4 сабақ. Электр сыйымдылық. Конденсаторлар
Құзыреттілік:
Ақпараттық: Электр сыйымдылығы жөнінде ұғым. Электр өрісінің кернеулігі жөнінде ұғым қалыптастыру.
Коммуникативтік: Өріс потенциалы мен электр өрісінің кернеулігін білу керек .
Мәселелерді шешу: Электр өрісінің кернеулігі тәжірбие жүзінде таныстыру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Қолданылатын технология:Ақпараттық коммуникативтік технология. Ұжымдық технологияның элементтерін қолдану.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Мультимедиапроектор,слайдтар жинағы, электрлік аспаптар.
Қолданылған әдебиеттер: Ахметов А.К. «Электротехника» А.: Фолиант 2010 ж. Нәдіров Е.Е., Балабатыров С.Б., Ғали К.О. «Электротехника және электроника негіздері» Алматы 2012 ж.
Әдістемелік нұсқау.
Осы тақырыпты өткенде оқушылар электр өрісі туралы ұғымын түсініп, оның біздің санамыздан тыс өмір сүретінін де көрсете біліп, оны сипаттайтын негізгі шамалар потенциал, өріс кернеулігі, күш сызықтарының орналасуы арқылы анықтап түсіндіре білу қажет және заряд жинайтын қондырғы-конденсатор, оның түрлері мен қосылу әдістері қаралыстырады.
Дәріс
Өткізгіштің электр сыйымдылығы немесе диэлектрикпен бөлінген екі өткізгіштен құралған қондырғының электр сыйымдылығы олардың электр зарядтарын жинақтай алатын қасиеттерін сипаттайды.
Техникада салыстырмалы мөлшердері аз ғана бола тұрып, едәуір электр зарядтарын жинақтай алаиын құралдар – конденсаторлар қолданылады. Конденсаторлардың электр сыйымдылығы үлкен болады. Олар энергетикалық құралдарда электроника, автоматика қондырғыларында және т.б. қолданылады.
Жазық конденсатордың ең қарапайым түрі мысалы, ауа, слюда, парафинделген қағаз және т.б. диэлектрикпен бөлінген екі металл пластинадан – астардан тұрады.
Диэлектриктің түріне қарай конденсаторлар қағаз, слюда, ауа және т.с. конденсаторлары деп бөлінеді.
Конденсатор сыйымдылығы оның астарларына байланысты болады. Конденсатор пластиналарының ара қашықтығы және олардағы кернеу бірдей болған жағдайда, қай конденсатордың пластинасының ауданы үлкен болса, сол конденсатор көп электр мөлшерімен зарядталады да, соған байланысты оның электр сыйымдылығы диэлектригі нақ сондай, бірақ пластиналарының мөлшері аз конденсатордан үлкен болады.
Конденсатордың сыйымдылығы оның пластиналарының ара қашықтығына ( диэлектриктің қалыңдығына ) байланысты болады. Пластиналары бір – бірінен аса қашықтықта тұрған конденсатордың сыйымдылығы. Пластиналары жақын орналасқан сондай конденсатордың сыйымдылығынан кем болады. Мұның өзі аралығы аса жақын пластиналарда әр атты зарядтардың өзара көп электр мөлшерін жинақтайтындығымен түсіндіріледі.
Конденсатордың сыйымдылығы диэлектрик материалының қасиеттеріне – оның диэлектрлік өтімділігіне байланысты. Мысалы, пластиналарының мөлшері мен ара қашықтықтары бірдей диэлектригі слюда болып келген конденсатордың сыйымдылығы, диэлектригі ауа конденсаторға қарағанда жуық шамамен алты еседей үлкен болады. Осындай жағдайдағы қағаз конденсатордың сыйымдылығы, ауа конденсаторының сыйымдылығынан 2,2 есе үлкен болса да, слюдалы конденсатордікінен кем болады.
Екі пластинадан тұратын жазық конденсатордың сыйымдылығын есептеу үшін мына формула қолданылады
С 0,09 ,
мұндағы С – конденсатор сыйымдылығы, nф;
S – бір пластинаның беті, ;
d – пластиналардың ара қашықтығы, см;
ε – диэлектрлік өтімділік (1 – таблицаны қара);
0,09 – сыйымдылықты пткофарадаларға аударатын тұрақты коэффициент.
Мысал. Конденсатор екі пластинадан тұрады. Әр пластинаның ауданы 15 . Пластиналардың арасында қалыңдығы 0,02 см парафинделген қағаз диэлектрик орнатылған. Осы конденсатордың сыйымдылығын есептеп шығарыңдар.
Ш е ш у і. 1 – таблицадан парафинделген қағаздың диэлектрлік тұрақтысы ε 2,2 екені байқалады.
Конденсатордың сыйымдылығы
С .
Бекіту сұрақтары:
1.Конденсатор дегеніміз не?
2. Екі пластинадан тұратын жазық конденсатордың сыйымдылығын есептеу формуласы?
3.Конденсаторларды қайда қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |