«Электротехникалық тұрмыстық заттар»



бет2/3
Дата05.10.2024
өлшемі319,33 Kb.
#146889
1   2   3
Байланысты:
«Электротехникалық заттарocx

Ашық сұрақтар:
«Бала үні» әдісі
-Ал, балалар, электро техникалық заттар қалай жұмыс жасайды екен?
-Олардың қандай түрлері бар екен?
-Оларды біз не үшін қажет етеді екенбіз?
-Ертеректе электр көзі болмағанда адамдар қалай өмір сүрген екен?
-Электротехникалық заттарды пайдалануда қандай ережелерді сақтау қажет?
Қос тілділік:
Шаңсорғыш – пылесос,
кір жуғыш машина – стиральная машина,
леген – лоток.
Топтастыру:
-Ал, енді балалар бүгін біз оқу қызметімізде, топта танысқан электротехникалық тұрмыстық заттардың түрлері бойынша әр түрлі ойын арқылы тапсырмалар орындаймыз. Ол үшін, бірінші, барлықтарың мені мұқият тыңдап алыңдар.
1-топ «Шаңсорғыш» тобындағы балалар әр қайсысың жеке жұмыс жасайсыңдар.
Тақырыбы: «Сиқырлы шеңбер»
Мақсаты: Есте сақтау қабілеттері артады. Сыни ойлауға үйренеді.
Шарты: Люллия шеңбері арқылы электротехникалық заттарды ажыратып, не үшін қажет екендігін атайды.

2-топ «Блендер» тобындағы балалар командамен бірігіп жұмыс жасаймыз.


Тақырыбы: «Сүтті шырын»
Мақсаты: Сыни ойлау дағдысы қалыптасады. Электротехникалық затты қолданудың ережелерін іс жүзінде көрсетеді.
Шарты: Балалар өздерінің қолдарымен блендер арқылы сүтті шырын жасайды. Жемістердің қабығыннан ажыратып, шырынның жасалу жолын үйренеді.
3-топ «Кір жуғыш машина» тобындағы балалар бастыру әдісі арқылы майшамның көмегімен теледидардың бейнесін салады.
Тақырыбы: «Қызықты теледидар»
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа баулып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Шарты: Майшам арқылы бастырып, теледидардың бейнесін бояу.


-Жарайсыңдар, балалар, тапсырмаларды орындап болсақ, бәріміз бірге сергіп алайық.


Сергіту сәті:
Кірді салып суға,
Дайындаламын жууға.
Ысқылаймын-ысқылаймын
Өзім сондай пысықаймын.
Қысамын тым қатты,
Суы оның көп ақты.
Қағып-қағып киімді,
Ілеміз толтыра біз жіпті.

- Енді бүгін кім қандай топта жұмыс жасады? Қандай заттармен таныстыңдар? Кім әңгімелеп береді?


-Жарайсыңдар, балалар, барлығыңнан керемет сұрақ-жауаптар алдым.

Енді біз барлығымыз сиқырлы тақтаға қарап, ойын ойнауға кірісейік.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет