Әлем дамуының жаңа ұстанымдары нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе, бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие



бет2/13
Дата25.04.2023
өлшемі73,75 Kb.
#86669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
курсовая 1 (Автосохраненный)

Зерттеудің міндеттері: тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүниетанымының дамуына, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына ықпал ету.
Зерттеудің әдістері: бақылау, тәжірибеден үйрену, басылымдар, мектеп құжаттарын талдау, педагогикалық шеберлікті үйрену, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, сауалнама, сандық және сапалық әдістер.

1.1. Тәрбие жүйесі ұғымы
Қазіргі жаһандық өзгерістер заманында әр түрлі өзгерістер мен жағдайларға әр уақытта дайын болу қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты жас ұрпақтың бойында заманға сай қасиеттері мен құндылықтары болуы қажет. Осы мәселе тәрбие процесіне түгелдей байланысты болып табылады. Себебі, жас ұрпаққа заманауи тәрбие беру тікелей тәрбие процесінің ұйымдастырылуы мен мазмұнына байланысты болады. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеу жұмысында дұрыс мақсат – міндеттерін анықтау мен әдіс-тәсілдерін таңдаудың маңызы зор. Бұнын бәрі де барып тәрбие процесінің құрылымына өзгерістер енгізеді. Себебі тәрбие процесі толығымен құрылымына байланысты болып келеді. Сондықтан тәрбие жұмысының ең алдымен компоненттерін дұрыс бөліп, әрбіреуінде тиімді жолдарды қолдану қажеттігі бірінші кезекте тұр.
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық тәрбие – тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады.
Ізгілік тәрбиесі – жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлқының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.
Тәрбие үрдісі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие жүйесі талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: тәрбие жүйесінің мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т.б.
Тəрбие процесінің негізгі ерекшеліктері:
Біріншіден, тəрбие көп факторлы процесс, ол тек мектепте ғана емес жанұяда, мектептен тыс мекемелерде, қоғамдық орындарда іске асырылады. Оқушылардың санасының, тəртібінің қалыптасуына əдебиет, өнер, телехабарлар, компьютерлік технология, бейнефильмдер əсер етеді. Қазіргі кезде балаларға əсер етуші хабарлар өте көп, оның кейде жағымсыз əсерлері де болатындығын ескеруіміз керек.
Екіншіден, тəрбие процесі – ұзақ процесс. Ол бала өмірге келгеннен басталып, өмір бойы жүреді. Адам есейген шағында да тəрбиеленіп тіпті қайта тəрбиеленуі де мүмкін. Адам еңбек, моральдық тəжірибені, эстетикалық құндылықтарды меңгеріп білімін кеңейтеді. Əсіресе, баланың мектептегі шағында оның дамуы тез жүреді. Тəрбие ұзақ процесс болғандықтан оның нəтижесін бірден көруге болмайды. Мысалы: оқушы қысқа уақыт ішінде тарихи оқиғаларды оқып алуы мүмкін, бірақ тез жақсы жолдас немесе ұжымшыл адам етіп тəрбиелеуге болмайды.
Үшіншіден, тəрбие процесі сатылы сипатта болады. Ол ерекше кезеңдерге бөлінеді. 1-кезеңде бала жанұядағы, мектептегі алғашқы ережелерді меңгереді. Оларда қарапайым тəртіп дағдылары қалыптасады. 2-кезеңде оқушылардың тəртіп туралы алғашқы түсініктерінің негізінде, əртүрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қоғамдағы тəртіп ережелерін сақтау қалыптасады. 3-кезеңде тұрақты мінез-құлық дағдыларына ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет