерекше қасиеттерін көрсетуге болады:
а) энергияның басқа (механиқалық, жарық, жылу, химиялық, т.б) түрлеріне жеңіл түрлендіріледі.
б) алыс қашықтыққа жоғары ПƏК-мен оңай түрде энергия беру жəне оны тұтынушыларға жеңіл таратуы;
в) басқа энергия түрлеріне қалтықсыз ауыстырылуы;
г) түрлі қуаттағы қондырғыларды бір қуат көзіне қосу мүмкінділігі;
д) кернеу не тоқ параметрлерінің оңай түрде өзгертілуі;
е) алыс қашықтыққа сигналдарды (телефон, телеграф, радиотехника) іс жүзінде тез жеткізу мүмкіндігі.
Электр энергияның осы қасиеттері тарихи өте қысқа уақытта, тек электроэнергияның негізгі сұрақтарын шешуге ғана емес, сонымен қатар «электр емес техниканың» жанғыртылуына, электр құралдары көмегімен бақылау жəне басқаруды жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Электротехниканың ғылыми базасы арқылы электротехника, радиотехника, түрлі электротехникалық жəне электромеханикалық қондырғылардың өндірісі, соның ішінде есептеу техникасы дамыды.
Электр туралы ғылымның дамуының маңызды баспалдағы электр табиғатының құбылысын М. В. Ломаносов, Г. В. Рихман, Б. Франклин, Ш. О. Кулон жəне басқалардың зерттеп тапқан жұмыстарының нəтижесі болды.
Электротехниканың дамып аяқ басуына, бірінші үздіксіз тоқ көзінің – вольт бағанасының (А. Вольт, 1800 ж.), одан кейін неғұрлым жетілдірілген гольваникалық элементтердің пайда болуының шешуші маңызы болды.
Электр жəне магнитті құбылыстардың өзара байланыстары өткен ғасырдың 20-шы жылдары орнатылды, А. М. Ампер мен Х.К. Эрстед, электр тоғы бар болса, магнит өрісінің пайда болатындығын дəлелдеген. Электр жəне магнит өрістерінің байланысын ақырғы дəлелдеп – растаған М. Фарадей, ол (1831-1832 ж.ж) электромагниті индукция құбылысын ашқан.
Олардың дамуына мүмкіндік тудырған - индукциялы тоқтар бағыттары заңы, ЭҚҚ қарсы зерттеулер жəне зəкір ықпалы, электр жəне магнит тізбектерін есептеу. Электромагнитті өріс теориясын математикалық формасында 1873 ж. Дж. К. Максвелл құрады. Оның электромагнитті толқындар туралы көріністі ашуы тəжірибеде Г.Р. Герц жұмыстарымен дəлелденді, 1895 ж. А. С. Павловқа сымсыз электр сигналын беруге жағдай туғызды.
Электротехниканың жаңа бөлігі – радиотехника пайда болады. Электр тоғының химиялық əсерін зерттеу гальвано- техниканың пайда болуына əкелді, ал электр энергияны жарыққа айналдыру – жарық техникасын туғызды.
Электр жарығының кеңінен таралуы электроэнергетика жүйесінің құралуымен байланысты. П. Н. Яблочковтың бірінші жарықтандыру құрылғыларында энергия жүйесінің барлық негізгі элементтері болды:алғашқы қолзғалтқыш, генератор, электр тоғын беретін желі, трансформатор, энергия қабылдағыш.
Термоэлектронды эмиссия жəне жартылай өткізгіштің электр қасиеттерінің ашылуы электрониканың негізін құрады. Электр сигналдарын сымдармен беру, телефон мен телеграф байланыстарының негізі болды. XIX ғасырдың 70-80 жж. электр энергиясын технологиялық үдерістерде қолдану басталды: алюминий, жоғарғы сапалы болат, мыс, мырыш табуда, металдарды кесу мен дəнекерлеу, термиялық өндеу арқылы бөлшектерді қатайту жəне т.б. Дуғалы электр пісіру əдісін Н. Н. Бенардес (1885 ж.) жəне Н. Г. Славянов (1892 ж.) усынды.
Үш фазалы тоқтар жүйесінің пайда болуы (М. О. Доливо- Добровольский, 1891 ж.) электротехниканың дамуының жалғасы болды, ал үш фазалы асинхронды қозғалтқыш өнербасы электр жетегінің пайда болуына əсер етті. Үш фазалы жүйенің тəжірибеде қолдануы, электротехниканың қазіргі кездегі дамуының негізі болады.
Ол өндірістің электрлендіру деңгейінің өсуімен сипатталады: агроөндіріс кешенінің, көлік жəне өндірістік емес тұрмыстық орталар (денсаулық сақтау, сауда, т.б). Электротехникалық құрылғыларды жетілдіруге ғылыми пəндердің қалыптасуы əсер етті, олар: жоғарғы кернеу техникасы, электр тізбек теориясы, электр машиналар теориясы, электржетегі, электротехника жетістіктері, радиотехника, электроника, телемеханика, кибернетика, т.б. дамуына маңызды ықпал етті.
“Электротехника негіздері” оқулығы белгілі (т.1-2, 6 изд.1946 г.). Алға қарай бұл теориялық пəндер, жаңа физикалық ойларға, электромагнитті құбылыстарды зерттеудің жаңа əдістеріне сəйкес дамыды, жаңа “Электротехника теориялық негіздері” пəні пайда болды (ЭТН).
Электротехника пəнінің мақсаты – электромагнитті құбылысты сапалы мен санды түрінде жəне түрлі электротехникалық құрылғылардағы үдерістерді оқып білу жəне есептер шешімінің жолын белгілеу, арнайы электротехникалық пəндерде пайда болуы.
Сондықтан ЭТН-ды, электротехникалық жəне радиотехникалық мамандар дайындаудың іргетасы деп атайды.

Бекіту сұрақтары:


1.Электротехника ғылымын нені зерттейді.
2.Энергиялардың басқа түрлеріне қарағанда электроэнергияның төмендегідей ерекше қасиеттерін атаңыздар.
3. Электр туралы ғылымның дамуының маңызды баспалдағы электр табиғатының құбылысын зерттеп тапқан жұмыстарының қай ғалымдардың еңбегінің нәтижесі деп ойлайсыз?
4. Электротехника пəнінің мақсаты қандай ?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет