Әлем флорасы мен фаунасы пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет9/15
Дата06.06.2023
өлшемі83,87 Kb.
#99250
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Флора фауна

Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты камтиды, шамамен 54°-50° с.е. аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Дала климаты континентті, жазы ыстык әрі құрғак, жиі-жиі аңызак желі соғып тұрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа болады. 
Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркек шөп, кермек, қаңбақ басым өседі. Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен алынады. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерлерде бұлар тұтас үлескілерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайшөп, итмурын, дәрілік валерианкездеседі. Жаз бойы даланың түрі үнемі өзгеріп отырады. Дала көктемде ғана қысқа мерзімде алуан түрге бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді.
Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге бейімделген көптеген түрлі жануарлар кездеседі. Қоршаған ортасының түсіне ұқсас келетін, жылдам жүгіретін әрі тез ұшатын, жылдың колайсыз мезгілдерінде де ұзақ ұйқыға кететін жануарлардың да түрлері бар. Дала сүткоректілеріне саршұнақ,қосаяқ, дала тышқандары, дала алақоржыныжатады. Бұлар егінге көп зиян келтіреді. Мұнда саршұнақ тұқымдасынан ірі суырлар (салмағы 10 кг-ға дейін) болады. Суырлар мен саршұнақтар ін қазып, топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастайды. Қосаяқтар, саршұнақтар, дала тышқандары тіршілік ететін жерлерде жыртқыштардан күзен, аққіс, түлкі кездеседі. Олар терісі бағалы кәсіптік жануарлар қатарына жатады. Даланың оңтүстік аудандарында түлкі тұқымдасынан қарсақ кездеседі. Ол інінен тек түнде ғана шығып, жортады. Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр көп болады. Далада ақбөкендер кездеседі. 
31. Шөл және жартылай шөлдер. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет